Оралхан Бөкейдің «Атау кере» романы. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, сабақ жоспары. 20 сабақ.
Сабақ: Қазақ әдебиеті Нұсқа 1 | Қарағанды қ. ХББ НЗМ | |||||
Уақыты: | Мұғалімнің аты-жөні: Сулейменова М.М. | |||||
Сыныбы: 11 T1 | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | ||||
Тарау: | Кеңістік пен уақыт. О. Бөкей «Атау кере» повесі | |||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаты | 11.3.3.1 шығарманы көркемдік-эстетикалық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу | |||||
Сабақ мақсаты | Шығарманың көркемдік құндылығын талдай отырып, баға беру арқылы анализ жасау дағдылар дамиды. | |||||
Бағалау критерийлері | Шығарманың көркемдік-идеялық құндылығын гуманистік тұрғыдан талдап, әдеби эссе жазады. Өз ойын дәлелдеуде шығармадан дәлелдер келтіреді. | |||||
Тілдік міндеттер |
| |||||
Құндылықтарды қалыптастыру | Тіл мен мәдениет, тарихтың ортақтығы, ынтымақтастық, құрмет | |||||
Пәнаралық байланыс | Қазақ әдебиеті | |||||
АТҚ қолдануы | Таныстырылым | |||||
Алдыңғы білімі | Оқушылар алдыңғы сабақта кейіпкерлер сипаты арқылы автор идеясының өмірмен байланысына талдау жасады. | |||||
Жоспар | ||||||
Жоспарланған уақыт | Жоспарланған қызмет түрлері: | Ақпарат көздері | ||||
Басы 4 мин | Қызығушылықты ояту «Иә, бірақ...» Оқушылар мұғалімнің берген пікірінен бастап, алдыңғы айтылған ойға қарама-қарсы пікір айтады. Сөздерін «иә, бірақ» деген сөздермен бастайды. Шығармадағы Ерік - өте еңбекқор адам. | |||||
Ортасы 33 мин | Оқушыларға тарау тақырыбы, тілдік дағды мен оқу мақсаттары, бағалау критерийлері таныстырылады. Теориялық білім. Оқушылар әдеби эссе мен оның түрлері туралы ақпаратпен танысады. Әдеби эссе – эссе түрлерінің ішіндегі ең күрделісі. Ол жазылу мақсатына қарай әдеби-талдау эссе, әдеби-сыни эссе, әдеби-синтез эссе, әдеби-дәлелдеме эссе, әдеби-салыстырмалы эссе, әдеби-шығармашыл эссе болып бөлінеді. Әдеби эссенің әрбір түрінің жазу әдістері бар. Әдеби-талдау эссені туындыға талдау жасай отырып жазады. Әдеби-сыни эсседе автор көзқарасына, автор бейнесіне, автор үлесіне сыни көзқарасын, пікірін білдіріп жазады. Әдеби-синтез эсседе бір тақырыптың бірнеше туындыдағы көрінісін талдай келе, шешім шығарады. Шешіміне талдау жүргізе отырып, қорытындыға келеді. Әдеби-дәлелдеме эсседе ұстанымын көрсете отырып, аргументтер арқылы дәлелдеп жазады. Әдеби-салыстырмалы эсседетуындыны басқа туындымен және сол туындыдағы кейіпкерлерді, оқиға жайларын салыстыра отырып, талдап жазады.Әдеби-шығармашыл эсседе әдеби туындыдағы оқиғаны өз шығармашылығымен оқиға тудырып және кейіпкер рөліне еніп немесе оқиға уақытына, мекеніне түсіп, сезімін, ойын, жай-күйін баяндап, сипаттап, суреттеп жазады. Тақтада эссе тақырыбы көрсетіледі. О.Бөкейдің «Атау кере» шығармасының көркемдік құндылығына баға бере отырып, әдеби эссе жазыңыз. Ойтүрткі сұрағы: Қалай ойлайсыздар, берілген тапсырма қандай эссенің түріне жатады? Неге? Әдеби эссенің құрылым еске түсіріледі.
Тапсырма. Ұсынылған суреттер мен шығарманы және пікірлерді негізге ала отырып, «О.Бөкейдің «Атау кере» шығармасының көркемдік құндылығы» деген тақырыпта шығарманың көркемдік-идеялық құндылығын гуманистік тұрғыдан талдап, әдеби-талдау эссесін жазыңыз. Көлемі – 200 сөз. Дескриптор: -өзіне әсер еткен бір суреттегі бейнені сипаттай отырып, эссенің кіріспесін креативті бастайды. -шығармаға және кейіпкерлерге баға беру үшін зерттеу еңбегіндегі пікірді негізге ала отырып, көркемдік- идеялық құндылығына өз көзқарасын білдіреді; -шығарманың көркемдік құндылығын таныту үшін кемінде 7-8 көркемдік қолданысты талдап жазады. -жазба жұмысының көлемін сақтап, ой бөліктеріне (абзацтарға) бөліп, қорытынды пікір ұсынып, ойын жүйелі жеткізеді. «Оралхан бір оқылатын жазушы емес. Оралхан қайталап оқуды қажет ететін жазушы, түсінгеніңше оқи беретін күрделі суреткер». Дулат Исабеков Өмірден ерте кеткенімен артына мол əдеби мұра қалдырған Оралхан Бөкей ұлттық көркемөнерімізде өзіндік орны бар ірі суреткер. Жазушының адамның сезім тұңғиығына, жан - дүние тереңіне ой - арманына үңілген шығармалары туған халқымен бірге жасасып, оның рухани игілігіне қызмет ете береді. Тұрлыбек Мəмесейітов, жазушы, сыншы "...Бұл жалғандағы ең сорлы нəрсе - өзіңді өзің тұтқындау, өзіңнен өзің қашып құтыла алмау, бұған дейінгі жиіркенішті əрі жаныңды жарылқамай жаралайтын ойсыз қылықтарың мен опасыз əрекеттеріңнен құлан - таза арыла алмау, немесе тазалықтың нарқын бағамдай отырып, рухыңа, болмысыңа, тіпті тəңірім - ау, табиғатыңа жат оғаштықтың ортасында сүңгілесіп жүру емес пе?" Оралхан Бөкей
Кері байланыс Тапсырманы орындауда қандай қиындық туды? Берілген ресурстардың қандай пайдасы болды? |
| ||||
Соңы 3 минут | Рефлексия Үш «М» Оқушылар сабақтағы ең маңызды болды деп санайтын үш сәтті жазып көрсетеді. 1М-......................................... 2М-.......................................... 3М-.......................................... | |||||
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1. 2. Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1. 2. Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? | ||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру