Халық географиясы. Жаратылыстану, 6 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі:

Бөлім 6.1В Ғалам. Жер. Адам.

Мектеп:

Мерзімі:

Мұғалім:

Сынып:

Қатысқан оқушылардың саны:

Қатыспаған оқушылардың саны:

Сабақтың тақырыбы

Халық географиясы

Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаты

6.2.7.1 халықтың қоныстану заңдылықтарын анықтау

6.2.7.2 халық тығыздығының көрсеткіштеріне баға беру

Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

Физикалық және тығыздық карталарын талдау арқылы, халықтың қоныстану заңдылықтарын анықтайды;

Халық тығыздығының көрсеткіштеріне баға бере алады.

Бағалау критерийлері

  • халықтың қоныстану заңдылықтарын анықтай алады
  • халық тығыздығының көрсеткіштеріне баға береді
  • дүниежүзіндегі халық тығыздығының жоғары және төмен аймақтарын анықтай алады және себептерін түсіндіреді

Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар:

Халық тығыздығына әсер ететін факторларды атай алады.

Халық тығыздығын есептеп, салыстырмалы көрсеткіштер бойынша ауызша баға бере алады.

Сұрақтарды ауызша/жазбаша құрастыра алады.

Пәндік лексика және терминология:

Халық тығыздығы, халықтың қоныстануы, таралу ерекшелігі

Айтылымға қажетті сөз тіркестері:

Халық тығыздығына әсер ететін факторлар ........

Менің ойымша ..............

Халық тығыздығының көп/аз болуына.............................. әсер етеді.

Құндылықтарды дарыту

Сабақ коллаборативті ортаны қалыптастыру және жауапкершілік пен көшбасшылықты дамытуға бағытталған.

Оқушыларды топтық жұмыс арқылы бір-бірінің пікірін бағалауға, сыныптастарының жауаптарын тыңдауға, талдауға, қорытынды жасауға баулу.

Пәнаралық байланыс

Математика - Халық тығыздығын формула арқылы есептеу барысында. Тарих – халықтың қоныстануына тарихи мысалдар келтіру барысында.

Алдыңғы білім

5-сыныпта оқушылар дүниежүзі халқының нәсілдік құрамын және негізгі нәсілдер мен нәсіларалық топтардың таралу аймақтарын анықтаған

Сабақтың барысы

Жоспарланған сабақтың кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

0-5

5-7

7-10

1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, сыныпты түгендеу. Оқушыларды топқа бөлу. Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру және тақырыпқа шығу мақсатында суретті пайдалану.

2. Ой қозғау:

-Бұл суреттер сіздерге тақырып туралы қандай ой шақырады?

-Бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай болады деп ойлайсыңдар?

3. Мақсатты тұжырымдау

Сабақ тақырыбы мен бағалау критерийлерін талдау. Лексика мен терминологиямен таныстыру. (Тақтада жазылады немесе карточкаларда жазылу)

Тақта, маркерлер, қаламдар

Презентация,

1 слайд

Қосымша 1-2

Презентация,

2-3 слайдтар

Сабақтың ортасы

10-15

16-23

24-34

35-37

4. Мұғалімнің түсіндірмесі.

  • Халықтардың орналасуы туралы заңдылықтар қандай?
  • Орналасу заңдылықтарына әсер ететін қандай факторлар бар?

Жер бетінде халықтар біркелкі орналаспаған, 7% құрлықта 70% халық тұрады. Халықтың басым бөлігі қоңыржай, субтропиктік және субэкваторлық климаттық аймақтарда өмір сүреді. Осы аудандардағы халықтың тығыздығы 1 км2 үшін бірнеше жүз адамға жетеді, ал әлемдік тұрғындардың орташа тығыздығы бір квадрат километрге 40 адам, ал жердің 15% құрлығында халық мүлдем мекендемейді

Халық тығыздығының формуласы:

Мұндағы р-халық тығыздығы, m- халық саны; v- елдің аумағы (ауданы).

