Әдебиет | БЕСБАЕВ МЕЙРАМБЕК ӘБІЛӘШІМҰЛЫ

Әдебиет | БЕСБАЕВ МЕЙРАМБЕК ӘБІЛӘШІМҰЛЫ

Туған жері: Тараз қаласы
Туған күні: 07.11.1976ж.
Отбасы: Анасы Жібек Жолдасова. Екі қарындасы бар – Айнұр, Гүлнұр.
Білімі: Тараз қаласындағы «Глинка» атындағы музыкалық мектептің Қобыз сыныбын оқып бітірген. 1989 жылы Алматы қаласындағы К.Байсеитова атындағы музыкалық мектебіне ауысты. 1994-98жж. Т.Жүргенов атындағы театр адемиясының «Актер, драма, кино» факультетінен білім алды. Алғаш кэсіби жолы «Сүйінбай» атындағы филармонияда әнші (солист) қызметін атқаруымен басталды. 2002-07 жж. Қазақконцертте әнші (солист) болып жұмыс істеген.
Аспабы: Домбыра
Талай арудың «тым болмаса, бір көрсек» деген арманы болған Мейрамбекке бұрылып та қарамайды. Бұл үнемі бикештердің ықыласына бөленіп, назардан тыс қалмаған сері жігітке біртүрлі қызық көрінеді. «Жұрттың бәрі өліп-өшіп жатқанда бұл неге көзінің қиығымен болса да бір қарамайды» деп қатты таң қалады.
Осы оймен бейтаныс аруға жақындап келіп, танысуға ниет білдіреді. Алайда бір-екі ауыз тілдесуден әріге бармаған Мархабат ашылып ештеңе айтпай, өз жөнімен кетіп қалады. Бір көргеннен ғашық болып қалған Мейрамбек «қайтсем де осы қыздан айырылмаймын» деп, оның құрбысынан телефонын әзер сұрап алады.
– Мен өзімді танымайтын, өнерімді емес, азамат ретінде бағалайтын қарапайым жар іздеп жүрген болатынмын. Ойда-жоқта кездестірген қиялдағы қалқаны әрең дегенде кездесуге көндіріп, мейрамханаға шақырдым. Өзімнің өмірі кешігіп жүретін әдетім бар болғандықтан, алдын ала дайындалып, қатты қобалжыдым. Жолай «гүл аламын» деп те жоспарлап қойғам. Көлігімді жуып, бірнеше сағат бұрын жолға шықтым. Сөйтіп, келе жатсам, жақын досым «мәшинем бұзылып қалды, көмектес» деп хабарласты. Әрі-бері шұқыладық та «бір-біріміздікін айдап көрейік» деп ауысып міндік. Мен озып кеткем, Ескендір жоқ. Межелі уақыт таяп қалды. Дегбірсізденгенім соншалық, қатты бұрап, кілтті сындырып жіберіппін. Арнайы көмек шақыруға тура келді. Сөйтіп, жүргенде бақандай үш сағат өтіп кетіпті. Гүл тіпті есімде жоқ. Кешірім сұрап, жағдайымды түсіндірдім. Осы кештен бастап екеуміздің жұбымыз жазылмай, аяғы махаббатқа ұласып, ақыры өмір бойы қол ұстасып бірге жүруге уәделестік. Бірақ ол кезде Мархабат он сегізге толмаған болатын. Кәмелеттік жасқа жеткенше бір жарым жылдай күттік. Оның үстіне ата-анасы «қызымыз әуелі оқып алсын» деп қарсы болды.
Нұрсұлтан Әбішұлы Астанада өткен бір концертте ризашылығын білдіріп, «қазақтың ырымы» деп қолыма 200 доллар ұстатқан. Сол ақшаны жұмсамай сақтап қойған едім. Үстіне кішкене қостым да соған сырға сатып алып, құлағына салып қойдым. Былтыр 23 маусымда қазақтың дәстүрі бойынша құда түсіп бардық. Ертеңіне гастрольдік сапарға кетіп қалдым да тойға бір күн қалғанда қайтып оралдым. Алғашқы тойды ауылда, апам мен атам от жаққан қара шаңырақта жасадық. Мыңнан астам адам жиналды. Ал 8 шілдеде Алматыда «Қабылдау үйінде» өткен тойда 600-дей адам болды. Неке куәлігіне Елбасы сыйға тартқан қаламменен қол қойдық, – дейді Мейрамбек.
Ал Мархабат Мейрамбек алғаш кездесуге шақырған күні еш мән бермеген. «Үйден алып кетем» деген соң «келсе, келер, келмесе өзі білсін, маған бәрібір» деп алаңсыз отыра беріпті. Кешіккенде де аса уайымдамаған. Бірақ Мейрамбектің мінезі қатты ұнағаны соншалық, өзінің де бірте-бірте жақсы көріп қалғанын байқамай қалыпты...


