Коронавирус індеті

 Коронавирус індеті

Темерханова Дина
1 курс Джим тобы

Бүгінде әлем жұртшылығын дүрліктірген коронавирус көптеген елдерге тарап үлгерді. Вирусты жұқтырған адам саны күннен күнге артуда. Қазірдің өзінде Қазақстанда 500-ден астам адам ауырып жатыр. Біздің қолдан келетін көмек үйден ешқайда шықпай, ұстаздар берген тапсырманы уақытылы орындап, тапсырып отыру. Үйден шығпауымыз, әрине, бірінші орында өзіміздің қауіпсіздігіміз үшін, екіншіден үйде отырғанымыз өзіміз ауырып қалғанда басқа адамға жұқтырмас үшін және басқа адамнан жұқтырып алмас үшін. Менің ізденіуім бойынша бір адамның өзі жиырма адамға дейін жұқтыру мүмкіндігі басымырақ екен. Ал ауырған адам үйден шықпаған жағдайда бір жарым адамға жұқтырады екен. Сондықтан меніңше, барлығымыз барынша үйде отырғанымыз абзалырақ деп санаймын .
Менің ойымша, жер жаһанды коронавирус жайлап жатқанда одан қорғанудың жолдарын білу маңызды. Мұны бірі ескерсе, енді бірі елей бермейді. Адамның дене қызуы көтеріліп, жөтел қысса бірден ауруханаға баруға асықпау қажет деп ойлаймын. Өйткені коронавирус жұқтырған болса, өзгелерге қауіп төнуі мүмкін. Сол үшін үйден шықпай, жедел жәрдем шақыртқанын дұрыс деп білемін.Сондай-ақ ауруға қарсы тұру үшін уақтылы тамақтанып, ұйықтап, спортпен шұғылдану да маңызды. Бұл имунитетті көтереді. Ал медициналық бетпердені негізінен ауырған адам тағуы керек дейді. Бірақ, сау адамға да ол артық етпейді.Ол бетпердені көбінесе көпшілік ортада ғана таққаны дұрыс деген ойдамын.
Менің ізденісім бойынша, короновирус індеті сыртқы ортаға төзімді емес екенін білдім.Дезинфекциялық және құрамында спирті бар заттарға төзімді емес екен және бұл індет 57 градус С және одан жоғары температурада өлетін тәрізді. Сондықтан барлығымыз үйімізді күніне бір рет болсын барынша хлорлы сумен сүртіп тұрғаынымыз абзал.
Қорынтындылай айтсам бұл індетпен барлығымыз бірге күресуіміз қажет. Барынша үйден шықпай, аурудың алдын алып отырайық. Және бәріміз жоқтан барды жаратқан Алладан көп дұға тілейік (ол аса кешірімді, ерекше мейрімді Раббымыз)!

Материалдың толық нұсқасын жүктеуге 45 секунд қалды!!!
Іздеп көріңіз:
0 0

Добавить комментарий