М. Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, презентация. 14 сабақ.
Ғасырлық туынды
М. Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы
Оқу мақсаты:
11.3.4.1 шығарманы идеялық жағынан мазмұндас әлем әдебиеті үлгілерімен салыстыра талдап, әдеби сын жазу
Сабақ мақсаты:
Шығарамадағы автор идеясын әлем әдебиетінің танымал үлгілерімен салыстырмалы түрде талдап, әдеби сын жазу.
Бағалау критерийлері:
Әлем әдебиеті үлгілерімен салыстырады
Ұқсастығы мен айырмашылығын талдайды
Өзіндік ойын нақты, дәлелді білдіреді
Әдеби сын жазады
Жанрын сақтайды
Сауатты жазады.
Қызығушылығын арттыру:
«Былғары қолғап» ойыны
Ойын шарты: оқушылар үш адамнан тұратын топтарға бөлінеді: екі ойыншы, бір төреші. Мұғалім нұсқаған уақытта әдеби сын-пікір бойынша сұрақ-жауап сағатын ұйымдастырады. Ол қарсыласы тоқтап қалғанша жалғаса береді. Төреші есеп жүргізеді. Рөлдермен ауысып жүргізуге болады.
Ой қозғау:
«Пікірімді толықтыр»
«Сын», «Әдеби сын» сөздеріне өз ойларын қосып анықтама, түсініктеме жазады. Топ бастап, көрші топпен алмасады. Пікір жазып, қайтарады. Өзра талқылайды.
Мұғалім тарапынан толықтыру енгізуге болады.
Әдеби сын – көркем шығармаларды талдап, баға беріп, олардың идеялық-көркемдік мәнін, әдеби процестегі алатын орнын анықтайтын әдебиеттану ғылымының бір саласы.
Жеке жұмыс:
«М.Әуезовтың «Абай жолы» роман - эпопеясындағы тарихи шындық пен көркем шындықтың үндесуі» деген тақырыпта шығарманың қазақ әдебиеті мен әлем әдебиетіндегі орны туралы сыни мақала жазыңыз.
Бағалау, кері байланыс:
«Аялдама» әдісі бойынша топ болып әр топтағы жұмысқа тоқталып, ең үздік деген бір жұмысқа жұлдызша қояды. Ең көп жұлдызша жинаған жұмыс ортаға салынып, оқылады. Пікір білдіреді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру