👈 қаріп өлшемі 👉

Қазақ тілі және әдебиеті 1 сынып 6 бөлім Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті Нұсқаулық туралы ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті

Физика-Математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Көкшетау қаласы

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні :

Сынып: 1

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақтақырыбы

Нұсқаулық туралы

Оқу мақсаттары

О3.Сөз бен сөйлемдерді дауыс ырғағын келтіріп оқиды және мағынасын түсінеді

Сабақ мақсаттары

Өзгелерді тыңдайды, түсінеді және кейбір тұстардың не туралы екенін біледі.Ұлттық ойындар туралы нұсқаулықтарды оқиді, мағынасын айтады.

Бағалау критерийлері

 

Сөз бен сөйлемдерді дауыс ырғағын келтіріп оқи алады; оқылған жаңа сөздердің мағынасын түсінеді.

Сөздік қор

Ұлттық ойындардың атаулары ,ережелер мен нұсқаулықтар

Құндылықтарды

дарыту

Еңбек және шығармашылық.

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану, ғылымға кіріспе

Алдыңғы меңгерілген білім

6-бөлім алдыңғы бөлімдерде қамтылған дағдыларға сүйенеді. Оқушылар сөздерді дұрыс айтып, сөйлем құрастыра алады.

Сабақбарысы

Сабақтыңжоспарланғанкезеңдері

Сабақтажоспарланғаніс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Сабақтың ортасы

Ұйымдастыру кезеңі:

(Т)Психологиялық дайындық

-Мынау менің жүрегім

Бәрі осыдан басталады.

Мынау басым ақылды,

Бәрі оны басқарған.

Мынау менің оң қолым,

Мынау менің сол қолым,

Барлық істі атқарған.

(Т)«Адасқан әріптер» ойыны. Дыбыстарды тіркестіріп сөз жасаңдар. (5 мин)

1. қ, а, с, ы. (асық)

2. з, у, қ, қ, ы, у. (қыз қуу)

3. з, т, ұ, қ, ы, ғ,о, м, а, қ,а, л. (тоғызқұмалақ

4. л, а, қ, н, т, а, ы, б, а. (алтыбақан)

5. к, п, ө, р, к, а. (көкпар)

6. қ, у, д, а, п, с, а, ы, р, а. /аударыспақ/

7.а, н, и, қ, а, с./сақина/

-Балалар, осы ойындардың барлығының ортақ қасиетін айтыңдаршы.

/бәрі де қазақ ойындары, ұлттық ойындар, ереже, тәртіп, нұсқаулық/

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

Жетістік критерийлерін анықтау.

(Ұ)Көркем жазу

а/Бүгінгі күнді жазғызу

ә/Сс және Сақина сөзін жазғызу

(Ұ)Ойын «Сақина тастау»

а/Ойынмен таныстыру, нұсқаулықты оқу, әңгімелеу

Нұсқаулық:Сақина тастау — бұл ойын көгалды жерде, залда өткізіледі. Ойыншылардың саны 20—25 адамға дейін болады. Олар көгалды жерді қоршалана бір аяғын астына басып, енді бір аяғымен тізерлеп тұруға ыңғайланып отырысады. Ойыншылардың аралары тым жақын болмауы керек.

Ойыншылар екі алақанын беттестіріп, қусырыңқырап, қолдарын алға соза отырады. Шеңбердің ортасына шыққан адам екі алақанын беттестіріп ойыншылардың алақандарының арасына сұғады. Ол бір шеттен бастап, басқаларға білдірместен отырған ойыншылардың біреуінің қолына сақина немесе сақина орнына алынған затты салып кетеді. Тегіс айналып өткен соң ортаға шығып, «Сақинам кімде?» деп дауыстап сұрайды. Сол уақытта қолында сақина қалған ойыншы жан-жағында отырғандарға білдірместен орнынан атып тұруы керек. Ал оның оң жағындағы адамның міндеті қасынан атып тұрған ойыншыны орнында ұстап қалу болып табылады.

Егерұстапқалса, орнынантұрушыжазатартады. Көпшіліктіңұйғаруыбойыншаән, би, күйнемесе басқабірбілетінөнерінорындапбереді. Берілген «жазаны» орындағаннанкейінолалғашқыойынбастағанадамныңорнынатұрып, ойындықайтажүргізеді. Ал егеролұстатпастантұрыпкетсе, ондаұстайалмайқалғанойыншыжоғарыдағыдайжазағабұйырылады.

ә/(Ұ) «Сақина» ойынын ойнау

(Ұ)Дәптермен жұмыс

Оқушылар «Сақина» ойыны туралы сөйлемдер құрастырып, жазады.

2-сабақ:

(Т)«Сөз маржан» ойыны

АЛТЫБАҚАН сөзінен кім көп сөз құрастырады.

Алты, бақан, бақа, ал, тал, бақ, ат, ақ, Ақан,ық, нақ, қан,Абақан,алақан,т.б.

(Ұ, Ө)«Тапқыр-Жылдам» ойынынойнау

Ойынның шарты:

Алина, «А» деген әріпті таңдайды: (7 мин)

- Атың кім?

- Алина.

- Фамилияң кім?

- Абенова

- Қайдан келдің?

- Астанадан

- Немен келдің?

- Автобуспен.

- Онда не өседі?

- Алма,алмұрт.

- Сені кім қарсы алды?

- Айжан

(Т)Нұсқаулықпен жұмыс

Топтарға ойынның нұсқаулығы жазылған парақтар таратылады. Оқушылар топта отырып, нұсқаулықты оқиды, мазмұнын талқылайды, түсіндіреді. Нұсқаулықтың мазмұнына сәйкес сурет салады немесе постер құрастырады.

Интерактивті тақтада жазылған сөздер

Қима сөздер жазылған А4 парақтары

Сс және Сақина сөзі мен суреті

Ойынның суреті мен нұсқаулық жазылған парақтары

Жұмыс дәптерлері, тірек сөздер

Алтыбақан сөзі жазылған А4 парақтары

Қима әріптер

Нұсқаулықтар мен А3 парақтары

Сабақтың соңы

Рефлексия:

-Сабақтан не үйрендің?

-Не білдің?

-Не қызықты болды?

-Не қиын болды?

Оқушылар өз ойларымен бөліседі.

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Оқушылар өздері білетін ойынның нұсқаулық жасайды.

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыТоптық жұмыс барысында

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» NIS-тің мың домбырашысы Гиннесс рекордтар кітабын бағындырды 26.05.2022
» Президенттің баспасөз қызметі Тоқаевтың 30 жыл бұрынғы суреттерін көрсетті (фото) 22.05.2022
» Қазақстандағы жеңілдетілген автокөлік несиелері: Автосалондар қосымша қызмет алуға мәжбүрлейді 20.05.2022

Пікір жазу



Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы