Халық географиясы. Жаратылыстану, 6 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: Бөлім 6.1В Ғалам. Жер. Адам. | Мектеп: | |||||||
Мерзімі: | Мұғалім: | |||||||
Сынып: | Қатысқан оқушылардың саны: Қатыспаған оқушылардың саны: | |||||||
Сабақтың тақырыбы | Халық географиясы | |||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаты | 6.2.7.1 халықтың қоныстану заңдылықтарын анықтау 6.2.7.2 халық тығыздығының көрсеткіштеріне баға беру | |||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар: Физикалық және тығыздық карталарын талдау арқылы, халықтың қоныстану заңдылықтарын анықтайды; Халық тығыздығының көрсеткіштеріне баға бере алады. | |||||||
Бағалау критерийлері |
| |||||||
Тілдік мақсаттар
| Оқушылар: Халық тығыздығына әсер ететін факторларды атай алады. Халық тығыздығын есептеп, салыстырмалы көрсеткіштер бойынша ауызша баға бере алады. Сұрақтарды ауызша/жазбаша құрастыра алады. Пәндік лексика және терминология: Халық тығыздығы, халықтың қоныстануы, таралу ерекшелігі Айтылымға қажетті сөз тіркестері: Халық тығыздығына әсер ететін факторлар ...................... Менің ойымша ....................................................................... Халық тығыздығының көп/аз болуына.............................. әсер етеді. | |||||||
Құндылықтарды дарыту | Сабақ коллаборативті ортаны қалыптастыру және жауапкершілік пен көшбасшылықты дамытуға бағытталған. Оқушыларды топтық жұмыс арқылы бір-бірінің пікірін бағалауға, сыныптастарының жауаптарын тыңдауға, талдауға, қорытынды жасауға баулу. | |||||||
Пәнаралық байланыс | Математика - Халық тығыздығын формула арқылы есептеу барысында. Тарих – халықтың қоныстануына тарихи мысалдар келтіру барысында. | |||||||
Алдыңғы білім | 5-сыныпта оқушылар дүниежүзі халқының нәсілдік құрамын және негізгі нәсілдер мен нәсіларалық топтардың таралу аймақтарын анықтаған. 5.2.7.1 дүниежүзі халқының нәсілдік құрамын және негізгі нәсілдер мен нәсіларалық топтардың таралу аймақтарын анықтау; 5.2.7.2 нәсілдік белгілердің қалыптасу факторларын анықтау – оқу мақсаттары бойынша | |||||||
Сабақтың барысы | ||||||||
Жоспарланған сабақтың кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекеттер | Ресурстар | ||||||
Сабақтың басы 0-5 5-7 7-10 | 1. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, оқушылардың назарын сабаққа аудару. Жағымды көңіл-күй орнату. Оқушыларды топтарға біріктіру: алдын-ала қаламдарын жинап, сол қаламдары арқылы топтарға бөлу. 2. Ой қозғау: Оқушыларға карта көрсетіледі. Картадағы әрбір түс 1 миллиард адамға тең. Картаға мұқият қараңыздар. Қандай пікір бар? - картада не көрсетілген? - бүгін сабақ не туралы болады? - қандай тақырыпты өтеміз? 3. Мақсатты тұжырымдау Сабақ тақырыбы мен бағалау критерийлерін талдау. Сабақтың негізгі терминдерімен таныстыру. (Тақтада жазылады немесе карточкаларда жазылу) | Тақта, маркерлер, қаламдар Презентация, 1 слайд Презентация, 2-3 слайдтар | ||||||
Сабақтың ортасы 10-15 16-23 24-34 35-37 | 4. Мұғалімнің түсіндірмесі. -Қандай аймақта өмір сүрер едіңіздер? -Халықтың қоныстануына қандай факторлар әсер етеді? Халықтың қоныстануына әсер ететін факторлар: жер бедері, климаты, теңізге алыс-жақындығы, аймақтың меңгерілуі т.б. Халық тығыздығының формуласы: Мұндағы р-халық тығыздығы, m- халық саны; v- елдің аумағы (ауданы). 5. Білімді бекіту Топтық жұмыс. Берілген критерийлер бойынша тапсырманы орындаңыз.
Бағалау.
Топтар бір-бірін сағат тілі бағытымен берілген дескрипторлар бойынша бағалайды, ұсыныстарын айтады. Кері байланыс. Мұғалім барлық топтардың бағалауларын және тапсырма орындау сапасын бақылай келе, қорытынды кері байланыстарын береді. Жеке жұмыс. Халық тығыздығы картасынан төмендегі критерийлер бойынша тапсырма орындау.
Бағалау. * мұғалімнің бақылауы мен комментарийлері; * дескрипторлар бойынша өзара бағалау; * мұғалімнің кері байланысы;
Картаны бір-бірінің жұмыстарын белгілі критерийлер бойынша бағаласа, ал ауызша сұрақты дәлелді жауаптар негізінде бағалайды. Кері байланыс беру. Мұғалім барлық жұмыстардың сапасына баға беріп, ұсынысын айтып, қорытындылайды.
