Отан – ұрпақтың күліп атар ертеңі
Зікірина Махаббат, 8 класс,
Қайранкөл орта мектебі
Қайранкөл орта мектебі
Қазақстанның болашағы – қоғамның
идеялық, саяси бірлігінде.
Елімізді сақтасақ, қорғай білсек,
кез келген сынақтар мен
кедергілерден сүрінбей өтеміз.
Н. Ә. Назарбаев.
Құрметті менің шетелдік досым! Мен бұл хатымда саған менің елімнің Қарулы
Күштері жайлы айтпақпын. Менің елім қанаты қатайып, кемелденіп келе жатқан
«Қазақстан» атты жас мемлекет. Өз алдына отау тігіп, көк туымыз асқақ желбіреп,
Тәуелсіздігіміз салтанат құрғанына, міне, биыл 20 жыл!
Қымбатты дос! Сұңқар ұшса қанаты талатын, тұлпар шапса тұяғы талатындай
ұлан-байтақ елім үшін биылғы жыл ерекше. Көрешегін көріп, келешегінен үмітін үзбей
келген қазақ елінің Тәуелсіздігіне 20 жыл толуымен орай, Қазақстан Қарулы Күштерінің
құрылғанына 20 жыл толып отыр. 1992 жылы Президент Жарлығымен құрылған еліміздің
әскері республикамыздың нық сенімі болып табылады. Жас республикамыздың Отан
қорғау мәселелері жөніндегі алғашқы заңдары өз уақытында және тиісті деңгейде
дайындалған.
Қымбатты дос! Біле берсең, Қазақстан Қарулы Күштерінің қатарында әскери
қызмет атқару әрбір қазақ азаматының аса маңызды, әрі құрметті міндетінің бірі болып
табылады. Қарулы Күштер қатарында қызмет ету – Отанымызды қорғаудағы қасиетті
борышыңды өтеу деген сөз.
Отанды қорғау біздің елімізге шабуыл жасаған сыртқы жаулармен қарулы күрес
деп қана түсінбеу керек.
«Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты,
Қырандай күшті қанатты,
Мен жастарға сенемін!» - деп Мағжан ақын айтпақшы, Отанымыздың күш-қуатын нығайта отырып,
оны бейбіт уақытта да қорғау, мына біздің, жастардың парызымыз деп санаймын.
Менің елімнің Отан қорғаушылары – бейбітшілікті қорғаудың мүдделері талап
еткен, агрессия құрбандықтарына көмектесу керек болған әрбір сәтте қандай да болсын
қиыншылықтарды жеңуге әзір тұратын, қалтқысыз, әрі ержүрек.
Қазақстан Республикасының Конституциясының 36-бабында: «Қазақстан
Республикасын қорғау – оның әрбір азаматының қасиетті парызы және міндеті», -
делінген. Отансүйгіш азамат ретінде елімді қорғау – болашақтағы менің де мақсатым. Мен
де теңізге тамған тамшыдай болса да, Отанымды қорғауға бар күшімді саламын.
«Сенен артық қасиет жоқ-ты, жер, тегі
Сен – ұрпақтың күліп атар ертеңі
Тағдырыңды тапсыр маған, туған жер,
Көркейтуге міндеттімін мен сені», - деп Әбу Сәрсенбаев
жырлағандай, Отанымның әрбір азаматы оның тағдырына алаңдап тұрады. Әрбір
отансүйгіш жауынгерге қазіргі әскер үлкен талап қояды. Отан қорғаушы азамат әскери
техникаларды, оның ішінде өте күрделі әскери машиналарды, ракета комплекстері мен
радио электрондық жүйелерді шебер меңгере білуі керек. Бірақ, бұл Отанын сүйетін
ержүрек азамат үшін аса қиындық туғызбайды деп ойлаймын. Өйткені Отанды көзінің
қарашығандай қорғау – отансүйгіш азамат үшін үлкен абырой.
Қымбатты дос! Қазіргі заманда әлемдегі басты мәселе – терроризм. Терроризм сәби
деп те, қарт деп те қарамайды. Ал осындай лаңкестік істерге баратындар «өз отанын
сүймей ме?» деген кеудемде сұрақ туындайды. Меніңше, осы терроризммен тек от
шарпыған жекелеген мемлекеттер ғана емес, барша жаһан болып, бір-бірімізге иық тіреп
бірлесе күресу керек.

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
kz | Шығармалар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?