Оралхан Бөкейдің «Атау кере» романы. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, сабақ жоспары. 3 сабақ.


Сабақ жоспары. Қазақ әдебиеті

Сабақ:

Мектеп:

Уақыты:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сыныбы: 11 Т1

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім/ сабақтың тақырыбы

«Уақыт пен кеңістік» . Оралхан Бөкейдің «Атау кере» романы

Оқыту мақсатына сілтеме

Көркем шығарманың мазмұны мен пішіні.

Әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау арқылы жанрлық ерекшелігін түсіну

 Сабақ мақсаты:

Шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау арқылы жанрлық ерекшелігін түсінеді.

 Бағалау критерийі

  • шығарманың мазмұнын еске түсіре отырып, сюжеттік-композициялық құрылысын талдайды;
  • шығарманың сюжеттік-композициялық құрылысын талдау арқылы жанрлық ерекшелігін түсінеді.

 Құндылықтарды игерту

  • өзіне және айналадағы адамдарға құрмет;
  • ынтымақтастық;
  • жауапты азаматтық позиция.

Аталған құндылықтар сабақ тақырыбы арқылы оқушылардың жеке және жұптаса, топтаса отырып, жұмыс жасаулары, сын тұрғысынан ойлай білу, ақпаратты өңдей білу дағдылары негізінде жүзеге асады.

 АКТ-ны қолдану

  дағдылары:

Таныстырылым. Спектакльден үзінді көрсетіледі.

https://www.youtube.com/watch?v=5KuJtMtzN_0

 Пәнаралық байланыс

Тарих, қазақ тілі

 Тілдік міндеттер

Пәнге байланысты сөздер және терминдер:

Сюжеттік-композициялық құрылым; оқиғаның басталуы, байланысы, шиеленісуі, дамуы, шарықтау шегі, шешімі. Роман, проза жанры.

Диалог және жазылымға пайдалы тіркестер:

Менің байқағаным,...

Менің ойымша,...

Мен ойлаймын...

Алдыңғы білім

Проза жанры туралы ұғым-түсінігі қалыптасқан.

Жоспар

Уақытты жоспарлау

Сабақ мазмұны

Дереккөздері

Басы

3 минут

Қызығушылықты ояту.

«Ой шақыру» . Оқушылар топқа суреттер арқылы бөлінеді де, суреттер мазмұнын шығарма мазмұнымен байланыстырып сөйлейді. 3 минут

Сұрақтар:

  • Суреттен не көріп тұрсыздар?
  • Суреттегі кейіпкерлер бейнесі шығарманың қай сәттерін еске түсіреді?

Оқушылар суреттер арқылы сабақ мазмұнына болжам жасайды. Оқушылардың сын тұрғысынан ойлауы бағаланады.

№1 слайд

Ортасы

40 мин

Оқушыларға сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлері түсіндіріледі, талқыланады. 1 минут

Проблеманы айқындау кезеңі:

«Миға шабуыл» әдісі. 3 мин

Сұрақ:

  • «Атау кере» шығармасы проза жанрының қай түріне жатады? Роман ба, повесть пе?
  • «Шығарманы жанрлық ерекшелігіне қарай роман деп атауға бола ма? Романға қандай талаптар қойылады?» деген ой шақыру жасайды. Ойларын топта талқылайды, ортаға салып айтады. Оқушыларға роман туралы қысқаша түсінік ұсынылады.

Роман туралы түсінік.

Роман (ХІ — ХІІ ғасырларда роман тілдерінде жазылған әр түрлі шығармалар) — күрделі сюжетті, көбіне қара сөзбен, кейде өлеңмен жазылған кең көлемді эпикалық түр. Романда өмір құбылыстары, адамдар арасындағы қарым-қатынастар молынан қамтылған, композициялық күрделі құрылымнан тұрады. Романда лирика мен драма жанрларының сипаттары да кірігіп отырады, әңгіме мен повеске қарағанда онда түрлі оқиғалар жүйесі, сюжеттік желі, қаһармандар қатары кеңірек қамтылады. Роман адамдар тағдырын, замана шындығын суреттеу арқылы дәуір мен қоғамды, салт пен сананы бейнелейді.

Проблеманы зерттеу кезеңі:

1-тапсырма 8 минут

Оқушылар қойылымды көре отырып, сюжеттік құрылымда және жазушының идеясын жеткізуде алатын орнына баға беріп сөйлеуі керек.

https://www.youtube.com/watch?v=5KuJtMtzN_0

«Атау-кере» драмасы. І бөлім /Оралхан Бөкей/

Сұрақ:

Спектакльден көрген үзінділер шығарманың сюжеттік-композициялық құрылымындағы оқиғаның өрбуіне қалай әсер етеді?

Спектакльден үзінді көрсетіледі.

  • 3 минуттан 5 минутқа дейін;
  • 9.34-тен 11.30 көрсетіледі.
  • 37.00-ден 39.00-ге дейін көрсетіледі.

Т

Ескерту: Романнан алынған үзінділер әр топқа ұсынылады. Оқушылар жұпта жұмыс жасайды. Талдағаннан кейін жұмыстарын шығып қорғайды.

2-тапсырма 15 минут

  • Романнан үзінді түсініп оқыңыздар.
  • Берілген үзіндідегі кейіпкерлердің басынан өткен оқиғаларды талдап, сезімін талдап, автор көтерген мәселені жұпта талқылап, үзіндінің сюжеттік-композициялық құрылымында алатын орнын анықтаңыздар (Сюжеттің басталуы, байланысы, дамуы, шиеленісуі, шарықтау шегі, шешімі) және дәлелдеңіздер.
  • Ойларыңызды «Логикалық мағына моделін» пайдалана отырып жеткізіңіздер.
  • Автордың негізгі ойын қазіргі кезеңмен салыстырып, пікір білдіреді.

Дескриптор:

  • үзіндіні түсініп оқиды;
  • берілген үзіндідегі кейіпкерлердің басынан өткен оқиғаларды және кейіпкердің ой- сезімін талдап көрсетеді;
  • автор көтерген мәселені талқылап, үзіндінің сюжеттік-композициялық құрылымында алатын орнын анықтайды және дәлелдейді.
  • Ойларын «Логикалық мағына моделін» пайдалана отырып жеткізеді.
  • Автордың негізгі ойын қазіргі кезеңмен салыстыра бағалайды.

Топ жұмыстарын қорғап, 2 минуттан сөйлейді.

Өзге топты «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы бағалайды

Проблеманың шешімін ұсыну кезеңі:

3-тапсырма 3 мин.

Т

Романның сюжеттік құрылымын анықтап, кестені толтырыңыз.

Реті

Мазмұны бойынша сюжеттік дамуын анықтау

Сюжеттің басталуы

Байланысы

Дамуы

Шиеленісуі

Шарықтау шегі

Шешімі

Кері байланыс

  • Тапсырмаларды орындауда қандай қиындық болды?
  • Тапсырманы толық орындай алдыңыздар ма?

Оқушылардың өзін-өзі бағалау парағы

Критерийлер

Рубрикатор

Төмен

Берілген үзінді бойынша кейіпкерлердің басынан өткен оқиғаларды , кейіпкер сезімін талдайды

Үзіндінің сюжеттік-композициялық құрылымдағы алатын орнын анықтайды

автор көтерген мәселені талқылап,

идеялық мазмұнын терең түсінеді.

Автордың негізгі ойын қазіргі кезеңмен салыстыра бағалайды.

Өзгенің жұмысына критерийлер бойынша пікір білдіріп сөйлейді.

№2 -слайд

№3 -слайд

№4 -слайд

https://www.youtube.com/watch?v=QI94Ui1my_0

№5-слайд

№6-слайд

№7-слайд

№8-слайд

Рефлексия

3 мин

«6 қалпақ» әдісі

Ақ қалпақ- сабақ бойы біз................... тапсырмалар орындадық.

Жасыл қалпақ- сабақта алған ақпараттарды............ қолданамыз.

Қара қалпақ - сабақта бізге ...... қиын болды, себебі .......

Сары қалпақ- сабақта.................. дағдыларымызды дамыттық.

Қызыл қалпақ- сабақта бізге .............. тапсырма ұнады, себебі........

№9 -слайд

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды?

Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме?

Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба?

Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

2.

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу