Отанға деген сүйiспеншiлiк

 Отанға деген сүйiспеншiлiк

Жұбатқан Жайнагүл
Ақтөбе облысы Хромтау ауданының
№6 Хромтау гимназиясының 11-класс білім алушысы
Жетекшісі: Спанова Ақгүл Спанқызы

Бiздiң жүрегiмiз темiр емес. Бiрақ бiздiң кек отымыз қандай темiрдi болса да ерiтiп, күйдiрiп жiбере алады. Бiздiң үрейдi жеңетiн ең күштi қаруымыз бар, ол – Отанға деген сүйiспеншiлiк. Бауыржан Момышұлы.
1941-1945 жылдар… Күркіреп өткен бір соғыс. Төрт жыл, 1418 күн мен түн бойы өз жері мен отаны үшін, келешек ұрпақ үшін жан қилы соғыс жүріп жатты.“Өз халқын құрметтеп, сүймеген адам – опасыз, оңбаған адам”,- деп Бауыржан Момышұлы айтқандай, Отан үшін өз басын өлімге байлап, ажалмен алысып, өз ұрпақтарының, өз халқының намысын қорғап қалғаны, олардың Отанға, елге, жерге деген үлкен сүйіспеншілігі болса керек. Тарихта баяндалғандай, жеріміздің, еліміздің амандығын ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғаған ата-бабаларымыз секілді Ұлы Отан соғысының зұлматты шақтарында ержүрек жауынгерлеріміз кең сахара даламызбен тұтас Отанымыздың амандығын, баянды, бейбіт болашағымызды өжет ерлікпен қорғап шығып, ұлы жеңіс салтанатын күллі әлемге паш етті. Тылда да майданға аттанған жауынгерлердің, оққа ұшқан боздақтардың отбасында тағдыр тауқыметі-үлкен қиындық орын алды. Елдегі ақ жаулықты аналар, сүйіктілерін, ерлерін майданға аттандырған қыз-келіншектер, буыны қатпаған балалар белдері бүгіліп, ұзақты күн білегі талып, “Бәрі де майдан үшін, бәрі де жеңіс үшін!” деп ұрандатып еңбек етті. Қаншама қазақстандықтар ұрыс даласында мерт болды.
Жауынгерлік ерліктері үшін жүздеген мың қазақстандық медальордендермен марапатталса, 500 - дей адам Кеңес Одағының Батыры,100-ден астам адам - Даңқ орденінің толық иегері атанған.Төрт Қазақстандық екі мәрте Кеңес Одағының Батыры атанды,олар - Талғат Бигелденов,Сергей Луганский, Иван Павлов және Леонид Беда. Отан үшін от кешкен Кеңес Одағы Батырларының қатарында қазақтың екі қызы-мерген Әлия Молдағұлова мен пулеметші Мәншүк Мәметова бар. Жеңіс туын тіккендердің бірі - қазақ жігіті Рақымжан Қошқарбаев.Жаудың тылында партизандардың қатарында да қазақстандықтар шайқасқан.Солардың бірі - Қасым Қайсенов. Ал танымал қолбасшы,әскери жазушы Бауыржан Момышұлын, 28 понфиловшылардың ерлігін білмейтін қазақ жоқ шығар. Себебі,өткенге көз жүгіртпей,болашаққа бағдар жасау мүмкін емес. Жеңіс бізге миллиондаған адамдардың төгілген қанымен келді. Соғыс салған қасірет әрбір жанұяның тарихында із қалдырып кетті.
Қиындық кезең сындары,
Ерліктің отын маздаттың.
Соғыстың сұрапыл жылдары –
Тағдыры талай боздақтың.
Ерлікке толып өткені,
Ұмытылмай тұрды ер ісі.
Соғыстың соңғы көктемі –
Солдаттың асқақ Жеңісі.
Адамзат тарихында мәңгі өшпестей болып сақталып қалған, көздің жасы, маңдайдың тері, аққан қанның арқасында жеткен Ұлы Жеңіске, міне, биыл 71 жыл толып отыр. Табандылық пен ерлік, Отанға деген патриоттық сезім, сүйіспеншілік қатал соғыста Жеңіске жеткізді. Біз Жеңіс күнін жақындатқан, әрбір жауынгерге қарыздармыз. Ұлы Отан соғысы және Ұлы Жеңіс. Бұл екі сөз бір-бірімен байланысып келеді. 9 мамыр – бұл мереке ғана емес, бұл халықтың батырлығы, қайсарлығы. Ұлы Жеңіс біздің атабабаларымыздың батырлығы.Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев “Бұл күн – сол қанды қырғыннан қайтпай қалған қыршын боздақтардың асқақ рухтарының аспандайтын күні. Бұл күн – әділеттің әділетсіздікті жеңген күні. Бұл күн – бүгінгі ұрпақтың соғыс ардагерлері сыйлаған бейбіт даму жолын одан әрі жалғастырып жатқан күн” деп атап кеткен болатын.
“Ер бақыты ел қолында, ел бақыты ерлер қолында” - деп батыр ағамыз Бауыржан Момышұлы айтып кеткендей, ардагерлер - Қазақстан халқына бейбітшілік, тыныштық, береке, бақыт орнатқандар. Сұрапыл соғысты басынан өткеріп, бізді жеңіске жеткізген ағаларымызбен бабаларымызды, сол жылдарда қиындыққа төзіп, тылдағы ауыр жұмыстарды атқарып, сонысымен Жеңіс күндерді жақындатқан аналарымызды да мақтан тұтамыз. Соғыс майдангерлері Отанға деген шын сүйіспеншілігімен, ерліктерімен, қайсарлығымен, жігер-қайратымен, ел қорғау сезімімен келер ұрпаққа үлгі болды. Еліміздің тарихында, жалпы әлем тарихында Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің есімі өшпес ерліктерімен мәңгілікке жазылып қалды. Жалпы тарих үшін бұл азғана уақыт болса, адамзат өмірінде алатын орны ерекше. Қан майдан, сұрапыл соғыс жылдарында “Отан үшін отқа түс, күймейсің” - деген ұранмен шайқасқан, бүгінгі күні санаулы қалған ардагерлеріміздің ерліктеріне бас иіп, құрмет көрсету бүгінгі ұрпақтың өтелмес парызы.Ер есімі-ел есінде мәңгі сақталады. Ешкім де, ештеңе де ұмытылмақ емес.
Тәуелсіз Қазақстан жастары өз аға-апаларының көрсеткен ерлігін әрқашан жадында ұстап, қастерлеп қасиеттейді!
Жас ұрпақ үшін бар мәні,
Кемітпес ол да бағанды.
Сонан соң солдат арманы
Желбіреп көкке қадалды.
Заманнан алға басар да,
Тарихтан тағлым тыңдатты ой.
Адамдар үшін қашанда
Жеңістің құны қымбат қой!


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!