Жақында өтетін шығар¬машы¬лық кештеріңіз қалай аталады? Қан¬дай ерекше¬лік, жағымды жаңалық¬та¬рыңызбен қуанта¬сыздар?
– Концертке ат қойып, айдар тақ¬қан жоқпыз. Осыдан бес жыл бұрынғы ән кеші¬міз тәуелсіздік күнімен тұспа-тұс келген. Сол кезде мерекеге сай «Өз елім» деп ата¬ған¬быз. Бұл жолы жай ғана ««МузАрт» тобының ән кеші» деп отырмыз.
– Бізден тыңдармандарымыз аяқ ас¬тынан атылып кететін, жоғарыдан секіріп түсетін немесе ән айтып тұрып, жоқ болып кететін, әйтеуір жоқтан бар жасайтын таң¬ғажайып шоу күтпейді. Бізден ән қалайды. Сондықтан ең әуелі әнді жақсы айтуға тырысып жатыр¬мыз. Репертуарымыздағы әндерді ірік¬тедік. Өйткені көпшілік қандай кон¬церт берсек те «Сағындым Алма-тым¬ды», «Өз елім», «Үш қоңыр» сияқты туын¬ды¬ларды тыңдағысы келеді. Кеш бары¬сында тек қана «МузАрт» тобы өнер көрсетеді. «Әншілердің барлығы бұл жолы қонақ болып келсін. Концерт¬тен демалсын, оларға біз ән айтып бе¬рейік» деп шештік.
Екі сағат бойы сахнада үзіліссіз тік тұру ауыр болмай ма?
– Елдің ықыласына қарай, билет жетпей жа¬тыр. Алматыда да екі күнге деп жос¬парлап едік. Бұйыртса, ән кешіміз 10-11-12 мамырда үш күн қа-тарынан өтетін болып шешіліп жатыр. Біздің билеттің бағасы 2-6 мыңның ортасы. Бізге салса, тегін қоятын едік қой, әрине. Концертке кететін шы-ғынды есептегенде, билет құны солай шықты. Бір жаманы, Республика са-райының алдында жүретін алыпсатар¬лар билеттің бағасын екі есеге көтеріп, халықты ренжітіп жатыр. Біздің ұйымдастырушылар барып тексерсе, «кассада билет бар» дейтін көрінеді, халық барса, «жоқ» дейді екен. Бұл жерде өзіміз де қауқарсызбыз. Ертең әңгіменің барлығы әртістерге келеді. Осы жағын тиісті орындар қадағалап, тексеріп, бір шара қолдану керек сияқты.
Қытайдағы бауырлар біздің сайт арқылы сіздерді үнемі өздеріне ша¬қырып, сәлем жолдап жатады. Әзірге аспан асты еліне жол түспей ме?
– Оңтүстік күтіп отыр. Жамбыл, Шым¬кент өңірлерін аралаймыз.
Көп жағдайда Кенжебекпен сұхбат¬тасудың сәті түспейді. Өткен жылы үйленіп еді, жағдайы қалай?
– Пайғамбарымыздың бір аты – Ахмет. Жалпы, артынан жақсы із қал-дырған Ахмет есімді кісілер көп. Мәсе¬лен, Қожа-Ахмет Иасауи, Ахмет Бай¬тұрсынов... Аталарындай болмаса да, ұқ¬сап бақсын деген ниет. Осы есім сә¬бидің өміріне серік болып, жақсы¬лыққа бастасын дейміз.
– Мен де баяғыда бойдақ кезімде көп сұхбат бере бермейтінмін. Ол кезде интер¬вьюге уақыт жоқ еді...(....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!