» » » Шығарма: Соғыс - күйретуші күш

Шығарма: Соғыс - күйретуші күш

Шығарма: Соғыс - күйретуші күш казакша Шығарма: Соғыс - күйретуші күш на казахском языке
Шаку Эльмира
I-курс, медициналық колледжі
Ақтөбе қаласы,
Жетекшісі: Тлембаева Анаргуль Барлыковна

Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмақ емес! Соғыс - күйретуші күш! Дәл солай! Барды жоқ ететін, тауды жер ететін. Жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмап жұтатын қасірет!
Ұлы Отан соғысы... Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгі қалатын күн! Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп,ерліктің тамаша үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды. Ұлы Отан соғысынан оралған ардагерлеріміздің саны жыл санап азаюда. Солардың жанымен, қанымен, терімен, көз жасымен, күшімен, ісімен, ерлігімен, атаның туын жықпай, ананың намысы үшін туған жердің топырағын жауға таптатпай, еңіреп жүріп жауды жеңіп, тауын шағып, туын жығып, жеңістің таңбасын басқан күн – Жеңіс күні! Бұл күннің толғауы ащы болса да, туғаны бар халқы үшін қуаныш болған күн. Сондықтан да бұл Ұлы мереке. Оққа ұшқан қарулас жолдастарының аманатын арқалап, аман оралған ардагер аталарымыздың өздері қорғап, қамқор болып оралған арттағы қалың елдің қамығып жеткен Жеңіс күнін, біз ұмытсақта тарих ұмытпайды!
Біз Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңіске ештеңе теңеспейтін ғажап күшпен жеттік. Ол күш әрине “Бірлік”. Қаншама халық бір тудың астында бірігіп күштерін бір арнаға салды. Қазақ ел басына күн туғанда толарсақтан саз кешетін жауынгер халық. Ұлы Отан соғысының қатпарлары парақтарына үңіліп қарасақ, қазақтардың қанды қырғынға қаймықпай соғысқанына ашық көзіміз жетеді.
«Өз халқын құрметтеп, сүймеген адам – опасыз, оңбаған адам»,- деп Бауыржан Момышұлы айтқандай, Отан үшін өз басын өлімге байлап, ажалмен алысып, өз ұрпақтарының, өз халқының намысын қорғағаны өз халқын шын сүйетіндігінен болса керек. Сондай қиыншылық жағдайда дұшпанның қаптаған қарақұрым күшіне төтеп беріп, олармен табан тіресе шайқасқан аталарымыздың ерлігі біздің көкірегімізге мақтаныш сезімін ұялатады.
«Ерсiз ел болмайды, елсiз ер болмайды»,- дейдi батыр бабамыз Бауыржан Момышұлы. Ұлы Отан соғысында ел күйреп, талай адам ажал құшты. Сол соғыста өзiнiң қайсар ерлiгiмен, қайратты мiнезiмен жауынгерлерге жiгер берген бабаларға мың алғыс. Осы ержүрек бабалар қатарында Бауыржанның еңбегi ерекше. «Отан үшiн отқа түс, күймейсiң», - деп ұран тастаған батыр атамыз, келер ұрпақтың болашағы үшiн өз басын өлiмге байлап, ажалмен алысып, жеңiс туын тiктi. Бауыржан ата бiр естелiгiнде: «Мен – өзге ұлттарды құрметтеушi, өз ұлтын сүюшi адаммын», - дейдi. Батырдың әр қазақтың жүрегiнде сақталуының себебi де, ұлтын сүйгендiгiнен шығар. Бауыржан Момышұлының тұлғасы маған қашанда мұзарт шыңның басында, мұнартып қалықтаған ақиық, мұзбалақ қыран болып елестейді. 1941 жылы Мәскеу түбiндегi қанды шайқастарда теңдесi жоқ ерлiгiмен әлемдi дүр сiлкiндiрген қазақстандық 316 - атқыштар дивизиясының батальон командирi ретiнде қапияда ой тауып, қараңғыда жол тауып, ерен ерлiгiмен аты әлемге аңыз болып, батыр қолбасшы атанды.
Жеңiстiң 71 жылдық мерейтойы қарсаңында қаһармандық пен өшпес ерлiгі үшін Мәскеу халқы құрметтеп, үлкен сый жасады. Мәскеу қаласынан ұлан - ғайыр, ұзын көше, зәулiм мектепке батыр атамыздың есiмi бердi. Бұл Бауыржан ерлiгiн мойындау және бүкiл қазақ халқына деген құрмет едi. Оның «Ежелден ер тiлегi – ел тiлегi, Адал ұл ер боп туса – ел тiрегi» деген өсиетiнің өмiрде орындалғанын көрiп қуандық. Ержүрек батырдың кiтаптарың оқып отырып, терең ойға қалам. Отанға деген сүйiспеншiлiгiнен, халқыңа деген махаббатынан, ұлттық биiк рухынан қуат аламын. Бауыржан атаның қаламынан шыққан «Москва үшiн шайқас», «Қанмен жазылған кiтап», «Ұшқан ұя», т.б. шығармаларыңызды оқып шықтым. Оның шебер суреткерлiгiне, адам психологиясын танып - бiлудегi сезiмталдығыңа таң қаламын. Шығармасын да әр кейiпкер өзгеше бiр әлем... Әр сөйлемде тұнып тұрған сыр жатыр. Бұларды оқып қана қоймай, жаттап, үлгi өнеге алуымыз керек.
Оның бiзге қалдырған мәңгiлiк өшпес, ғасырдан ғасырға жетер мұралары үшiн ұрпақтары мәңгi қарыздар. Бақытты болашақ, Тәуелсiз ел - аңсаған арманы едi. Бүгiн сiздiң арманыңыз – ұлттық тiлдiң, дәстүрдiң, салт - сананың мызғымас тiрегi, күшi, алтын дiңгегi – халықтың бақ жұлдызы жарқырап жанған күн. Сiздiң тағлымыңызды зер сала оқып - үйрену бүгiн де, ертең де келешек ұрпақ үлесiнде. Ұлт болашағының негiзiн жасайтын жастар санасы өркениет деңгейiне сай болуы шарт. Осыны ойлаған кезде сiздiң: «Жаудан да, даудан да қорықпаған қазақ едiм, ендi қорқынышым көбейiп жүр. Балаларын бесiкке бөлемеген, бесiгi жоқ елден қорқам. Екiншi, немересiне ертегi айтып беретiн әжелерiнiң азаюынан қорқам. Үшiншi, дәмдi, дәстүрдi сыйламайтын балалар өсiп келедi. Оның қолына қылыш берсең, кiмдi де болса шауып тастауға даяр. Қолына кiтап алмайды. Үйренiп жатқан бала жоқ, үйретiп жатқан әже, әке жоқ», – деген өсиетiңiз ойға оралады. Бұл – үлкен алаңдаушылық. Өзiн халықтан бөлiп қарай алмайтын тұлғаның алаңы. Бұл үн бүгiнгi дәуiрмен де үндесiп жатыр.
Жеңіс күні соғыстан оралмай қалған ерлеріміздің рухына бас иіп, арамызда жүрген соғыс ардагерлеріне құрметпен қарап, олардың қайсарлықтары мен ерліктеріне тағзым ететін күн емес пе?! Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Ұлы Жеңіс – Қазақстан тарихының жарқын беттерінің бірі. Бұл – қан майданда от кешкен соғыс ардагерлері мен сол жылдарда «Бәрі де майдан үшін, бәрі де жеңіс үшін»деп, құлақтары жастыққа тимеген тыл ардагерлерінің мейрамы» деп атап өткен болатын. Табан ет, маңдай термен келген осы Ұлы Жеңіске қаруымен де, қаламымен де үлес қосқан, аты аңызға айналған қаһарман жазушыларымыздың бірі де, бірегейі - Бауыржан Момышұлының қаһармандық рухы ұрпақтан - ұрпаққа өнеге болады деп санаймын.
Бүгінгі жастардың болашағы,бақытты үшін,қан төккен әскер мен апалардың даңты ерліктері еш уақытта өшпейді!Олардың рухына біздер дізе бүгіп,бас иеміз!Міне,біз тамаша Жеңістің 71 жылдық ұлы мерекесін тойлап отырмыз.Ер жігіт етегімен су кешіп,от басқан,ат ауыздығымен су ішкен,сұр шинельді төсек етіп,ақ қар,көк мұз жастанып,жаумен шайқасқан.Ұлы Отан үшін жанын қиған ержүрек батырлардың қаһармандық ісі еш уақытта ұмыт болмайды,мәңгі есте сақталады!


Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 10 секунд !!!

nurgul95 | 216 |


Комментарии для сайта Cackle

Рекомендуем:
Автокөлік үстіне іш киіммен шыққан астаналық жауапқа тартылды (видео)
Автокөлік үстіне іш киіммен шыққан астаналық жауапқа тартылды (видео)
Биыл мешіттерде Ораза айт намазы оқыла ма?: ҚМДБ жауап берді (видео)
Биыл мешіттерде Ораза айт намазы оқыла ма?: ҚМДБ жауап берді (видео)
"Жеті бөлімнен тұрады": Тәуекел Мүсілім тойын осы жазда дүркіретіп атап өтпекші
"Жеті бөлімнен тұрады": Тәуекел Мүсілім тойын осы жазда дүркіретіп атап өтпекші
"Үшінші емі еді": Телепродюсер Бейсен Құранбектің дертпен қалай күрескенін айтып берді
"Үшінші емі еді": Телепродюсер Бейсен Құранбектің дертпен қалай күрескенін айтып берді
Шығарма: Рухты бол жеңілмейтін табанды
Шығарма: Рухты бол жеңілмейтін табанды
Шығарма: Батырларымыздың тарих төрінен алатыны орны
Шығарма: Батырларымыздың тарих төрінен алатыны орны
Шығарма: Толарсақтан саз кешкен жауынгер халық
Шығарма: Толарсақтан саз кешкен жауынгер халық
Шығарма: Жауынгерлердің ерлігін мақтан тұтамыз
Шығарма: Жауынгерлердің ерлігін мақтан тұтамыз
Шығарма: Жасасын, Ұлы Жеңіс күні!
Шығарма: Жасасын, Ұлы Жеңіс күні!
Шығарма: Ел қасиеті-ер қасиеті
Шығарма: Ел қасиеті-ер қасиеті
Шығарма: Жау таянып келгенде
Шығарма: Жау таянып келгенде
Шығарма: Жеңістің таңбасын басқан күн – Жеңіс күні
Шығарма: Жеңістің таңбасын басқан күн – Жеңіс күні
Шығарма: Өлiм мен өмiр алысты
Шығарма: Өлiм мен өмiр алысты
Шығарма: Жеңіс келді, артта қалды зор қайғы
Шығарма: Жеңіс келді, артта қалды зор қайғы
Шығарма: Бақытты өмір құрғанына да 75 жыл
Шығарма: Бақытты өмір құрғанына да 75 жыл
Шығарма: Ұлы Отан соғысындағы халқымның өміріндегі соғыс тауқіметі
Шығарма: Ұлы Отан соғысындағы халқымның өміріндегі соғыс тауқіметі
Шығарма: Ерлік жырын жырлаймыз !
Шығарма: Ерлік жырын жырлаймыз !
Шығарма: Соғыс – күйретуші күш!
Шығарма: Соғыс – күйретуші күш!
Қазақша шығарма: 9 Мамыр - Жеңіс күні (Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмақ емес!)
Қазақша шығарма: 9 Мамыр - Жеңіс күні (Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмақ емес!)
Қазақша шығарма: 9 Мамыр - Жеңіс күні (Тарихи ұлы жеңіс)
Қазақша шығарма: 9 Мамыр - Жеңіс күні (Тарихи ұлы жеңіс)

KZ / Шығармалар жинағы, шығарма Соғыс - күйретуші күш туралы эссе шыгарма жеңіс женис 9 мамыр 9 май сочинение на казахском, эссе сочинение про Согыс - куйретуши куш на казахском языке скачать день победы 9 мая, эссе шығармалар жинағы жеңіс женис 9 мамыр 9 май жоспарымен, Соғыс - күйретуші күш, шығарма Соғыс - күйретуші күш туралы эссе шыгарма жеңіс женис 9 мамыр 9 май сочинение на казахском эссе сочинение про Согыс - куйретуши куш на казахском языке скачать день победы 9 мая эссе шығармалар жинағы жеңіс женис 9 мамыр 9 май жоспарымен С, Шығарма: Соғыс - күйретуші күш шыгарма казакша шығармалар қазақша тегін сочинение на казахском языке сочинение на казахском языке скачать бесплатно сочинение на казахском языке скачать бесплатноҚазақша Шығармалар жинағы