Қазақ әдебиеті | Балтабай Адамбаев

Қазақ әдебиеті | Балтабай Адамбаев

Адамбаев Балтабай Әбдірахманұлы (24.9.1919, Жамбыл облысы Сарысу ауданы Байқадам ауылы — 12.10.1990, Алматы) — әдебиет зерттеушісі, фольклоршы. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Абай атындағы педагогика училищесін (Жамбыл, 1947), Қазақ Мемлекеттік ун-тін (1951) бітірген. Қазақстан Ғалымдар Академиясының әдебиет және өнер институтында кіші, аға ғылым қызметкері болды (1957 — 1986). Филология ғылымдарының кандидаты (1962). "Сырларым” (1959), "Ақбөбек” (1962), "Аманат” (1972), "Тұлпардың ізімен” (1983) аталатын өлең жинақтары, "Мәди” (1969), "Жауынгер жолы” (1978) повестер мен деректі әңгімелер кітабы жарық көрді. Қазақ халқының ауыз әдебиетін, оның ішінде халық даналығы — шешендік сөздер мен мақал-мәтелдерді зерттеумен шұғылданды. Шешендік сөздердің тарихы, табиғаты, көркемдік ерекшеліктері туралы "Шешендік” (1969), "Халық даналығы” (1976), "Қазақтың шешендік өнері” (1984), аталатын моногр. зерттеу еңбектері шықты. "Қазақ ертегілері” (1962), "Шешендік сөздер” (1967), "Ел аузынан” (1985) жинақтарын құрастыруға қатысқан. 1-дәрежелі "Отан соғысы” орденімен марапатталған.
Жамбыл облысының Сарысу ауданында туған. Сондағы мектеп-интернатта оқып, тәрбиеленеді. Ұлы Отан соғысы жылдары Ташкентте Фрунзе атындағы әскери академияның тактика және атыс жоғары курсын лейтенант атағымен бітірген ол Калинин майданында Төртінші гвардиялық атқыштар бригадасының құрамында ротаны басқарып, ұрыстарға қатысады. 1945 – 1947 жж. Жамбыл облыстық тұтынушылар қоғамында қызмет істейді. Жамбылдың Абай атындағы педагогика училищесін, 1951 жылы Қазақ мемлекеттік университетін тамамдаған. Біраз жыл Жамбыл қаласындағы №38 қазақ орта мектебінде ұстаздық еткен.[1]
Филология ғылымының кандидаты Балтабай Әбдірахманұлы өмірінің ақырына дейін Қазақ КСР Ғылым академиясының М. О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында ғылыми қызметкер болып істеген. Қазақ халқының бай ауыз әдебиетін, оның ішінде халық даналығы – шешендік сөздер мен мақал-мәтелдерді зерттеулермен шұғылданды. «Қазақ ертегілері» (1962), «Шешендік сөздер» (1967), «Ел аузынан» (1985) жинақтарын құрастырған. [2][3]
Шығармалары

Сырларым. Өлеңдер. А., ҚМКӘБ, 1959;
Ақбөбек. Поэма мен өлеңдер. А., ҚМКӘБ, 1962;
Шешендік сөздер. Монография. А., «Жазушы», 1967;
Шешендік сөздер (Сырым сөздері негізінде). Монография. А., «Жазушы», 1969;
Мәди. Тарихи повесть. А., «Қазақстан», 1969;
Аманат. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1972;
Халық даналығы. Мақал-мәтелдер. А., «Мектеп», 1976;
Жауынгер жолы. Повесть және әңгімелер. А., «Жазушы», 1978;
Тұлпардың ізімен. Өлеңдер мен поэма. А., «Жазушы», 1983;
Қазақтың шешендік сөздері. Зерттеу. А., «Ғылым», 1984;
Казахское народное ораторское искусство. А., «Ана тілі», 1994, 1997.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі