Өнегелі Өмір сценарий


«Өнегелі Өмір» кездесу алаңы

Мақсаты: Жастарға өнегелі өмір, табысқа жету жолдары және қоғамда пайдалы болу туралы ой салу, оларға мотивация беру.

Қатысушылар: Мектеп әкімшілігі, 9-11 сынып оқушылары, жас мамандар

1-Жүргізуші

Құрметті қонақтар, қымбатты оқушылар ! Бүгінгі «Өнегелі Өмір» атты кездесуге қош келдіңіздер! Бұл кездесу – сіздерге өнегелі өмір сүру жолындағы тәжірибелерді тыңдап, болашаққа дұрыс бағыт алу үшін ұйымдастырылып отыр

2-Жүргізуші

Дәл осы кездесуде біз қоғамның дамуына үлес қосып жүрген тұлғалармен кездесіп, олардың өмір жолдары мен жетістіктері туралы сөз қозғайтын боламыз. Сондықтан бүгінгі шараға қатысушы әрбіріңіз үшін көптеген жаңа ойлар мен ынталандырулар болатынына сенімдіміз.

1-Жүргізуші

Бүгінгі кешіміздің құрметті қонақтары, мектебіміздің түлектері:

Күреңбеков Амантай Жанкеұлы – Қарақыстақ ауылының құрметті азаматы, генерал-майор

Ешмуханбетов Марат Топантайұлы –Қарақыстақ ауылының құрметті азаматы, запастағы подполковник

Сүлейменов Марат Жақсыбекұлы -академик,ғалым

Қайрылбаев Бақберген Әбжаппарович- Жамбыл ауданының құрметті азаматы, Қарақыстақ ауылдық округінің ақсақалдар кеңесінің мүшесі

2-Жүргізуші

Ардақты ағаларым,

Үлгі алар дараларым.

Өнеге бізге сіздің өмір,

Бар қазақ бағаларым.

Келесі кезекте мектебіне, ауылына сағынып келген ағаларымыздың құрметіне 9 сынып оқушысы Сансызбай Дидардың орындауында «Ағаларым» әнін қабыл алыңыздар

1-Жүргізуші

Біздің білім ошағымызда білім алып, осы қабырғаларда балалық шағын өткізген сіздер үшін ең ыстық естеліктерге толы бейнеролигімізді ұсынбақпыз

(Бейнеролик)

2-Жүргізуші

Құрметті қонақтар бүгінгі кездесуде алдыларыңызда отырған жас мамандар мен шәкірттер сіздердің жетістікке жетудегі жүріп өткен белестеріңіздің тарихының куәсі болғылары келеді.

Назарларыңыз экранда болсын

Олай болса Амантай Жанкейұлы сөз кезегі өзіңізде

3 презентация таныстырылып 3 қонаққа сөз береміз

1-Жүргізуші

Құрметті қонақтар, сіздердің жүріп өткен жолдарыңыз бізге үлгі- өнеге. Өмірлік мақсатты айқындап, сол мақсатқа жету жолында ерең еңбек пен темірдей тәртіп қажет. Сіздерге шәкірттеріміз осы өмірлік құндылықтардың маңызы турасында сұрақтар қойсақ дейді:

  • «Өнегелі өмір сүру дегеніміз не және ол үшін қандай қасиеттер қажет?»
  • Жастардың алдында өмірлік мақсат пен бағыт болу маңызды. Бүгінгі таңда ұрпақтардың қоғамға қалай пайда тигізуі керек деп ойлайсыздар?
  • Мамандық таңдағанда нені басты назарға алу маңызды?
  • Өмірлік көзқарасты қалыптастыруда не маңызыды?

2-Жүргізуші

Ауылына асығып келгендегі әрбір азаматтың құлағына қазақтың қара домырасының әуені еріксіз естіледі.

Назарларыңызға Мұқай Бекарыстың орындауында «Алаш ұраны» күйі

1-Жүргізуші

Құрметті қонақтар сіздерді біздің «Өнегелі өмір» кездесу алаңының дәстүрі бойынша «Құрметті қонақтан қолтаңба» бөліміне шақырамыз. Білім алушыларға тілектеріңізді жазып, қолтаңбаларыңызды қойсаңыздар.

2-Жүргізуші

Кешімізді қорытындылау сөз кезегі мектеп директоры Сейтбекова Ильмира Тұрланқызына беріледі.

  • Құрметті жастар, бүгінгі кездесуден алған әсерлеріңіз бен жаңа ойларыңыз сіздер үшін өте маңызды болары сөзсіз. Өнегелі өмірдің негізі – өз мақсатымызға адал болу, жақсылық жасау және қоғамға пайдалы болу. Біздің кез келген ісіміздің түпкі мақсаты – халқымыздың игілігі үшін қызмет ету.

1-Жүргізуші

  • Қонақтарымызға алғысымызды білдіреміз. Сіздердің ақыл-кеңестеріңіз жастар үшін үлкен мотивация болды! Амандықта жүздескенше!


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
Пікір жазу