Балабақша | Қош бол балабақшам

 Балабақша | Қош бол балабақшам

«Қош бол балабақшам» атты ертеңгілігі

Бұл оқу тамақ болар қарны ашқанда
Жол табар қараңғыда адасқанда,
Мал озбас біле білсең білім озар,
Ақыры керек болар бір сасқанда, - деп Міржақып ақын айтпақшы тарыдай болып кіріп, ақыл ойлары толысып, оң мен солын танып, жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген бүлдіршіндердің ұйымдастыра өткізілгелі отырған «Қош бол балабақшам!» атты мерекесін бастауға рұқсат етіңіздер.
Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңызда,
Мұндай күй болған сірә қаншаңызда
Қол соғып, қошеметтеп шақырайық,
Балдырған бүлдіршін түлектерді,- деп «Құлыншақтар» тобының түлектерін шақыруға рұқсат етіңіздер.
--------------------------------------
Қазақстан Республикасының Әнұран орындалсын.

Ертеңгілігіміздің алғашқы сөзін Балабақша меңгерушісі:----------------------- сөз береміз.
Келесі сөз кезегі балабақшаның әдіскері ---------------------------------- береміз

Ұрпақпен өмір жолы жалғанады, Көңілді күндер тусын алдан әлі. Әсем бимен түрлі өнер, Бүгінгі күн сіздерге арналады

Би: «Қоштасу» биін тамашалаңыздар.
Бақша біздің панамыз, Мектеп біздің анамыз Ұлағатты ұстаздан Білім алып барамыз - деп келесі кезекте
Ән: «Біз мектепке барамыз» әнін тамашалаңыздар!

Өтті қызық көп күндер Бес жасқа жеттіңдер Барасыңдар мектепке Бір белестен өттіңдер.- деп келесі кезекте балалардың тақпақтарына кезек береміз.
Сабина: Ботақандай бөбек деп,
Еркелеткен ұл - қызын,
Анамызды ерекше,
Қуантамыз біз бүгін.
Қолыма гүл аламын,
Дайын дәптер қаламым.
Таңғалдырып достарымды,
Мен мектепке барамын

Аслан:
Қуанамыз сыйлаймыз,
Қуаныштың мың гүлін
Бақшамызбен қимай біз
Қоштасатын күн бүгін.

Нұрдана: Балабақша есігін
Сәби болып ашқанбыз
Балапандай мәпелеп
Өсіреді бақшамыз
Шыңғыс: Бұл екінші үйіміз
Біз туғанбыз бәріміз
Біз осы үйдің гүліміз
Біз осы үйдің сәніміз

Данил: Қош бол ойыншықтарым
Жасырып кейде тыққаным
Кеткендей кеше қоштасып,
Келгенде алдан шыққаным

Рахат: Баптап баулып өсірген
Бұзықтық етсек кешірген
Ұмытпаймыз өзіңізді
Ұмытпаймыз сөзіңізді
толық нұсқасын жүктеп алыңыз



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі