Ғарыш әлеміне саяхат ашық сабақ


«»балабақшасы

Тақырыбы: «Ғарыш әлеміне саяхат»

Тәрбиеші:

2021-2022 оқу жылы

Кіріктірілген білім беру саласы: Таным, Денсаулық.

Білім беру бөлімі: ҚМҰҚ, Денешынықтыру.

Тақырыбы: «Ғарыш әлеміне саяхат»

Мақсаты: 1. Балаларға  ғарыш, ғарыштық ұшулар, ғарыш туралы  түсінік беру. Қазақстанның тұңғыш ғарышкерлері туралы түсінік бере отырып, балалардың ғарыш әлеміне  қызығушылығын арттыру; Тапсырмалар арқылы іс – қимылдарын дамыту, ұсақ саусақ моторика қабілеттерін дамыту, ғарышқа саяхат арқылы балалар қиялдарын шыңдау Алғырлыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.

2.Геометриялық пішіндер, кеңістікті бағдарлау, уақытты бағдарлау бөлімі бойынша балалардың ой өрісін дамыту, айтылған сан бойынша заттарды санап шығу. Уақытты бағдарлау жөніндегі білімдерін (таңертен, күндіз, кеш, түн) тереңдете түсіндіру , логикалық ойлау қабілетін дамыту. Зейінін ақыл ой белсенділігін, тез ойлауға, жылдам есептеуге құлшынысын ояту. Ұжыммен бірлесіп әрекет жасауға тәрбиелеу, құрмет сезімдерін тәрбиелеу.

Әдіс тәсіл: түсіндіру, көрсету, сұрақ жауап, дидактикалық, логикалық ойындар.

Көрнекіліктер: геометриялық пішіндер, үйлестірмелі материалдар, түрлі түсті текшелі суреттер, санды кубиктер.

Билингвистикалық компонент: Ұшақ-самолет, зымыран-ракета, тікұшақ-вертолет

Ұйымдастырылған ашық оқу іс-әрекет кезеңі

Педагогтың іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық кезең

Қонақтармен сәлемдесу.

Шаттық шеңбері

Отбасының гүліміз,

Көңілді өтер күніміз.

«Қайырлы таң» -деп айтамыз,

Бір болып, кеште қайтамыз.

Сәлеметсіздер ме!

Балалар қимылмен көрсету арқылы орындайды.

Ұйымдастырушылық-ізденушілік кезең

Педагог: -Ал, балалар бүгінгі көңіл- күйлерің қалай?

Педагог -Олай болса балалар бүгінгі ашық оқу іс-әрекетімізді көңілді отырып бастайық. Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? Бұл мезгілде ауа-райы қандай болады?

Педагог: -Көктем мезгілінде қандай өзгерістер болады?

Педагогі-Балалар көктем мезгілінде үш ай бар. Наурыз, сәуір, мамыр. Қәне қайталайықшы.

Педагог:балалар қазір сәуір айы. Бұл сәуір айында  үлкен мереке бар. Ол Ғарышкерлер күні.Ғарышкерлер дегеніміз – олар ғарышқа, аспан әлеміне ұшатын адамдар. Аспан әлемінде көптеген ғаламшарлар бар. Ал, біздер жер бетінде өмір сүреміз.(суреттер көрсетіледі)

Билингвистикалық компонент: Ұшақ-самолет, зымыран-ракета, тікұшақ-вертолет.

-  Ғарышқа тұңғыш ұшқан ағаларымыз Юрий Гагарин, Тоқтар Әубакіров, Талғат Мұсабаев, Айдын Айынбетов. Ғарышқа зымыранмен ұшқан бұл кісілер біздің мақтанышымыз.

Қызықтыру сәті : Балалар сендер ғарыш әлеміне саяхатқа барғыларың келе ме? Ал, ендеше, балалар зымыранмен ұшар кезде біз дұрыс дем алуымыз керек. Ол үшін қолымызды ішімізге қоямыз, ауаны мұрнымызбен жұтып, ауызымыздан шығарамыз. Ал енді зымыранмен ұшамыз ғарыш әлеміне саяхатқа барайық.

Қимылды ойын: «Санамақ зымыранмен»

Тіл ұстарту жаттығу.(ақырын әуен қосылады)

1,2,3 фыш-ш-ш біз кеттік,

Ұшуды біз үдеттік.

4,5 гу-гу-гу гуілде

Қалып қойма біріңде.

Кәне,балалар тоқтайық.1,2,3 фыш-ш-ш-ш.

Балалар міне біз «Ғарыш әлеміне» келіп қалдық.

Ой, балалар қараңдаршы, бұл не?

Қоян: Сәлеметсіздер ме, балалар! Аспан патшалығы " Ғарыш әлеміне " қош келдіңдер. Сендерді көргеніме өте қуаныштымын. Мен сендерді ақылды, мейірімді, еңбекқор, өте білімді екендерінді естідім. Менің сендерге арнаған сыйлығым бар. Сыйлығымды алу үшін көп еңбектенулерін керек. Мен сендерді әртүрлі тапсырмаларымен сынағым келеді, сендерге дайындаған тапсырмаларым бар.

  • Сендер орындайсындар ма? (көңілді әуенде бір билеу)

Педагог: Балалар қоянның тапсырмаларын орындауға дайынсыңдар ма? Ендеше қоянның алғашқы тапсырмасы жұмбақтардың шешімін табу.

Жұмбақтар шешу.

1)Ұйқымыздан тұрамыз, беті қолды жуамыз, балабақ- шамызға келеміз. бұл қай кезде болады?(таңертен)

2) Біз тәртіпті боламыз, сабақты да оқимыз.Серуенге шығамыз, қыдырамыз ,бұл қай кезде болады?.(күндіз)

3) Күн батады қызарып, анамызды күтеміз.Бұл қай кезде болады ?(кеш)

4) Уйлерде шам қызарып, демалады әлем деп, әлдилеп ақ әжем ертегі оқиды. Бұл қай кезде болады (түн)

Сергіту сәті: «Топ-топ»

Бала, бала балақан,Кәне, қайсы алақан.Саусақтарын әйбат,Былай-былай ойнат.Топ-топ басайық,Жалаудан күн жасайық.Жаса, жаса алтын күнЖаса, жаса жарқын күн

Педагог:- Ал, балалар енді геометриялық пішіндерді еске түсірейік.

Шаршының суреті.

-Балалар бұл қандай пішін?

-Неге шаршыны дейді екенбіз, қанекей шаршының қабырғаларын, бұрышын санайық?(санайды)

-Түсі қандай?

Үшбұрыш суреті.

-Бұл қандай пішін?

-Ал, үшбұрышты неге үшбұрыш дейді екенбіз, бұрыштар мен қабырғаларын санайық?

-Түсі қандай?

Шеңбер суреті.

-Бұл қандай пішін?

-Шеңбердің бұрышы бар ма?

-Шеңбердің түсі қандай

Бұның барлығын бір сөзбен қалай атаймыз?

Қимылды ойын: «Кубикті айналдыр , орныңды тап» Шарты:кубикті айналдырып тастап, қай сан түседі сол орынға жылжу. Іс-қимыл әрекеттерін дамыту.

Сергіту сәтті:

Ал,балалар тұрайық,

Алақанды ұрайық

Қолды белге қояйық,

Оңға қарай иіліп,

Солға қарай иіліп

Белімізді жазайық

Жоғары төмен қарайық,

1,2,3,4

Көзбен оңға қарайық,

Және солға қарайық.

Айналдырып алайық

Бойымызға күш жинап,

Бір сергіп алайық.

Балалар қоянның тапсырмалары әлі көп. Бірақ қоян жалғыз емес, оның көжегі бар екен. Олардың қарны ашып қалды, тамақтандыруымыз керек. Ол үшін бір тапсырма орындайық, балалар!

«Прищепка» д/о ойынын ойнайық

- Жақсы балалар, жарайсыңдар!

Балалар қоянның тапсырмалары аяқталды.Қоян сендерге риза боп қалды.Ол сендерге арнап тәтті сыйлықтар дайындады. Оны топқа оралғасын, мен сендерге беремін.Барлықтарың сабаққа жақсы қатыстыңдар. Ал, қазір қоянмен қоштасып, поезға отырып, тобымызға оралайық.

Балалар:

1,2,3,пыш-пыш біз кеттік,

Жүрісті біз үдеттік.

4,5,гу-гу гуілде.

Қалып қойма біріңде.

-Жақсы

-Көктем мезгілі. Күн жылынады, құстар жылы жақтан ұшып келеді, қар ериді, ағаштар бүршік атады.

-Наурыз, сәуір, мамыр

-Балалар мұқият тыңдайды

-Ия, барғымыз келеді.

Балалар бір бірінің артына тұра қалып зымыранның дыбысын салады.

Қоян

Сәлеметсіз бе Қоян!

Ия!

Ия! орындаймыз.

Ия.

Танертен

Күндіз

Кеш

Түн

Әуенмен билеп сергіп алады.

Шаршы

1,2,3,4

Көк

Үшбұрыш

1,2,3

Жасыл

Шеңбер

Жоқ.

Қызыл

Геометриялық фигуралар

Балалар берілген үлестірмелі кубикпен қимылды ойынды ойнайды.

Балалар қимылмен көрсету арқылы орындайды.

Балалар берілген үйлестірмелі материалмен тапсырмаларды орындайды.

Балалар қимылмен жасайды.

Рефлексиялық түзетушілік

Смайлик рефлексиясы.

-Балалар смайликтер берілген суреттерді бір бірлеп алып, өз ойларыңды айтып беріңдер?

-Айсұлтан сен қандай суретті таңдайсын?Неліктен?

- Ерсұлтан сен қандай суретті таңдадың? Неліктен?

Жарайсыңдар балалар .

Балалардың жауабы.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Заттың кеңістікте орналасу ретін түсініп,геометриялық пішіндерді ажыратады.

Түсінеді: «Ғарыш», «зымыран» ұғымдарын дұрыс қолданады.

Меңгереді:Берілген тапсырманы түсініп,өз бетінше әрекет етуді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу