Мұрагерлік құқық. Құқық негіздері, 11 сынып, презентация, 2 - сабақ


Егер сіз онымен мұраны бөліспесеңіз, адамды білемін деп ешқашан айтпаңыз

Й. Лаватер

Сабақтың тақырыбы:

Мұрагерлік құқық

Сабақтың мақсаты:

Мұрагерлік құқықтың құқықтық реттелу ұғымы мен нысанын құқықтық

жағдаяттарды талдау арқылы анықтау

Оқу мақсаты:

Дәлелдер мен дәйектер қолдана отырып, мұрагерлік құқық нысанын анықтау

Бағалау критерийлері:

Мұрагерлік құқық ұғымын түсіндіреді;

Заң және өсиет бойынша мұрагерлікке ие болудың екі айырмашылығына мысал келтіреді

«Жад аукционы»

Бір минут ішінде «Мұрагерлік құқық» тақырыбына қатысты бар білетін терминдер мен тұжырымдамалар жазып шығуларыңыз қажет.

Іс жүзінде мұрагерлікке ие болу барысында қандай кедергілер кездесуі мүмкін?

Мұрагерлікті заң жүзінде рәсімдеудің маңыздылығы неде?

Мұрагерлік құқық нысандарының реттілігі қандай?

Мұрагерлік құқық нысандары

1-кезекте: балалары, жұбайы, ата-анасы, немерелері және олардың ұрпағы

2-кезекте: бауырлары, ата-әжесі, жиендері

3-кезекте: немере ағасы, немере әпкесі

4-кезекте: қалған туыстары

 

Тапсырма:

Сабақта алған және өз біліміңізді пайдаланып, төмендегі жағдаяттардың шешілу жолдарын ұсыныңыз:

1-топ. 1-Жағдаят:

Азамат А қайтыс болар алдында өзінің бар мүлігін жиен інісіне (азамат Б) қалдыруды өсиет етеді. Азамат А қайтыс болғаннан кейін оның балалары заң бойынша мұрагерлікке ие болуы керек 1-кезектегі адамдар «біз» деп азамат Б-ға мұраны беруден бас тартады.

Бұл жағдайда азамат Б қалай әрекет етуі қажет?

2-топ. Жағдаят 2:

Азаматша С-ның 4 баласы бар. Қартайған шағында ол кенже баласының қолында тұрады, ал қалған 3 баласы аналарына қараудан бас тартады. Алайда азаматша С қайтыс болған кезінде оның атындағы үйді иемденуге 4 баласы да ұмтылады.

Мұрагерлік дау қалай шешілуі керек?

3-топ. Жағдаят 3:

Азамат Б-ның заңды некеден 2 баласы және заңсыз некеден 1 баласы бар. Азамат Б мен заңды некедегі әйелі жол апатынан қайтыс болады. Оның бар мүлігін екінші әйелі иемденіп, заңды некедегі балаларына үлестерін беруден бас тартады.

Заңды некенің балалары өз үлестеріне қалай қол жеткізе алады?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?