1 Қыркүйек - Білім күні (Алғашқы қоңырау | Қазақстан-2050: бір халық- бір ел- бір тағдыр)

 1 Қыркүйек - Білім күні (Алғашқы қоңырау | Қазақстан-2050: бір халық- бір ел- бір тағдыр)

Шәудірбаева Гүлшат Иманғалиқызы,
Алтынсарин орта мектебінің педагог-ұйымдастырушысы
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы



Жүргізуші:
Алтын шапақ шашыратып көгінен,
Күз кеп жетті сағыныштан сезіммен.
Балапандай ұясына асыққан,
Шәкіріттерін шаттандырып сеніммен.

1 қыркүйек - Білім күні мерекесіне арналған «Қазақстан-2050: бір халық- бір ел- бір тағдыр» атты салтанатты жиынға қош келдіңіздер!
Құрметті ұстаздар , ата-аналар ,оқушылар !
Барлықтарыңызды бүгінгі 1 қыркүйек- Білім күнімен шын жүректен құттықтаймыз !
Құттықтай отырып зор денсаулық, мол бақыт, ашық аспан , бейбітшілік пен ынтымақтастық тілейміз . Жаңа оқу жылдарыңыз құтты болсын. Бүгінгі алғашқы қоңырау мерекесіне арналған «Қазақстан-2050: бір халық - бір ел- бір тағдыр» атты
салтанатты жиын ашық деп жарияланады. Қазақстан Республикасының Туы көтерілсін! Ту көтеру құрметі облыстық, республикалық олимпиадалардың жүлдегеріне беріледі.
(Ту көтеріліп, Әнұран орындалады)
Салтанатты жиынымыздың алғашқы сөз кезегі мектеп басшысына беріледі
Түлектерім тас қияға өрледі,
Шетелден де жүлдесіз боп келмеді.
Биіктерді бағындырсақ ұжым боп,
Мектебімнің басшысының еңбегі,-дей келе
Бүгінгі салтанатты жиынға аудан әкімшілігінен қатысып отырған қонақтарды атай келе, сөз кезегін................................... береміз:

Қандай ғажап қарашы жан- жағыңа,
Күміс күлкі симай тұр, қара мұңға.
Ата-анадай бақытты бар ма екен жан,
Қол жеткізген аңсаған арманына.
Жақсы шәкірт Азамат атанады,
Халқынан,ата-анадан бата алады .
Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін,
Ортаға шақырайық ата-ананы.
(Ата-анаға сөз беріледі)

1 тамыз - 30 қыркүйек аралығында өтіп жатқан Республикалық «Мектепке жол акциясына» өз демеушілігін көрсетіп жүрген ата-ана ортаға шақырамыз.
(Әлеуметтік жағдайы төмен оқушыларға оқу құралын табыстау)

Кезекті қоңырау соғу рәсіміне береміз.
1. 1 - сынып оқушылары-------------------------
2 11 - сынып оқушысы -------------------------
Құрметті қонақтар, ата-аналар, ұстаздар оқушылар! Сіздерді жаңа оқу жылының алғашқы қоңырауы Білім еліне шақырады.
Осымен Алғашқы қоңырау мерекесіне арналған салтанатты жиын жабық деп жарияланады.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу

Ілмектер: 1 қыркүйек білім күніне арналған сценарий, Білім күніне арналған сценарий, арналған Білім күніне арналған сценарий, 1 қыркүйек білім күні сценарий, 1 қыркүйек білім күніне сценарий, 1-қыркүйек білім күніне арналған сценарий, 1 қыркүйек білім күні, 1 қыркүйек білім күні суреттер, 1 қыркүйек білім күніне арналған суреттер, бірінші 1 қыркүйек білім күні, алгашкы конырау казакша сценарий на казахском, Қазақша сценарий: Бірінші 1 Қыркүйек - Білім күні (Алғашқы қоңырау), Қазақша сценарий: Бірінші 1 Қыркүйек - Білім күні, Қазақша сценарий, Бірінші 1 Қыркүйек - Білім күні, Казакша сценарий 1 сентябрь день знаний на казахском языке, 1 қыркүйек білім күніне арналған сценарий балабақша, 1 сентября день знаний сценарий на казахском языке, сценарий 1 сентября. день знаний в детском саду, балабақшаға арналған, балабақшаға арналған Білім күніне арналған сценарий, қазақстан 2050 стратегиясы сценарий, казахстан 2050 стратегия казакша сценарий, стратегия казахстан 2050 сценарий на казахском