Халық географиясы. Жаратылыстану, 6 сынып, қосымша материал.
Сабақтың басында мұғалім халық тығыздығының формуласымен таныстыру қажет.
Мұндағы р-халық тығыздығы, m- халық саны; v- елдің аумағы (ауданы).
Оқушылар формуланы пайдаланып, халық тығыздығын есептейді.
№ | Елдер | Халық саны, адам | Аумағы км2 | Халық тығыздығы 1км2 |
1 | Монако | 32 410 | 2 | |
2 | Нигерия | 128 772 000 | 923,768 | |
3 | Египет | 77 505 800 | 1,001,450 | |
4 | Беларусь | 10 300 500 | 207,600 | |
5 | Казахстан | 15 185 000 | 2,717,300 |
Тапсырманы үш деңгейде беруге болады. Мысалы 1 топқа 10 мемлекет, 2 топқа 5 мемлекет, 3 топқа 3 мемлекет т.с.с. Немесе «Халықтың қоныстануына әсер ететін факторлар» мәтінін қосымша беру арқылы қолдау көрсетуге болады.
Информацияны қабылдау типіне байланысты кинестеттерге дене шынықтыру минуты ұсынылады. Барлығы ортаға шығарылады. Мұғалім – Қазақстан деген жазуды ұстап тұрады және әртүрлі елді айта бастайды. Ал, оқушылар аталған ел мұғалімнің, яғни Қазақстанның қай жағында (батысы, шығысы, солтүстігі, оңтүстігі т.б.) орналасуына байланысты тұрып, картадан халық тығыздығын айтады.
Сабақ соңында міндетті түрде сабақ мақсаттарына және бағалау критерийлеріне оралып, оларға жету деңгейі оқушылармен талқылануы қажет. Сабақ бойынша оқушылардан міндетті түрде кері байланыс алу керек. Бірнеше оқушы сыныпқа өз жауабын оқиды.
Пайдалы сілтемелер:
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру