Мұрагерлік құқық. Құқық негіздері, 11 сынып, сабақ жоспары, 2 - сабақ.
Ұзақ мерзімдіжоспар бөлімі: Мектеп: Мұғалімнің аты жөні: Күні: Сынып: 11 Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||||
Сабақтың тақырыбы | Мұрагерлік құқық (2сабақ) | ||||||
Сабақтың мақсаты | Мұрагерлік құқықтың құқықтық реттелу ұғымы мен нысанын құқықтық жағдаяттарды талдау арқылы анықтау | ||||||
Оқу мақсаты | Дәлелдер мен дәйектер қолдана отырып, мұрагерлік құқық нысанын анықтау | ||||||
Бағалау критерийлері |
| ||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар азаматтардың заң бойынша мұрагерлікке жету ерекшеліктерін анықтап, пікірталас ұйымдастырылады (айтылым дағдысы); Оқушылар «Қар кесегі» әдісі бойынша бейнебаянға қойылған сұрақтарға жұмыс дәптерлерінде жауап жазады, кейін жауаптарын қасындағы жұбымен бірге талқылайды (жазылым және айтылым дағдысы). | ||||||
Құндылықтарды дамыту | Мұрагерлік құқық жолдарын біліп-меңгеру арқылы азаматтардың Конституцияда көрсетілген азаматтық құқықтарын қорғауды үйренеді | ||||||
Пәнаралық байланыстар | Қазақстан тарихы | ||||||
АКТ қолдану дағдылары | Сабақ барысында интерактивті тақта арқылы таныстырылым жасалады: Оқушылардың ғаламторды пайдалану мен қажетті ақпаратты алу дағдылары дамиды. | ||||||
Бастапқы білім | Мұрагерлік құқық | ||||||
Сабақтың барысы | |||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||
Сабақтың басы 10 минут | БЫМоқушыларға Ой шақыру үшін оқушыларға мұрагерлікке қатысты дәйексөзді ұсынып, оны талдай отырып сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау. «Никогда не говори, что знаешь человека, если ты не делил с ним наследство» Й. Лаватер М Сынып оқушыларын сабақтың тақырыбы, оқу мақсаты және бағалау критерийлерімен таныстырылады | 1-слайд 2,3-слайд | |||||
Сабақтың ортасы 30-минут | Зерттеу сұрақтары:
Т «Жад аукционы». Оқушылар бір минут ішінде «Мұрагерлік құқық» тақырыбына қатысты бар білетін терминдер мен тұжырымдамалар жазып шығулары қажет. Кім ең көп сөз жазса, сол жеңімпаз болып саналады. Тапсырма: Бір минут ішінде «Мұрагерлік құқық» тақырыбына қатысты бар білетін терминдер мен тұжырымдамалар жазып шығуларыңыз қажет. Сыныптық талқылау сұрақтары: 1-сұрақ: Іс жүзінде мұрагерлікке ие болу барысында қандай кедергілер кездесуі мүмкін? 2-сұрақ: Мұрагерлікті заң жүзінде рәсімдеудің маңыздылығы неде? 3-сұрақ: Мұрагерлік құқық нысандарының реттілігі қандай? Дескрипторлары:
М Талқылаудан кейін, тақтаға мұрагерлік құқық нысандарының реттілігін шығарып, көрсетуге болады. Т Оқушыларды шағын топтарға біріктіріп, оларға түрлі жағдаяттар таратылады. Топтар жағдаяттарды талдау арқылы мұрагерлік құқықтың құқықтық реттелу ұғымын түсіндіреді. Сұрақтарға жауап беру арқылы әр топ өз жағдаятындағы мәселенің шешу жолдарын ұсынады. Топтар бір-бірінің жауаптарын тыңдап, талқылайды және өз пікірлерін білдіреді. Тапсырма: Сабақта алған және өз біліміңізді пайдаланып, төмендегі жағдаяттардың шешілу жолдарын ұсыныңыз: 1-топ. Жағдаят 1: Азамат А қайтыс болар алдында өзінің бар мүлігін жиен інісіне (азамат Б) қалдыруды өсиет етеді. Азамат А қайтыс болғаннан кейін оның балалары заң бойынша мұрагерлікке ие болуы керек 1-кезектегі адамдар «біз» деп азамат Б-ға мұраны беруден бас тартады. Бұл жағдайда азамат Б қалай әрекет етуі қажет? 2-топ. Жағдаят 2: Азаматша С-ның 4 баласы бар. Қартайған шағында ол кенже баласының қолында тұрады, ал қалған 3 баласы аналарына қараудан бас тартады. Алайда азаматша С қайтыс болған кезінде оның атындағы үйді иемденуге 4 баласы да ұмтылады. Мұрагерлік дау қалай шешілуі керек? 3-топ. Жағдаят 3: Азамат Б-ның заңды некеден 2 баласы және заңсыз некеден 1 баласы бар. Азамат Б мен заңды некедегі әйелі жол апатынан қайтыс болады. Оның бар мүлігін екінші әйелі иемденіп, заңды некедегі балаларына үлестерін беруден бас тартады. Заңды некенің балалары өз үлестеріне қалай қол жеткізе алады? Топтық жұмыстың дескрипторлары:
| 4-слайд 5-слайд Қалыптастырушы бағалау мүмкіндігі бар 6-слайд 7-слайд Қалыптастырушы бағалау мүмкіндігі бар 8-слайд Жүкешов Қ.М. Адам, қоғам, құқық. Алматы, 2005. 9-слайд 10-слайд | |||||
Б Оқушылар алған білімдерін «Пирамида» әдісі арқылы кері байланыс жасап қорытындылауға болады. Оқушылар Рефлексия пирамидасына бүгінгі сабақта қандай мәліметтер алғанын және алғысы келгенін параққа салынған пирамидаға жазып, мұғалімге өткізеді. Рефлексия пирамидасы
| 11-слайд | ||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін. Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады | Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары | |||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?