Қуанышты туған күн кеші

 Қуанышты туған күн кеші

Орал қаласы № 1 жалпы орта білім беретін
мектепалды даярлық тобының
бірінші санатты тәрбиешісі
Муханбетова Раушан Тулепбергеновна

Тақырыбы: «Қуанышты туған күн кеші»
Мақсаты: Әр айда бір рет сол айда туылған балалардың туған күндерін атап кету, балалардың достарының, сазды сәлемдерін жеткізу. Туған күн иелерінің көңіл күймен бөлісе білуге, достыққа, бірлікке шақыру.
Көңілді әуенмен балалар қол соғып, залға кіреді.
Жүргізуші: Ой,балалар, балалар,
Әсем әнге салыңдар
Туған күн тойын көңілді,
Бәріңде қарсы алыңдар.

Балалар бүгін біз «Туған күн кешіне» жиналып отырмыз. Енді барлығымыз қол соғып,туған күн иелерін ортаға шақырамыз.Бүгінгі шырқалатын ән-жырымызды, биімізді, осы туған күн иелеріне арналады. Қане қол соғып туған күн иелерін төрге шақырамыз.
Ән: «Туған күн»
Би: «Ча-ча-ча»
Жүргізуші: Құрбы құрдастардың сендерге деген
өз тілектерін, ыстық лебіздерін ала келіпті, солардың бірі тыңдап көрейік.
1.Досың көп пе қасыңда,
Дәулеттісің онда сен.
Достық деген асылға,
Дақ түсіріп алма сен.
2.Достық қана бақыт гүлін самсатқан,
Жүректерді арман еткен аңсатқан
Уа, халайық, нарқы қымбат бұл достық,
Тұрады асқақ байлықтан да, мансаптан.
Ән: Анашым.
3.Нұр ойнаған көзіңнен
Құшақ толы гүлімен,
Құттықтаймыз сіздерді,
Қуанышты күндермен.
Би: « Гүлдер»
Жүргізуші: Бір топ балаларымыз туған күн иелерін өз тілектерін жолдағысы келіп тұр, бәріміз тыңдап көрейік.
4.Құтты болсын туған күнің,
Думан тойың, жан досым!
Қол бұлғайды қырдан бүгін,
Қызықтырған арманың.
5.Жүзімізге қараңыз,
Бал күлкілі баламыз.
Бізге қымбат- күн шуақ
Бізге қымбат- анамыз.
Ән: Балалық шақ.
6.Бүгін-туған күніміз,
Қолда шоқ- шоқ гүліміз.
Ойын ойнап, би билеп,
Таусылар емес әніміз.
Жүргізуші: Балалар бүгін біздің туған күн
кешімізге көршілес тобымыздың балаларыда құттықтауға келіп қалыпты, солардың өнерлерін
тамашалап көрейік.
Би: « Орыс биі»
Сайқымазақ: Туған күндерің құтты болсын менімен ойын ойнайсыздар ма?
« Кім шапшаң» ойынын ойнаймыз.
Сайқымазақ. Сіздерге жұмбақ жасырайын шешуін тауып көріңдер.
Жаз мезгіліне байланысты жасыру.
Ән: Жаз келді.
Жүргізуші: Туған күн иелеріне арнап жақсы тілектер, ән шашулар, айтып жатырмыз. Ендігі кезек туған күн иелеріне берейік өздерінің рахметтерін айтады.
-Енді балалар бәріміз ортаға шығып билейік. Осымен туған күн кешіміз аяқталды.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі