Қазақ тілі және әдебиеті 1 сынып 6-бөлім «Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті»Ойындарға нұсқаулық жазу. ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақмерзімдіжоспарбөлімі:

Мектеп: Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:02/16

Мұғалімнің аты-жөні :Иманбаева Н.З

Сынып: 1А

Пән: Қазақ тілі және әдебиет

Қатысқандар:20

Қатыспағандарсаны: 0

Сабақ тақырыбы

6-бөлім Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті «Ойындарға нұсқаулық жазу»

Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу)

1.3.4.1 Берілген тақырыпқа мұғалімнің көмегімен жай сөйлемдер құрастырып жазады

1.3.12.1 Мұғалімнің көмегімен сөйлем ішінде және соңында қойылатын тыныс белгілерін ажыратады

1.3.8.1 Өзінің жазған сөйлемдерін мұғалімнің көмегімен жетілдіреді, үлгі бойынша түзетеді.

 Сабақ мақсаттары

Берілген тақырыпқа мұғалімнің көмегімен жай сөйлемдер құрастырып жазады.

Мұғалімнің көмегімен сөйлем ішінде және соңында қойылатын тыныс белгілерін ажыратады.

Өзінің жазған сөйлемдерін мұғалімнің көмегімен жетілдіреді, үлгі бойынша түзетеді.

 Жетістік критерилері

Ойындарға нұсқаулық жазуды үйренеді.

 Сөздік қор

ұлттық ойындар Ақшамшық (сақина салу). Жасырынбақ. Ұшты-ұшты. ойыны

 Құндылықтарды дар дарыту

Оқушылардың ұжымдық жұмысын дамыту

 Пәнаралық

 байланыстар

дүниетану, ғылымға кіріспе

Алдыңғы меңгерілген білім

Нұсқаулық туралы

Сабақбарысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5мин

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларға жайлы ахуал ұйымдастыру

Шаттық шеңбері

Шеңбер болып тұрайық,

Бізге келсін қуаныш нұр іздеген.

Шуақ толы жанымыз, жүрегіміз,

Үлгі алсын көрген жан мына бізден.

ОМ анықтап алу

Бүгін сабақта ойындарға нұсқаулық жазып үйренеміз .

Сабақ ортасы

30мин

(М.К)

Ұлттық ойындар: ақсерек-көксерек, ақшамшық алтыбақан, тақия тастау, ұшты-ұшты, т.б. Соңғы кезде қалыптасқан ойындар: әріп таңдау, нөмір, пароль, пошта, сымсыз телефон, сыңарын табу. Сондай-ақ қазақтың ұлттық ойындарының ішінде «қуырмаш» тәрізді жас сәбилерге арналған да ойындар бар.

(Т)Оқушылармен бірнеше ойын түрлерін ойнау

«Ақшамшық» (немесе «Сақина салу»). Ерте заманнын келе жатқан дәстүрлі, әдемі ойын. Ережесі бойынша балалар дөңгелене отырады, алақандарын қабыстырып алға созады. Ойынды жүргізушінің алақанындағы сақинаны кімге салса да, өз еркі. Барлығына салып шығысымен: «Тұр, сақинам, тұр!» — деп дауыстайды. Сол сәт сақина тасталған бала «Сақина менде!» — деп атып тұруы тиіс. Оны көршілері ұстап қалса, жұрт алдында өнерін көрсетеді.

«Ұшты-ұшты!» ойыны. Ойын бастаушы бала оған қатысушыларды жаңылыстыру үшін тез-тез ұшатын, ұшпайтын заттарды араластырып айтады. Шарт бойынша ойнаушылар ұшатын заттарға ғана қолын көтеруге тиісті. Олар ұшпайтын затқа қолын көтеріп қалса, айыбына өз өнерін көрсетеді (немесе сабақтың ерекшелігіне байланысты сұрақтарға жауап береді). Ойын бастаушы негізінен адамдарды былайша жаңылыстырады:

— Ұшты, ұшты – қарға ұшты! (ұшады)

— Ұшты, ұшты – балға ұшты! (ұшпайды)

— Ұшты, ұшты – тырна ұшты! (ұшады)

— Ұшты, ұшты – тырма ұшты! (ұшпайды)..

Сергіту сәті

Қоюланып тағы ұлт

Жауды жаңбыр себелеп

Жапырақты жамылып

Бұға қалды көбелек

(МК) Оқушылармен «Бірлесіп жазу» әдісі мен нұсқау жазу. Нұсқаулардың тиісті шақта жазылуына назар аудару

) Оқушылардың жазған нұсқауларын сынып ішінде дауыстап оқуына мүмкіндік беру. Олардың дұрыстығына назар аудару.. Жазылған нұсқаулардың басқалар қолдана алатындай етіп жазылғандығын қадағалау.

Оқушыларды:

  • Нұсқау жазудың ерекшеліктерін еске түсіру. Мысалы: не қажет? Бұйрық райды қолдануын;
  • Нұсқаулықты қолданудың ыңғайлылығын.

Тыңдаушыларға пайдалы, қызықты сөйлемдермен жазылғандығын бағалау.

Оқушыларға нұсқауды жазбас бұрын сөйлемді толығымен дауыстап оқуды, жазып болған соң тағы бір рет оқуды тапсыру

Түсінікті ме? Нақты ма? Тиісті шақта жазылған ба?

«Ақшамшық» (немесе «Сақина салу»)ойынын нұсқау бойынша жазу.

презентация

Сабақтың соңы

5 мин

Сабақты қорытындылау.(Ұ) Кері байланыс.

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Дифференциация іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың дербес қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу

«Ойындарға нұсқаулық жазуда қиналған оқушыларға жеке қолдау көрсету.

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Ойындарға нұсқаулықжазуды үйренеді.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Сергіту сәттерін ұйымдастыру



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу