Қ. Мырзалиев «Қызыл кітап» поэмасы. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, дидактикалық материал.


«Қызыл кітап» поэмасынан үзінді І топ Мылтық көрсем төрлерден іліп қойған,Менің мазам кетеді күдікті ойдан.Жұртпен бірге мәз болып,Ду-ду етіпҚайта алмаймын одан соң күліп тойдан.Аңшылыққа қалай жұрт қызығады?!Қан жуады олардың ізін әлі.Көргеннен-ақ мылтықтыМенің үшінДүниенің дидары бұзылады.Аяймын мен анасыз,Атасызды.Аяймын мен құлынсыз,Ботасызды.Хайуанатқа жасаған қиянатың —Бауырыңа жасаған опасыздық!Қызыл түлкі даланың көрігі еді.Жаға болып ол енді «керіледі».Бөкебаймен бүркеулі анау қалпақ —Қалпақ емес —Қақпан боп көрінеді.Тымырсығы-ай!Қалада жел еспейді.Жел есетін бұл жайлау емес дейді.Анау киім ілгішке көзім түссе,Бұғылардың мүйізі елестейді.Ауылда, өспе, мейлі, сен қалада өспе,Анаң сенің бәрібірДала емес пе?!Терезеге ұстаған анау шілтерҚұсқа құрған торларды салады еске.Айналайын бұлбұлым,Бал таңдайым,Саған тор да,Қасқырға қақпан дайын.Шынтақтаған жастықтыКөрінедіАққу-қазды жаныштап жатқандайын.Өкпелетпеу керек қой қожайынды.Айта алмайсың халыңды,Не жайыңды.Ұстай беріп айырдыШошып кетемШаншығалы жатқандай дәу жайынды!Тартып алған аңдардың бір киерін,Қыз-келіншек үшін мен құр күйемін.Кешіре гөр біздерді,Әулие көл!Кешіре гөр біздерді,Қыр киелі!II топ Біздің сайда болатын мия қалың.Ауылдастар ойлайтын ұя қамын.Мия сиреп,Ұядан құстар безіп,Біреу үшін енді мен ұяламын.Ұяламын қарауға қарлығашқа.Шиқылдайсың, балапан, қарның аш па?!Жалтаңдайсың әр Болат,Әр Қайратқа,Жаутаңдайсың әр Баян,Әр Күләшқа.Тәрбиең де жақсы еді,Тәлімің де...Аян бірақ өмірдің мәні кімге?!Торғай аттың бір кезде,Соның үшінҰяламын, бауырым, әлі күнге.Ұяламын қарауға қоңыр қазға.Толып-ақ тұр бүгінде өмір назға.Балапанын шұбыртқан қасқалдақтыңОқтан көрген қорлығы,Зәбірі аз ба?!Ұяламын қарауға шүрегейге.Құстың бірі туған да,Бірі егей ме?!Бүгін кептер атқандарЕртең ердіңКеудесіне тапанша тіремей ме?!Ұяламын қарауға егіз құрға.Қыра берсек қалады неміз қырда?!Жата берсін шуылдап орман-тоғай,Жата берсін малынып теңіз нұрға!Ұяламын қарауға қырғауылға.Аңшы деген ат бердік бір қауымға.Кейбір көлдің орнында шалшық қалды,Кейбір талдар айналды сырғауылға.Ұяламын қарауға шағалаға.Мылтық ұстап шалқарды жағалама.Құстың зарын естісеНе демекшіСаған ана мына жер —Маған ана?!Ұяламын аң аулап бел асқанға.Түсінбеймін сол үшін таласқанға.Ұшып бара жатпаса аққу-қаздар,Ұяламын қарауға көк аспанға!III топ Арқар атып,Қалайша тойламақпын?!Хабар оқып әр түрлі ойға баттым:Тегі құрып,Тігерге тұяқ қалмай,Төзімдері біткен бе хайуанаттың?!Көрем десең көлге бар,Далаға бар.Жердің де бір уәжі бағаланар.Аңшы көрсеЖиналып,ТөбесінеШығарыпты саңғуды шағалалар.Бітсе керек ойланыс,Толғаныстар.Қауіп қазір ормандар,Ну қамыстар.Қандары әбден қарайып,Ашу қысып,Адам жеуге көшіпті жолбарыстар.Әшкерелеп сұмдықты жарық түндер,Жасырады қабағы жабық күндер.Содан бүлік шығарып,Кей қоныстыТып-типыл ғып кетіп жүр алып пілдер.Бауырлар-ау!Кесесің неңді қырқып?Кей орманның орнында қалды бір түп.Қонатын жер,Ұшатын аспан аздай,Самолетке шабатын болды бүркіт.Болса болар шаруасы бұрыс кейде,Түзетуге оны адам кіріспей ме?!Туысқанның қолынан өлгеніңшеӨзіңді-өзің өлтірген дұрыс дей ме?!Амалсыздан...Көрсетіп батыр қылық,Киттерің де шығарды ақыр бүлік:Өзін-өзі лақтырып ақ қайраңға,Өз еркімен өздерін жатыр қырып.Алсақ солай барлығын майып етіп,Тағар бізге Болашақ айып етіп...Оны ойлайтын ақымақ па?Той-думандаБылшылдатып жеп отыр аю етін!..IV топ Азапты адам бір кезде желден көрді,Аязыңнан,Аптаптан,Шөлден көрді.Тірілердің бағасын білу үшінЕске алған жөн бір мезет өлгендерді.Өлгеннен соң күн де жоқШуақ та жоқ.Өлтіргенде ар да жоқ,Ұят та жоқ.Оңбағанның артында ұрпағы бар,Ал мамонттың артында тұяқ та жоқ.Бәрі-бәрі олардың қырылыпты,Біздер мына— бүгінде тірі мықты.Мамонттарды жоқтауға тиісті адам,Жоқтар болса түбінде ірілікті.Қаншама аңды өлтірдік қамап түзде?!Сағынады оларды алап күзде.Қай кезде деБолуға тиіс ендіМамонттардың апаты сабақ бізге!Бар тағдырдың тағы да,Тағы алары.Өсті мамық,Терінің бағалары.Мамонттардан дегенмен сүйек қалды,Басқалардан белгісіз не қалары?!Бұдан былай адамдар болмақ па абай?!Безген бақыт оралып қонбақ па оңай?!Тола жатар орыны топастардың,Мамонттардың орыны толмақ қалай?!Осындайда ақында тіл қышыған.Жатыр талай бүгінде жер құшып аң.Ал ғаламшар жоқтайды мамонттарынАйрылған анадай тұңғышынан.Қырдан безбе, бауырым,Нұрдан безбе!Жылататын жәйттар бар жырдан да өзге.Жиһан қамын жамылып жоқтау керекЖердің өзі жоғалмай тұрған кезде!Ойлаймыз деп бір кезде қамын бастың,Ей, адамдар, достастың,Қауымдастың.Асын беру мамонттың керек ендіЖылын берген сияқты ауылдастың.Жылататын жәйттар бар жырдан да өзгеҚырдан безбе, бауырым,Нұрдан безбе!Мамонттарды ел болып жоқтау керекМамонттарша жоғалмай тұрған кезде.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу