👈 қаріп өлшемі 👉

Отан туралы эссе


№101 мектеп-лицейдің 2 «А» сынып оқушысы
Болат Айсәуле Досханқызы
Сынып жетекшісі Кушанова Индира Кенесовна

 Отан деген әрбір адамның туған жері, отбасы, бауырлары. Отан ұғымы өте кең. Дүниеге келген әрбір адамның өз отаны болады. Өсе келе отанның қадір қасиетін түсінесің. Себебі халқымыз «Отансыз адам болмайды, ормансыз бұлбұл болмайды» деп бекерге айтпаса керек. Отанның көркейуіне әр адам тиісінше үлес қосады. Мысалы оқушылар сабақтарын жақсы оқып, ата-анасының айтқанын орындап, үлгілі тәртіппен жүрсе, осының өзі қосқан үлесіміз. Ал үлкендер болса, елі үшін қызмет етіп, елеміздің жарқын болашағы үшін аянбай еңбек етеді. Отанымыздың гүлдене көркеюіне, қарқынды дамуына менде өз үлесімді аянбай қосамын. 



  Отан

Отан... Осы сөз тіркесі әр адам үшін жылы, ерекше және жүрекке жағын. Отан әр адамның ішінде түрлі ой тудырады. Ал мен үшін Отан деген не?
Мен үшін Отан – ол туған жерім. Менің туған жерім – Астана. Астана қаласында мен өсіп, тәрбие алдым. Осы қала өз сұлулығымен және керемет ғимараттармен ерекшеленеді. Астана – ол Қазақстан жүрегі. Ал мен үшін Астана ол менің бірінші балақшам, бірінші мектебім және достарым.
Мен үшін Отан – ол менің ата-бабаларымның туған жері. Менің Атамекенім – Қарағанды облысының Қарқаралы ауылы. Біз осы қасиетті жерге жиі барамыз. Мен үшін ол өте маңызды.
Мен үшін Отан – ол Қазақстан елі. Мен өз мемлекетімді мақтан тұтаным, себебі біздің елімізде бейбітшілік орнатылынған. Мысалы, біздің көршіміз орыс, татар, қырғыз немесе тағы да басқа ұлт өкілдері болса да, біз олармен тек қана жақсы қарама-қатынасты орнатуға тырысамыз.
Мен үшін туған жер тек қана жақсы ой туғыздырады. Мен өз туған жерімді мақтан тұтамын!  


Материалдың толық нұсқасын қалай жүктеймін?

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Қазақстанда тоғыз банк таратылады 23.10.2021, 0
» Ұстаздардың жұмысын жеңілдететін жаңа платформа іске қосылды 20.10.2021, 0
» Баспана бағасы тағы қымбаттай ма - сарапшылар болжамы 12.10.2021, 0

Пікір жазу



Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз.
Жақсы