Ұлы Жеңіс

 Ұлы Жеңіс

Жумагулов Жасұлан
6сынып,Ақсай негізгі мектебі,
Қобда ауданы,Ақтөбе облысы
Жетекшісі :Бикеева Дина Тыныштыковна

«Ұлы Отан соғысы біздің халкымыздың, аға буын өкілдерінің, біздің әкелеріміз бен аналарымыздың биік рухын, ерлігі мен каһармандығын күллі әлемге таныткан касиетті соғыс болса, Ұлы Женіс аға ұрпақтың сол ұлы ерлігін мәңгілік ел жадында сақтауға арналған ең қастерлі мереке. Егер Сіздердің сол сұрапыл соғыстағы жеңістеріңіз болмаса, бүгін жаркын болашаққа батыл қадам жасаған тәуелсіз Қазакстан да болмас еді»
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев
Жатқанда отан жері отқа жанып,
Тұрғанда туысқандар жауда қалып,
Жеңбесек , жойқын қайрат шығармасақ,
Жігіттің неге жүрміз атын алып?
Жұбан Молдағалиев
Соғысты біз көргеніміз жоқ. Оның қандай ауыр азабы барлығын тек оқулықтар мен кинофильмдерден, ән шумақтарынан және ата-әжелердің әңгімелерінен ғана білеміз. 1941-1945 жылғы Ұлы Отан соғысы кезінде қазақтың қаншама ер жүрек, батыл, өжет ұлдары мен қыздары Отан үшін жандарын пида етті. Менің туған жерім Қобда өңірінен шыққан есімі елгі әйгілі қазақтың батыр қызы Әлия Молдагұлованың ерлігі еш уақытта ұмытылмайды. Жас ұрпаққа өнеге болу үшін,туған жерінде мұражайы бар. Ақтөбе қаласының Шернияз көшесіндегі Әлия Молдағұлова ескерткіші бар. Көптеген ақындар батыр қыз Әлия туралы өлеңдерін жазды. Осылар арқылы Әлия есімі ел есінде мәңгі қалды.
Менің айтайын дегенім, Отан үшін от кешкен талай жауынгер ерлігі мен есімдері ескерілмей ,есімдері ұмыт болды. «Ешкім де ұмытылмайды, еш нәрсе де ұмытылмақ емес» Ұлы Жеңіс мерекесіне арналған тәрбие сағатында апайымыз өзінің атасы Бикеев Қуаныш Қабаковичтің соғыстан алған ордендері мен медальдарын әкеліп, ерліктері туралы айтты. Қуаныш атаның «Үшінші Дәрежелі Даңқ», «Қызыл жұлдыз» ордендері мен «За взятие Кенигсберга», «За Отвагу»медальдары мен «Отличный разведчик» төс белгісі бар. Ол соғысқа 1941 жылы шақырылып, 1946 жылы елге қайтқан. Соғыстың алғаш күндерінен барлауда болған. Талай қиын тапсырмаларды өте жақсы орындап жүрген. Бірде достарымен барлауда үш күн бойы жау шебінде жасырын отырған. Тек үшінші күні түнде ғана сәті түсіп, неміс офицерін қолға түсіреді. Арпалыс кезінде сол аяғынан қатты жараланады, бірақ жарасына қарамастан қолға түскен «тілді»дереу штабқа жеткізеді. Қолға түскен деректер өте құнды болған. Осы барлаудан әкелген «тілі» үшін «Красная Звезда» майдан газетіне шыққан. Қуаныш ата - соғыстан кейін де бейбіт өмірде аянбай еңбек еткен адам. Атаның бес баласы болған. Соғыс туралы айтып беруді сұраса,қария көзіне жас алып: «Айналайын, құлдықтарым. Оның несін сұрайсыңдар, еш адамның басына келмесін. Аналар бауыр еті балаларынан, балалар атаанасынан, қаншама адамдарымыздан айырылдық. Елі үшін, жері үшін қаза болғандарды ұмытпандар. Осы отырысымыз үшін өздеріндей балғын балалар ауыр жұмыс жасады. Жеңіске қол жеткізгеніміз де сол кінәсі жоқ періштелердің қажымас қайраты. Сондықтан сендер жақсы оқуларың керек, елімізге адал қызмет етулерің керек. Бақытты болындар!» - деп қана қоятын. Бұл біз білетін - бір атаның ерлік жолы. Ал Қобда өңірі – батырлар мекені.
Армысың! От жалыннан оралғандар,
Аттарың аңыз болып таралғандар.
Тірлікте жаны жарқын алау жандар,
Ел үшін, ерлік үшін жаралғандар.
Тойымсыз ажалға тосқауыл боп,
Топ жарып тайсалмай-ақ бара алғандар,
Жыл санап ардагерлер қатары сиреп барады. Оларды құрметтеу біздің міндетіміз. Ұлы Отан соғысының,тылда еңбек еткен ардагер аталар мен әжелерге көмекке барамыз. Биыл ауылда қайта-қайта боран соғып,аулаларды қар басып қалды. Біздің кластың ұлдары Зинаида әжей мен Николай атайға барып ,ауласын қардан ашып,отын тасып бердік. Қариялар риза болып қалды. Алғыстарын айтып ,бата берді,ал біз болсақ масаттанған күймен үйге оралдық. Керемет, елі үшін отқа түскен жандардың жанымызда болғаны. Олардың әр ісі -бізге үлгі өнеге.
Қан майданның жүректе жарасы бар
Қайғысы мен зілі бар, наласы бар
Арамызда жүретін алшаң басып
Ардагерлер азайып барасыздар.
Бойымызға туған жерден дарыған күш пен қуат, аталарымыздан қалған өжеттілік пен батырлық, қазағымның бойындағы даналық пен даралықты өз бойыма сіңіріп өсемін. Аталарымыздың соғыста көрсеткен ерліктерін мақтан етемін. Қазақ халқының қайсар да қайратты азаматы болуға бар күшімді жұмсаймын. Елімнің өркендеуіне жақсы оқу, саналы тәрбие арқылы үлесімді қосамын. Елімнің еңсесі биік ел болуына бар жігерімді жұмсаймын.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?