Барлығы ортаға шығарылады. Мұғалім – Қазақстан деген жазуды ұстап тұрады және әртүрлі елді айта бастайды. Ал, оқушылар аталған ел мұғалімнің, яғни Қазақстанның қай жағында (батысы, шығысы, солтүстігі, оңтүстігі т.б.) орналасуына байланысты тұрып, картадан халық тығыздығын айтады. | Презентация, 4 слайд Презентация 5-слайд Қосымша 1 http://ostranah.ru/_lists/population.php Дүние жүзі халықтарының саны Презентация, 6-слайд, карта-7слайд атлас 7 сынып Қосымша 2 Презентация, 8-слайд | ||||||
Сабақтың соңы 37-40 | Қорытындылау:бүгін қандай ақпараттармен танысты, қандай маңызды ой-тұжырымдама жасады. 8. Рефлексия
Ең қызық болған тұсы……. Ең қиын болған тұсы………. Ең есте қалған тұсы…….. Бүгінгі сабақтағы алған білімді өмірде қалай қолданар едіңіз? Үй тапсырмасы: “ТОП-10” халық тығыздығы ең жоғары және ең төмен елдерді анықтау және картаға түсіру. | Презентация, 9-слайд Рефлексияны стикерлер арқылы жазбаша, немесе тақтадан шығарып ауызша алуға болады. | ||||||
Дифференциация – Сіз көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз дарынды оқушыларға қандай тапсырмалар беруді жоспарлайсыз? Төмен қабілетті Орташа қабілетті оқушылар Жоғары қабілетті оқушылар. | Бағалау – оқушылардың оқуын тексеруді қалай ұйымдастырасыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау | ||||||
Қолдау көрсету: Сіз оқушыға қолдау көрсету үшін дұрыс жауап немесе негізгі ойды білдіретін тірек сөздер бере аласыздар Тақтаға да тірек сөздер мен сабақта өтілетін терминдер жазып қойсаңыз, көмек қажет оқушыға жеңіл болады. Тапсырманы үш деңгейде беруге болады. Мысалы 1 топқа 10 мемлекет, 2 топқа 5 мемлекет, 3 топқа 3 мемлекет т.с.с. | Қалыптастырушы бағалауды кезеңдерде өткізуге мүмкіндіктер бар:
Ауызша жауаптары толық болса. |
Барлығы ортаға шығарылады. Мұғалім – Қазақстан деген жазуды ұстап тұрады және әртүрлі елді айта бастайды. Ал, оқушылар аталған ел мұғалімнің, яғни Қазақстанның қай жағында (батысы, шығысы, солтүстігі, оңтүстігі т.б.) орналасуына байланысты тұрып, картадан халық тығыздығын айтады. |
Қосымша 2
№ | Елдің атауы | Халық саны, адам | Аумағы, км² | Халық тығыздығы 1 км² |
1 | Бразилия | 193 467 000 | 8 547 000 | |
2 | Туркия | 72 561 000 | 780 580 | |
3 | Литва | 3 329 000 | 65 200 | |
4 | Монғолия | 2 773 000 | 1 564 116 | |
5 | Қазақстан | 16 197 000 | 2724900 |
Қосымша 3
Қосымша 4
Халықтың қоныстануына әсер ететін факторлар:
жер бедері, климаты, теңізге алыс-жақындығы, аймақтың меңгерілуі т.б. Халық тығыздығының формуласы:
Мұндағы р-халық тығыздығы, m- халық саны; v- елдің аумағы (ауданы).
Дүние жүзі елдері көптеген белгілеріне қарай ажыратылады. Елдерді топтастырудың ең көп тараған түрі - жерінің ауданы мен халқының санына қарай топтастыру. Жерінің ауданы жағынан ең үлкен 7 ел бар (картадан оларды анықтаңдар), олардың әрқайсысының ауданы 3 млн км2-ден асады. Олардың жерлерін қосса, Жер шарындағы құрлықтың тең жартысын құрайды. Кейбір елдер бүкіл материкті (Аустралия) немесе оның тең жартысын {Канада) алып жатыр. Сонымен қатар жері өте шағын елдер де бар. Мысалы, Ватиканныц ауданы 1 км2, ол Рим қаласының кішкене бөлігін ғана қамтиды.
Халқының саны ең көп 10 ел бар. Олардың әрқайсысында 100 млн - нан астам халық тұрады. Бүл елдердің халқы Жер шары халқының жартысынан астамын қүрайды. Сонымен қатар халқы бірнеше мыңнан аспайтын ұсақ елдер де бар. Мысалы, Еуропадағы Сан-Марино елінде 30 мыңдай ғана адам тұрады.
Елдерді географиялық орнының ерекшеліктеріне қарай да топтастырады. Оған байланысты материктің ішкі бөлігіндегі, теңіз жағалауындағы, түбектердегі, аралдардағы, архипелагтағыелдер болып бөлінеді (бүл топтарға жататын елдерге мысал келтіріңдер).
Қосымша 4
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?