Мұғалім оқушыларға халық тығыздығына әсер етуші факторлар сызбасын тақтадан көрсетеді. Оқушылар факторларды жұмыс дәптерлеріне жазып алады.

5. Білімді бекіту

Топтық жұмыс. Жаңа білімді меңгеру. Оқушылар 4 топқа бөлінеді. Әр топқа халық тығыздығына әсер ететін бір фактор беріледі. Мысалы: тарихи, экономикалық, экологиялық, табиғи. Оқушыларға мәтін таратылады. Мәтінмен танысып, топпен талқылап, берілген фактор бойынша мысалдар келтіріп, сыныпқа түсіндіреді.

Ауызша сұрақты дәлелді жауаптар негізінде топтар бір-бірін бағалайды.

Жұптық жұмыс. Оқушыларға 5 мемлекеттің халық саны және аумағының көлемі туралы ақпараттар беріледі. Оқушылар формула бойынша 5 елдің халық тығыздығын есептеп шығарады.

Дескриптор бойынша өз-өзін бағалау.

Дескрипторлар:

  • Халық тығыздығы формуласын пайдаланып, есептер шығара алады

Мұғалім дұрыс жауаптарын тақтадан көрсетеді. Оқушылар өз жауаптарымен салыстырады. Жұпта бір-бірін бағалайды.

Жеке жұмыс. Оқушылар халық тығыздығы және физикалық карталарды пайдалана отырып, халық тығыздығы жоғары жыне төмен 5 аймақты анықтайды. Халық тығыздығының жоғары және төмен болуының себебі мен салдарын талдап жазады. Қорытынды жасайды.

Бағалау:

* мұғалімнің бақылауы мен комментарийлері;

* дескрипторлар бойынша өзара бағалау;

* мұғалімнің кері байланысы;

Дескрипторлар:

  • халықтың қоныстану заңдылықтарын анықтай алады;
  • халық тығыздығының көрсеткіштеріне баға береді;
  • дүниежүзіндегі халық тығыздығының жоғары және төмен аймақтарын анықтай алады және себеп-салдарын түсіндіреді

Мұғалім кері байланыс береді, қажеттілік туындаған кезде оқушылардың жауаптарын толықтырады.

Презентация,

4 слайд

Қосымша 3. Халықтың қоныстануына әсер ететін факторлар.

Мәтін

Қосымша 4

Физикалық карта, халық тығыздығының картасы, атлас, қосымша 5

Сабақтың соңы

37-40

РЕФЛЕКСИЯ «Жетістік баспалдағы»

Үй тапсырмасы: сабақ тақырыбы бойынша энциклопедиялар мен БАҚ материалдарынан қызықты деректер топтамасын дайындау (2- 3 деректер).

Презентация,

9-слайд

Рефлексияны стикерлер арқылы жазбаша, немесе тақтадан шығарып ауызша алуға болады.

Дифференциация – Сіз көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Сіз дарынды оқушыларға қандай тапсырмалар беруді жоспарлайсыз?

Төмен қабілетті

Орташа қабілетті оқушылар

Жоғары қабілетті оқушылар.

Бағалау – оқушылардың оқуын тексеруді қалай ұйымдастырасыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Қолдау көрсету:

Сіз оқушыға қолдау көрсету үшін дұрыс жауап немесе негізгі ойды білдіретін тірек сөздер бере аласыздар

Тақтаға да тірек сөздер мен сабақта өтілетін терминдер жазып қойсаңыз, көмек қажет оқушыға жеңіл болады.

Тапсырманы үш деңгейде беруге болады. Мысалы 1 топқа 10 мемлекет, 2 топқа 5 мемлекет, 3 топқа 3 мемлекет т.с.с.

Қалыптастырушы бағалауды кезеңдерде өткізуге мүмкіндіктер бар:

  • Жауабы дәлелді болса.
  • Дұрыс есептей алса.

Ауызша жауаптары толық болса.

  • Топтық және жұптық тапсырмаларды орындау барысында қауіпсіздік техникасын сақтау және Дене шынықтыру минутасы.

Барлығы ортаға шығарылады. Мұғалім – Қазақстан деген жазуды ұстап тұрады және әртүрлі елді айта бастайды. Ал, оқушылар аталған ел мұғалімнің, яғни Қазақстанның қай жағында (батысы, шығысы, солтүстігі, оңтүстігі т.б.) орналасуына байланысты тұрып, картадан халық тығыздығын айтады.

Қосымша 1

Қосымша 2

Қосымша 3

Халықтың қоныстануына әсер ететін факторлар.

Жер бетінде халықтар біркелкі орналаспаған, 7% құрлықта 70% халық тұрады. Халықтың басым бөлігі қоңыржай, субтропиктік және субэкваторлық климаттық аймақтарда өмір сүреді. Осы аудандардағы халықтың тығыздығы 1 км2 үшін бірнеше жүз адамға жетеді, ал әлемдік тұрғындардың орташа тығыздығы бір квадрат километрге 40 адам, ал жердің 15% құрлығында халық мүлдем мекендемейді. Халықтың бұлай біркелкі таралмауы түрлі факторлардың бір-бірімен тығыз байланысымен айқындалады. Оларға: табиғи (қолайсыз табиғи жағдайдағы аумақтардың нашар игерілуі), тарихи (адам аумақты неғұрлым тез игерсе, соғұрлым халық саны артады), демографиялық (табиғи өсім неғұрлым жоғары болса, соғұрлым саны көп) және әлеуметтік-экономикалық (жақсы дамыған аймақ, көлік желісі, өнеркәсіп және т.б. дамыған). Қазіргі уақытта әлемдегі ең тығыз қоныстанған бірнеше елді мекенді айтуға болады: Шығыс Азия (Қытайдың шығыс жағалауы, Жапония, КХДР), Оңт. Азия (Үндістан, Бангладеш, Пәкістан), Шетелдік Еуропа, АҚШ-тың солтүстік – шығысы. Дүние жүзі халықтарының қоныстану ерекшеліктеріне қарай қалалық және ауылдық типтерге бөлінеді. Ауылдық қоныс аудару ауыл шаруашылығының дамуымен туындады. Қазіргі уақытта әлем халқының жартысынан көбі ауылдық жерлерде тұрады. Ауылдық елді мекендердің екі түрі бар: Орталық және Оңтүстік Еуропа, Ресей, Жапония елдеріне тән топтық (ауылдық ); шашыраңқы (қожалық) АҚШ, Канада, Австралияда жиі кездеседі. Қаланың қалалық қонысы ежелгі уақыттан бері әкімшілік билік, сауда және қолөнер орталығы ретінде пайда болды. Әр елдердегі қаланы анықтау әртүрлі. Мысалы, АҚШ-та қала деп 2,5 мыңнан астам адам, Үндістанда - 5 мыңнан астам, Жапонияда - 30 мың, Финляндияда, Швеция мен Данияда - 200-ден астам адам болса қала деп есептеледі. Қазіргі уақытта тұрғындардың негізгі нысаны қалалар болып табылады, бұл соңғы бірнеше жылда қала мен ауыл тұрғындарының арақатынасының өзгеруімен дәлелденеді.

Дерек көзі: https://geographyofrussia.com/razmeshhenie-naseleniya-po-territorii-zemli-faktory-vliyayushhie-na-razmeshhenie-naseleniya-naibolee-gustonaselennye-rajony-gorodskoe-i-selskoe-naselenie-urbanizaciya/

Қосымша 4

Елдер

Халық саны, адам

Аумағы км2

Халық тығыздығы 1км2

1

Монако

32 410

2

2

Нигерия

128 772 000

923,768

3

Египет

77 505 800

1,001,450

4

Беларусь

10 300 500

207,600

5

Казахстан

15 185 000

2,717,300

Қосымша 5

Халық тығыздығы жоғары аймақтар

Халық тығыздығы төмен аймақтар

1.

2.

3.

4.

5.

1.

2.

3.

4.

5.

Себептері

Себептері

Салдары

Салдары



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу