Мұрагерлік құқық. Құқық негіздері, 11 сынып, сабақ жоспары.


Пән аты: Құқық негіздері. Сыныбы: 11. Қысқа мерзімді сабақ жоспары.

ТГЭ ӘБ әдістемелік бірлестігінің жетекшісі:

Бекітемін:

Мектеп : Қызылорда қаласы ХББ НЗМ

Сыныбы: 11

Мерзімі:

Оқушы саны:

Пән мұғалімі: Абджалиев Н.Ә.

Бөлім: «Жеке құқық»

Бөлімше: «Азаматтық құқықтағы келісімшарттар мен міндеттемелердің жекелеген түрлері»

Тақырып: «Мұрагерлік құқық»

Оқу мақсаттары:

  • 11.3.1.3 - мұрагерлік құқықтың құқықтық реттелу ұғымы мен нысанын түсіндіру;
  • 11.3.1.4 - заң және өсиет бойынша мұрагерлікке ие болуды ажырату

Бағалау критерийлері:

11.3.1.3. оқу мақсаты бойынша-

  • Қолдану:

Мәтіндегі академиялық ақпараттарды оқи отырып, тақырыптық терминдерге анықтама береді

  • Дескрипторы:

Мұрагерлік құқық, мұраға ие болу куәлігі, өсиет, мұрагер, мұраны қабылдау тәсілдері, мұрагерлік құқықтың заңдық реттелуі, мұрагерлік құқықтың нысаны терминдеріне түсіндірме жауап жазады

11.3.1.4. оқу мақсаты бойынша-

  • Сыни тұрғыдан ойлау:

“Санадағы кинофильм” әдісін қолдану арқылы мәселелердің даму тенденциясын ұсынады

  • Дескрипторы:

Мұғалім бастаған құқықтық жағдаяттардың жалғасын талдау арқылы білім алушылар жеке және заңды тұлғалардың сұрақтарына ҚР Азаматтық Кодексінің негізінде жауаптарын жазады.

  • Талдау:

Заң және өсиет бойынша мұрагерлікке ие болудың түрлерін ажыратып, айырмашылықтарын талдайды;

  • Дескрипторы:

Әрбір білім алушы жұбымен бірге мұрагерлікк заң және өсиет бойынша ие болудың заңдық негіздеріне мысалдар келтіріп, талқылайды.

 Құндылықтарды

 дарыту:

«Мәңгілік ел» идеясының азаматтық патриотизм қасиеттерін меңгереді

Құндылықтар:

- Жаһандық азаматтықты қалыптастыру

- патриотизм

 Тілдік мақсаттар:

Оқушылар:

  • Жеке: тақырыптық терминдерге түсініктеме жазады;
  • Жұпта: құқықтық жағдаяттарды талқылайды, мәселелердің шешу жолын ұсынады

(оқу, жазу, сөйлеу және тыңдау дағдылары)

 Пәндік терминология:

  • Мұрагерлік құқық,
  • мұраға ие болу куәлігі,
  • өсиет,
  • мұрагер,
  • мұраны қабылдау тәсілдері,
  • мұрагерлік құқықтың заңдық реттелуі,
  • мұрагерлік құқықтың нысаны

 Диалогтық тіркестер:

  • Мұрагерлік құқықта мұрагердің нақтылығын заң бойынша анықтау өте маңызды, себебі...
  • Заң және өсиет бойынша мұрагерлік нысандарының мынадай айырмашылықтары бар, яғни ..........

 Бөлімнің басты

 сұрақтары:

  • Мұрагерлік құқықтың анықтамасы мен нысаны қандай?
  • Заң және өсиет бойынша мұрагерлікке ие болудың айырмашылықтары қандай?

 Пәнаралық байланыс

Әлеуметтану, саясаттану, экономика

Алдыңғы меңгерілген білім

«Жалға беру келісімшарты. Тұрғын үйді жалдау. Қарыз келісімшарты. Сақтандыру келісімшарты.»

Сабақ түрі

Өткен сабақтағы мәліметті жаңғырту мен жаңа материалды игеру сабағы.

Сабақ барысы

Сабақтың қезеңдері

Сабақтаорындалатыніс - әрекеттер

Оқытуресурстары

Басы

Қызығушылықты арттыру кезеңі

10 минут

Тақырыпқа қатысты ой шақыру ситуативті процесі.

Үй тапсырмасын сұрау.

  • «Жалға беру келісімшарты. Тұрғын үйді жалдау. Қарыз келісімшарты. Сақтандыру келісімшарты.» тақырыбына қатысты теориялық сұралым.
  • Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің Ерекше бөлімін негізге алып, «Жалға беру келісімшарты. Тұрғын үйді жалдау. Қарыз келісімшарты. Сақтандыру келісімшарты” тақырыбына мұғалім ұсынған құқықтық жағдаяттарды келісім шарттардың түрлері бойынша талқылап, қорытынды шешімдерін рольдік көрініс түрінде көрсетуі керек.
  • Қорытындылаушы сұрақ:
  • «Қалай ойлайсыздар, қазіргі Қазақстан қоғамындағы әрбір жеке және заңды тұлғалардың жалға беру келісімшартын, тұрғын үйді жалдау, қарыз келісімшартын және сақтандыру келісімшартын Азаматтық Кодекс заңнамаларына сәйкес жүзеге асыруы неліктен маңызды?»
  • Ой қорытынды.

Ситуациялық сұрақ:

  • Мұрагерлік құқықты қалай жүзеге асырылады?
  • Мұра қалдырушының мұрасын иеленген мұрагердің заңды екенін қалай анықтауға болады?

Білім алушылардың репликалары тыңдалады.

Сабақ тақырыбы, оқу мақсаттары және бағалау критерийлері жарияланады.

Сыныптық талқылау сұрақтары:

  • Мұрагерлік құқықтың анықтамасы мен нысаны қандай?
  • Заң және өсиет бойынша мұрагерлікке ие болудың айырмашылықтары қандай?

Оқушылар пікірлері тыңдалады.

Академиялық түсіндірілім:

  • 1. Мұрагерлік дегеніміз не?
  • Мұрагерлік – қайтыс болған адамның мүлкі мен мүліктік құқықтарының мұрагерге ауысуы. Мұрагерлік өсиет заң бойынша жүзеге асырылады. Кісі мүлкін бір немесе бірнеше адамға, тұтастай не бір бөлігін ғана қалдыра алады.
  • Мұрагерлік  құқық  қатынастарының  пайда болуының  негізі  мұра және мұраның бірден-бір критериі меншік.
  • Конституциямыздың 26-бабының, 1-тармағында "Қазақстан Республикасының азаматтары заңды түрде алған қандай да болсын мүлкін жеке меншігінде ұстай алады" деп мүлікке жеке меншік нысанын заңмен бекіткен. Аталған баптың, 2-тармағында "меншік, оның ішінде мұрагерлік құқығына заңмен кепілдік беріледі" деп көрсетілген

2. Мұраға ие болу құқы туралы куәлік алу үшін мұрагер қандай құжаттар тапсыру қажет?

  • Қайтыс болған адамның өлген күнін растайтын анықтама қағазы;
  • Мұраның ашылған жерін, мұраға ие болу негіздерін дәлелдейтін құжаттар;
  • Заң бойынша мұраға ие болу үшін-туысқандық қатынастарды білдіретін куәліктер (егер еңбекке қабілетсіз және қарауында болса, соны растайтын анықтама қағаз).
  • Бұл жердегі мұрагердің мұра қалдырушымен туысқандық қатынасының дәлелі болатын құжаттар:
  • Балалары, жұбайы жөніндегі азаматтық хал актілерін жазу бөлімдерінің куәліктері;
  • Туу туралы кітаптан үзінділер, төлқұжаттағы жазулар, туыстық және басқа да жақындық фактісін анықтау жөніндегі соттың заңды күшіне енген шешімдерінің көшірмесі.
  • Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 1073-бабына сәйкес, мұраға ие болу құқы туралы куәлік мұраның ашылған жерінде, мұра қалдырушы қайтыс болғаннан кейін 6 айдан кейін беріледі. Мұрагерлік құқық туралы куәлік тек қана барлық тиісті құжаттарды өткізіп, мемлекеттік баж салығын төлеген мұрагерлерге, олардың қалауларына қарай, бірге немесе әрқайсысына жеке-жеке беріледі.

3. Мұраны қабылдауда қандай тәсіл қолданылады?

  • Азаматтық заңдар бойынша мұраны қабылдауда қолданылатын тәсілдер:
  • Мұрагер мұралық мүлікті  иелену  немесе басқаруға іс жүзінде кіріскенде;
  • Мұра қабылданғаны туралы мұра ашылған жердегі мемлекеттік нотариалдық кеңсеге жазбаша арыз бергенде. Арыз мұра қалдырушының соңғы түпкілікті тұрғындағы нотариалдық кеңсеге жіберіледі. Онда арыз беруші адам өзінің атын, тегін, әкесінің атын және тұратын жерін толық көрсетуі керек (заңды мұрагердің мұралық мүлікті иеленуге немесе басқаруға кірісуі мұра ашылғаннан кейін 6 айдың ішінде жүзеге асырылуы тиіс).
  • Сонымен қатар арызда мұрагер мұра қалдырушының мүлкін қабылдайтынын, қайтыс болған адаммен туысқандық қарым-қатынасын, мұраның ашылған уақыты, мұра қалдырушының соңғы түпкілікті тұрағын, мұралық мүлікті және басқа да мұрагерлер туралы көрсетеді.
  • Мемлекеттік нотариус түскен арызды қабылдап, мұрагерлік туралы кітапқа тіркеуге міндетті. Арызды мұрагер нотариалдық кеңсеге өзі келіп немесе почта арқылы жіберуіне болады. Егер арыз почта арқылы жіберілген болса, онда арызды қойылған қолдың дұрыстығы нотариалды куәландырылуы қажет.
  • Қазақстан Республикасы “Нотариат туралы” Заңының бабына сәйкес, мұраға ие болу құқы туралы  куәлікті-мұрагерлердің  жазбаша арызы бойынша мұра ашылған жердегі нотариалдық кеңсе береді.
  • Мұрагерлік құқық тақырыбына терминдік глоссарий:

(Мұғалімге көмек ретінде ұсынылады)

  • Мұрагерлік құқық  -ол мұра қалдырушы мен мұрагер арасындағы мұраға қалған мүлік жөніндегі қатынастарды реттейтін азаматтық құқықтың саласы.
  • Мұраға ие болу куәлігі Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 1073-бабына сәйкес, мұраға ие болу құқы туралы куәлік мұраның ашылған жерінде, мұра қалдырушы қайтыс болғаннан кейін 6 айдан кейін беріледі. Мұрагерлік құқық туралы куәлік тек қана барлық тиісті құжаттарды өткізіп, мемлекеттік баж салығын төлеген мұрагерлерге, олардың қалауларына қарай, бірге немесе әрқайсысына жеке-жеке беріледі.
  • Өсиет бойынша мұрагерлікке ие болуол, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 1046-бабына сəйкес: азаматтың ол қайтыс болған жағдайда өзiне тиесiлi мүлiкке билiк ету жөнiнде өз ықтиярын бiлдiруi жөніндегі міндетті түрде жазбаша нотариалдық нысанада жасалатын бір жақты мәміле
  • Мұрагер мұра қалдырушының мүлкі мұрагерлік құқықтық мирасқорлық тәртібімен өтетін адам. Ол азамат, заңды тұлға, мемлекеттік немесе муниципалдық білім болуы мүмкін. Мұра қалдырушы қайтыс болғаннан кейін туған оның ұрпағы да мұрагер бола алады .
  • Мұраны қабылдау тәсілдері:
  • Мұрагер мұралық мүлікті  иелену  немесе басқаруға іс жүзінде кіріскенде;
  • Мұра қабылданғаны туралы мұра ашылған жердегі мемлекеттік нотариалдық кеңсеге жазбаша арыз бергенде. Арыз мұра қалдырушының соңғы түпкілікті тұрғындағы нотариалдық кеңсеге жіберіледі. Онда арыз беруші адам өзінің атын, тегін, әкесінің атын және тұратын жерін толық көрсетуі керек (заңды мұрагердің мұралық мүлікті иеленуге немесе басқаруға кірісуі мұра ашылғаннан кейін 6 айдың ішінде жүзеге асырылуы тиіс).
  • Мұрагерлік құқықтың заңдық реттелуі – Мұрагерлік  құқық  қатынастарының  пайда болуының  негізі  мұра және мұраның бірден-бір критерийі меншік.
  • Конституциямыздың 26-бабының, 1-тармағында "Қазақстан Республикасының азаматтары заңды түрде алған қандай да болсын мүлкін жеке меншігінде ұстай алады" деп мүлікке жеке меншік нысанын заңмен бекіткен. Аталған баптың, 2-тармағында "меншік, оның ішінде мұрагерлік құқығына заңмен кепілдік беріледі" деп көрсетілген.
  • Мұрагерлік құқықтың нысаны бұл мұра қалдырушының мұрагерге өсиет немесе заң бойынша өз мұрасын қалдыру негізі.
  • ҚР Азаматтық Кодексі, 1046 -1076 баптар;
  • Тақырыбы: Қазақстандық мұрагерлік құқық, Дереккөзі: https://articlekz.com/kk/article/16829
  • Авторлары: з.ғ.к., профессор Жайлин Ғ.А., «Әділет» ҚЖМ-нің PhD докторанты Мақсатов Н.Р

Тақырыбы: “МҰРАГЕРЛІК ҚҰҚЫҚТАРДЫ ҚОРҒАУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕРІ”., Дереккөзі: https://www.zakon.kz/4976386-m-ragerl-k-y-tardy-or-audy-zh-zege.html

 

Ортасы – 60 минут

Мағынаны тану кезеңі

Қалыптастырушы бағалау жұмысы:

(11.3.1.3. оқу мақсаты бойынша)

  • Қолдану:

Мәтіндегі академиялық ақпараттарды оқи отырып, тақырыптық терминдерге анықтама береді

  • Дескрипторы:

Мұрагерлік құқық, мұраға ие болу куәлігі, өсиет, мұрагер, мұраны қабылдау тәсілдері, мұрагерлік құқықтың заңдық реттелуі, мұрагерлік құқықтың нысаны терминдеріне түсіндірме жауап жазады.

Оқушылар жеке және жұптық формада ҚР Азаматтық Кодексінің 1046-1076 баптарын оқып, мазмұнын талқылайды;

Қолдану дағдысы бойынша:

1 ) ҚР Азаматтық Кодексінің 1046-1076 баптарын оқып, мазмұнын талқылау арқылы кестеде берілген «Мұрагерлік құқық» тақырыбына қатысты терминдер мен ұғымдардың анықтамасын толтырыңыздар:

11.3.1.4. оқу мақсаты бойынша-

  • Сыни тұрғыдан ойлау:

“Санадағы кинофильм” әдісін қолдану арқылы мәселелердің даму тенденциясын ұсынады

  • Дескрипторы:

Мұғалім бастаған құқықтық жағдаяттардың жалғасын талдау арқылы білім алушылар жеке және заңды тұлғалардың сұрақтарына ҚР Азаматтық Кодексінің негізінде жауаптарын жазады;

  • 2 –тапсырма. “Санадағы кинофильм” әдісі арқылы сіздерге мұғалім ұсынған мұрагерлік құқыққа қатысты тақырыптық кейс стадиды талдау арқылы оқиғалардың әрі қарайғы жалғасын фильмнен үзінді ретінде болжап, мәселелерді шешу жолдарын ұсыныңыздар.

1 –ші құқықтық жағдаят

1 –ші құқықтық жағдаяттың жазбаша жауап кестесі:

2-құқықтық жағдаяттың жазбаша жауап кестесі:

Талдау дағдысы бойынша:

3-тапсырма. Өз жұбыңызбен мұрагерліктің нысандарына берілген мәтінді қарастырып, өсиет пен заң бойынша мұрагерлікке мысалдар келтіріңіз және бір –бірінен айырмашылығын ажыратыңыз :

Өсиет бойынша мұрагерлікке мысал:

________________________________________________________________________________________________________________

Заң бойынша мұрагерлікке мысал:

________________________________________________________________________________________________________________

Өсиет және заң бойынша мұрагерлікті бір –бірінен қалай ажыратуға болады?

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Сабақта жасаған жұмысыңызға баға беріңіз:

________________________________________________________________________________________________________________

ҚР Азаматтық Кодексі, 268 -390 баптар;

Наследование

Адвокат Климов Анатолий Анатольевич

г. Санкт-Петербург-2017 год.

http://www.advokatessa.ru/nasled.htm

Наследственное право.Завещание

Нимерницкая И.А. 2017

Наследственное право

https://volna.org/obshhestvoznanie/nasliedstviennoie_pravo.html

Наследственное право

https://mypresentation.ru/presentation/prezentaciya_nasledstvennoe_pravo

Презентация на тему наследственное право

https://govorun-otvety.ru/ugolovnoe-pravo/7788-prezentaciya-na-temu-nasledstvennoe-pravo.html

Наследственное право https://prezentacii.org/prezentacii/prezentacii-po-obshhestvoznaniju/4092-nasledstvennoe-pravo.html

Соңы – бағалау мен рефлексия 10 минут

  • Тапсырмалардың орындалуын бағалау:
  • Әрбір жеке және жұптық жұмыстардың орындалу дұрыстығын бағалау критерийлері мен дескрипторларға сай оқушылар қалыптастырушы бағалау парағына өздері қояды;
  • Егер де бағалауды жүргізуде оқушылардың қиналған тұстары болса, оған мұғалім арнайы рефлексия жасап, тиісті кері байланысын береді

Оқушылардың жұмыс нәтижелері бағалау критерийлерімен бағаланады.

Рефлексия. Өз прогресін бағалау.

Төмендегі суреттерге назар аударып, өзіңіздің кері байланысыңызды беріңіз.

  • Үй тапсырмасы:

Мұрагерлік құқыққа мысал келтіріп, мәтінін жазбаша жазып келу.

  • Қолданылатын дереккөздер:

ҚР Конституциясы 1046-1076 –баптары аралығы

Дәптер, А3 қағазы

Дифференциациялап оқыту – Оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандайміндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың білімін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-ны қолдану

Құндылықтарменбайланыс

(тәрбие элементі)

Коммуникативті дағдыларын дамыту мақсатында құрылған топтар/жұптар қабілеті төмен оқушыларды қабілеті жоғары оқушылардың қолдау көрсетуін меңзейді. Мұғалім талқылау үрдісі кезінде барлық оқушылардың бірегей қатысуын қадағалау тиіс.

Дәйекті дәлелдерге ғана негізделген қорытындыға жетудің мағынасының мәні, сыныптағы қабілеті төмен оқушы дәлелдерге негізделе отырып кем дегенде өзін ойын білдіре алады, ал қабілеті жоғары оқушы тәуелсіз, негізгі жауап береді.

Топтар арасында жұмыс жасау, талқылауды тыңдау немесе талқылауға көмек беру, қажетіне қарай топтар немесе жеке оқушыларға қолдау көрсету.

Талқылауды бақылауда оқушылардың жалпы ХХ ғасыр басындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды түсінуі деңгейін бағалау.

Құндылықтар:

- патриотизм

- өз елі үшін мақтаныш

- ұлттық сана-сезім

- тәуелсіздік



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
» 85 жастағы қызылордалық ақсақал 2 млн түп ағаш еккен
» 👦🏻👧🏻Елімізде қанша бала бар?