Қ. Мырзалиев «Қызыл кітап» поэмасы. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, таратпа материал. 4 сабақ


Тапсырма №1. «Ойлан-жұптас-талқыла» әдісі бойынша келесі сауалдарды талқылаңыз. Жұптық жұмыс

1.Қ.Мырзалиевтің «Қызыл кітап» шығармасының идеясы қандай?

2.Адамбысың сен өзі мейірімді?

Адамбысың сен өзі қайырымды?!

- деген өлең жолдарында автор қандай көркемдегіш құралын қолданған?

Қолдануда қандай авторлық мақсатты көздейді?

Дескрипторға сай бағалау жүргізіледі:

  • шығарманың идеясын анықтайды;
  • көркемдегіш құралдың түрін анықтайды;
  • идея мен көркемдегіш құралдың байланысын талдайды.

Тапсырма №2. Ұсынылған кестеге сай талдау жүргізіңіз. Топтық жұмыс

Үзінді

Көркемдегіш құрал түрі, қолданылу мақсаты

Автор мақсатымен байланысы

Аңшылыққа қалай жұрт қызығады?!

Қан жуады олардың ізін әлі.

Саған ана мына жер —

Маған ана?!

Жата берсін шуылдап орман-тоғай,

Жата берсін малынып теңіз нұрға!

Ашу қысып,

Адам жеуге көшіпті жолбарыстар.

Әшкерелеп сұмдықты жарық түндер,

Жасырады қабағы жабық күндер.

Тола жатар орыны топастардың,

Мамонттардың орыны толмақ қалай?!

Бізге лайық бір жүкті артты ініміз.

Кеткен жоқ па азайып ерлігіміз?!

Кеткен жоқ па жоғалып мәрттігіміз?!

Талай темір көк тасқа қайырылды,

Талай тәңір сенімнен айырылды.

Дескрипторға сай бағалау жүргізіледі:

  • шығарманың идеясын анықтайды;
  • көркемдегіш құралдың түрін анықтайды;
  • идея мен көркемдегіш құралдың байланысын талдайды.

Тапсырма №3. Шығармадағы автордың көздеген мақсаты негізінде «Қызыл кітапқа енген жануарларды қорғау – әрбір азаматтың парызы» тақырыбында автордың көркемдегіш құралдарын қолдана отырып, шағын ой толғау жазыңыз.

Дескрипторларға сай бағалау жүргізіледі:

  • автордың мақсатын түсінеді;
  • көркемдегіш құралдарды қолданады;
  • ой толғау жазады.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу