Қазақша сценарий: Балабақша | Қыстап қалатын құстар » ZHARAR © 2017 | құстар туралы сценарий , құс туралы сценарий, қыстап қалатын құстар туралы мәтін, қыстап қалатын құстар туралы, қыстап қалатын құстар туралы сценарий, балабақша туралы сценарий




  • »

Қазақша сценарий: Балабақша | Қыстап қалатын құстар

Қазақша сценарий: Балабақша | Қыстап қалатын құстар казакша Қазақша сценарий: Балабақша | Қыстап қалатын құстар на казахском языке

ШҚО, Аягөз қаласы қалалық қазақ мектеп – гимназиясы
Садуакасова Гульназ Серікжанқызы.

Мақсаты:
1. Балалардың қыстап қалатын құстарды атап, олар жайлы түсініктерді кеңейту.
2. Құстарға деген қамқорлық көзқарасын дамыту.
3. Құстарды қорғауға, жанашырлыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік: Құстардың суреті, орманшының суреті, жемшашардың, күннің , ағаштың суреті.

Сабақ барысы:
Ұйымдастыру:
Кіріспе: Психологиялық жаттығу
- Бүркітке не жарасады? (Самғаған) қолдарын жазып көрсетеді.
- Шегірткеге не жарасады?(секірген)
- Ақ тауыққа не жарасады?(шоқыған)
- Ақылдыға не жарасады? (оқыған)
Жаңа сабақ. Қыстап қалатын құстар.
1. Тақтаға орманшының суреті ілінеді.
- Балалар бүгін бізге орманшы келіпті, ол өзімен бірге сиқырлы орманнан әдемі ағаш ала келіпті.
- Балалар құстар сендерге ұнады ма?
- Бүгін сабағымызда құстар жайлы әңгімелейік.
- Құстарды жыл мезгілдерінің өзгеруіне қарай қыстап қалатын құстар, жыл құстары болып
бөлінеді.
Жыл құстары жайлы не айта аламыз?
- Жыл құстары олар жылы жаққа ұшып кететіндер.
- Қыстап қалатын құстар жайлы не айтуға болады?
- Олар қысы жазы өз мекенінде тіршілік етеді.
- Құстар қыста немен қоректенеді деп ойлайсың?
Ағаш бүршігін, кепкен жемістерді қорек етеді.
- Ал адамдар оларға қандай көмек көрсетеді?
Адамдар оларға жемшашар жасап, оған нан қоқымын, жем шашып береді.
Сергіту сәті:
Тырна келді тыраулап,
Тіліп өтіп аспанды,
Қаздар көлде жүр ойнап,
Көктем айы басталды. (қимылмен көрсету )

5. Ойын « Шешуін тап» Құстар жайлы жұмбақ жасыру.
1. Бір-ақ уыс көлемім
Шыбын-шіркей қорегім
Бау-бақшаны қорғаймын
Ал атым ше? (Торғаймын)

2. Ұшқаны қызық жалпылдап
Өзі сондай қарқылдақ. (қарға)

3. Үстіне ақ камзолын киіп алып,
Жүреді қанаттарын жиып алып. (сауысқан)

4. Еркін самғап ұшсын деп,
Мәпелейміз баптаймыз.
Бейбітшілік құсы, - деп.
Қайсы құсты мақтаймыз. (Көгершін)
- Балалар ағашта қай құс қалды?
- Қарлығаш.
- Неліктен деп ойлайсыңдар?
- Өйткені ол жыл құсы.
Кітабымыздағы құстардың суретіне қарайық, оларды атап шығайық.
Торғай, қоқиқаз, аққу, үйрек, шіл, қарға.

6. Құстарды топтастыру ойыны.
Күннің жанына жыл құстарын, жемшашар жанына қыстап қалатын құстарды қою.
Күн-қоқиқаз, аққу. Жемшашар-торғай, үйрек, шіл, қарға.

Сабақты бекіту:
1. Әр оқушының алдына түрлі пішіндер қойып, одан құстың бейнесін құрастырады.
Бала өзі жасаған құстарын сипаттап айтып береді.
2. Құстар жайлы тақпақтар айтқызу.
3. Үй тапсырмасы: Қыстап қалатын құстар жайлы әңгімелеу.
4. Орманшының сыйлықтарын таратып беру. Мадақтау.



Жүктеу батырмасы 77 секундта ашылады!!!
Қалай жүктеймін?

Санат: KZ портал » Қазақша Сценарийлер жинағы | | 12 160
Рейтинг:
(голосов: 14)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:

. .