Мұхтар Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, дидактикалық материал. 11 сабақ.


Оқушыларды шығарма кейіпкерлерінің аттары, ру атаулары мен жер-су атаулары бойынша топқа бөлу:

1-топ - Құнанбай, Қарабас, Құлыншақ, Сүйіндік;

2-топ - торғай, матай, жігітек, бөкенші;

3-топ - Бетқұдық, Қарауыл, Түйеөркеш, Қарашоқы.

«Шытырманда» тарауынан үзінді

 Күнкенің аулына Абай келісімен, Құнанбай мұны Құлыншақ аулына жұмсады. Әкесінің Құлыншаққа айтатын сөздерін Абай ұғынып ап тысқа шыққанда, мұнымен бірге барғалы Қарабас әзір тұр екен.

 Құлыншақ аулы алыс емес болатын. Қарашоқының күнбатыс жағы, бұрынғы Қодар қыстауының арғы жапсары Торғай руына тиісті. Құлыншақ – сол Торғайдың басты кісісінің бірі.

Қарашоқыны бөктерлеп, Аймандай аттың жол жорғасымен жүріп отырып Абай:

-Шыңғыстың бөктері тегіс көктепті-ау! – деп, айналаға көз жіберіп келе жатты.

Аласа алкүрең бетеге даланы да, бөктер, беткейді де тегіс көгертіп, жасарта бастаған. Бірақ аспан ашық емес.

-Жалғыз-ақ, осы бір суық жел мен бұлт айықпайды екен! – деді.

Екі-үш күннен бері бұл өңірде күн бұлыңғыр болған. Және қыстың соңғы салқын тынысы сияқтанып бір суық жел білінуші еді.

-Е, сәуір жаңа туды ғой. Сәуірдің басы осылай бұлтты суық болатын әдеті ғой! – деп, Қарабас қыстүгіні қар болатынын айтқандай, мерзім айтты.

-Неге? Сәуір қыстың айы емес! Жаздың айы емес пе? Жылда бүйтед деймісің?

-Жылда сүйтеді. Сәуірді, осы, жұлдызша не дейді?

-Апрель дейді.

-Ендеше, сол апрелің осы. «Сәуір болмай, тәуір болмас» деп, бұрынғылар текке айтпаған. Сәуірдің басындағы суық бітпей, жаз шықпайды дегені, - деп, Қарабас Абайға ай-айдың мәнін айта бастады.

 Бұл жөнде Қарабас атшабарда Абай сезбей жүрген көп білім бар екен. Сәуір – бұл айдың арапша аты. Қазақша – мамыр. Одан соң маусым... Абай қазақша ай атының бәрін сұрап, қайта-қайта қайырып жаттап алды.

 Бірақ сәуір турасындағы жаңағы сөзді алғаш есіткені осы еді. Жазға салымның ең жайсыз кезін әнеугүні әжесі «отамалы» деп атап еді.

-Осы «отамалы» немене? Не деген сөз өзі? – деп, Абай соны сұрады.

-Отамалы көкек айының он бірінде кіріп, он жетісінде шығады. Желсіз, борансыз өтпейді. Қыстың ең соңғы зәрі сонда. Отамалы деп атағаны сол бір байдың Отамалы деген қойшысы болған екен. Сол бақыр күн қайырады екен-ау! Көкектің суығы басталған уақытта, әлгі: «Қойды жайылысқа шығармайық, боран болады. Қойдың қыстан титықтап шыққан кезі, малыңнан айрыласың», десе, байы бір діні қатты кәпір екен: «Сен тоғышарлық қып алдап отырсың» - деп, Отамалыны сабап-сабап, қойды жайылысқа шығартады. Сол күні, Құдай көрсетпесін, бір қатты боран басталып, тақ үш күн, үш түн соғып, бар қой ығып кетіп қырылыпты да, қойдан қалмаймын деп, Отамалы бақыр да үсіп өліпті. Көкектің суығы – «отамалы» атанғаны содан дейді. Әжең бақыр соны біледі ғой, - деді Қарабас.

Осыдан соң: «Айдың тоғамы» деген не?, «Өліраның» не мәні бар?, «Қыркүйек» неден қойылған? Абай осыларды да сұрастырып, көп қызық әңгімелер есітті. Аздан соң есепшілер жайын, есепшінің тәжірибесін де сұрастырып:

-Күн қайырып, есеп айтуға өзің қалайсың? – деді, жаңағының бәрін біліп, бәрін жақсы әңгіме еткен Қарабас есепшіден аман емес шығар деп ойлап еді Абай.

 Қарабас күліп:

-«Күнәң аз болса, күн есепте!» дейді екен осы күнде молда, қожа. Бірақ қолдан келсе, есепші болған жақсы-ақ қой. Мен құнт қылмай, құр қалып жүрмін. Болмаса, есепшілердің айтқаны аумай келетін жылдар болады, - деді.

 Бірқатар жол жүріп кеп, екі салт атты Қодар қорасының тұсына жетті.

Кейіпкер - Абай - «Шытырманда»

Кейіпкер іс-әрекетіне түсінік беріңіз

Үзіндідегі

кілт сөз

Сондайды шапшаң болжап шыққан Абай жаңағы Құлыншақ қалжыңын іле жөнеліп:

-Бақ берген емей немене,

Борсақтан қалған аз жерді

Менікі деп тап берді деңіз,- деді.

–Көріп, біліп келдік. Кәмшат ауру. Әл үстінде. Бізді танымады. Бауыры суып, аямас қас көргендей барлық жанды...не айтайын?-деп тоқтап қалды.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу