Халық географиясы. Жаратылыстану, 6 сынып, қосымша материал.
Сабақтың басында мұғалім халық тығыздығының формуласымен таныстыру қажет.
Мұндағы р-халық тығыздығы, m- халық саны; v- елдің аумағы (ауданы).
Оқушылар формуланы пайдаланып, халық тығыздығын есептейді.
№ | Елдің атауы | Халық саны, адам | Аумағы, км² | Халық тығыздығы 1 км² |
1 | Бразилия | 193 467 000 | 8 547 000 | |
2 | Туркия | 72 561 000 | 780 580 | |
3 | Литва | 3 329 000 | 65 200 | |
4 | Монғолия | 2 773 000 | 1 564 116 | |
5 | Қазақстан | 16 197 000 | 2724900 |
Тапсырманы үш деңгейде беруге болады. Мысалы 1 топқа 10 мемлекет, 2 топқа 5 мемлекет, 3 топқа 3 мемлекет т.с.с. Немесе «Халықтың қоныстануына әсер ететін факторлар» мәтінін қосымша беру арқылы қолдау көрсетуге болады.
Информацияны қабылдау типіне байланысты кинестеттерге дене шынықтыру минуты ұсынылады. Барлығы ортаға шығарылады. Мұғалім – Қазақстан деген жазуды ұстап тұрады және әртүрлі елді айта бастайды. Ал, оқушылар аталған ел мұғалімнің, яғни Қазақстанның қай жағында (батысы, шығысы, солтүстігі, оңтүстігі т.б.) орналасуына байланысты тұрып, картадан халық тығыздығын айтады.
Халық тығыздығы картасынан төмендегі критерийлер бойынша тапсырма орындау.
- Халық ең көп қоныстанған 3 елді;
- Халық ең аз қоныстанған 3 елді кескін картаға түсіру.
- Қоныстануына қандай заңдылықтар әсер еткенін түсіндіру (ауызша) тапсырмасында мемлекеттерді таңдауға оқушыларға мүмкіндік беру керек.
Сабақ соңында міндетті түрде сабақ мақсаттарына және бағалау критерийлеріне оралып, оларға жету деңгейі оқушылармен талқылануы қажет. Сабақ бойынша оқушылардан міндетті түрде кері байланыс алу керек. Бірнеше оқушы сыныпқа өз жауабын оқиды.
Пайдалы сілтемелер:
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру