» » » Шығарма: Соғыс – күйретуші күш

Шығарма: Соғыс – күйретуші күш

Шығарма: Соғыс – күйретуші күш казакша Шығарма: Соғыс – күйретуші күш на казахском языке
Жаныбек Айтуар
5 сынып оқушысы №20 негізгі орта мектеп Қарағанды қаласы
Жетекшісі:Ахметова Жанар Абаевна

Қан майданның жүректе жарасы бар, Қайғысы мен зілі бар, наласы бар. Арамызда жүретін алшаң басып, Ардагерлер азайып барасыңдар. Қастерлейді халқымыз қаһарманын, Жүр есінде сан жарық, сапарларың. Қайран ерлер, қаһарман ардагерлер, Қалды-ау сиреп бұл күнде қатарларың.
1941-1945 жылдар қазақ елі үшін өте ауыр кезең болды. Осы жылдар арасында елді дүрліктірген Ұлы Отан соғысы болды. Соғыс – күйретуші күш. Бірақ осы соғыс арқылы біз өз Отанымызды қорғап қалдық Осы соғыста қазақтың ұлы батырлары, яғни біздің ата-бабамыз біз үшін, келешек ұрпақ үшін жанын қиды. Көбі қаза тауып, әрбіреуі мүгедек атанды. Қаншама ана жесір, балалар жетім қалды.Түгелі болмаса да көбі осы ерлігі үшін ерекше сый-құрметке ие болды. Ұлы Отан соғысын еске түсірген кезде бірден ойымызға Рақымжан Қошқарбаев келеді. Рақымжан Қошқарбаев- Берлинге Рейхстаг қабырғасына алғашқылардың бірі болып жеңіс туын тіккен қаһарман, қазақ жауынгері. Қошқарбаев сияқты қаһармандарымыздың арқасында біз қазіргі күнге жеттік. Батырларымыздың арасында тек қана ерлер емес, елі, жері үшін жанын беруге дайын қазақ қыздары да болған. Барлық батырларды айтып шығу мүмкін емес. Себебі, әрбір қазақ өз елі үшін бәріне де даяр. Бірақ Қазақстандықтан майданда ғана шайқасып қойған жоқ. Тылдағы халық жеңісті жақындату үшін қолдан келгеннің бәрін жасады. Олар күн демей, түн демей аямай еңбек етті. Қазақстан майданға керектінің бәрін берді: нан, ет, киім-кешек, қару-жарақ. Ұлы Отан соғысына жіберілген үш оқтын екеуі Қазақстанда жасалған. Бұл, қазақтар жеңіс үшін бәрін істегенін дәлелдейтін бірден-бір айғақ. Тылдағы ерлік жасаған адамдарды марапаттамаса да,біз олардың есімдерін білмесек те оларды жүрегімізде сақтаймыз.
Ұлы Отан соғысының аяқталғанына, мінеки, 71 жыл толды! Яғни, біз 71 жыл бойы бейбіт өмір сүріп жатырмыз. Бұл бейбіт өмір осы батырларымыздың арқасында.Ерлігін жыр қылып айтатын әрбір қазақ батырымызды ешбіріміз ешқашан ұмытпаймыз.Осы батырларымызға, қаһармандарымызға арнап қазақтың ақындары өлеңдер, жыраулары жыр жазған. Қазігі кезде қазақ елдімекендерінде көптеген көшелер, ғимараттар, оқу орындары Ұлы Отан соғысына қатысып, ерлік көрсеткен қазақтардың есімдерімен аталған. Ол дегеніміз біз, яғни, кішкентай қазақстандықтар өз ата-апаларының ерліктерін ұмытпасын, біліп жүрсін,ұмытпасын, мақтан етсін деген мақсат. Қазіргі кезде сол батырларымыздың қатары сиреп, азайып қалды. Олар - біздің мақтанышымыз!Біз оларды ешқашан ұмытпай, ұрпақтан ұрпаққа жеткіземіз. Бұл біздің басты парызымыз!


Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 10 секунд !!!

Автор: nurgul95 | 69 |


Комментарии для сайта Cackle

Загрузка...

KZ / Шығармалар жинағы, шығарма Соғыс – күйретуші күш туралы эссе шыгарма жеңіс женис 9 мамыр 9 май сочинение на казахском, эссе сочинение про Согыс – куйретуши куш на казахском языке скачать день победы 9 мая, эссе шығармалар жинағы жеңіс женис 9 мамыр 9 май жоспарымен, Соғыс – күйретуші күш, шығарма Соғыс – күйретуші күш туралы эссе шыгарма жеңіс женис 9 мамыр 9 май сочинение на казахском эссе сочинение про Согыс – куйретуши куш на казахском языке скачать день победы 9 мая эссе шығармалар жинағы жеңіс женис 9 мамыр 9 май жоспарымен С, Шығарма: Соғыс – күйретуші күш шыгарма казакша шығармалар қазақша тегін сочинение на казахском языке сочинение на казахском языке скачать бесплатно сочинение на казахском языке скачать бесплатноҚазақша Шығармалар жинағы