М. Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, презентация. 2 сабақ.


Тапсырма: Үй тапсырмасы бойынша пікірлер мен фактілер негізінде мәтіннің көтерген мәселесі, идеясы, мақсатын жеткізудегі ақпараттардың маңызына сараптама жасаңыздар, өзара салыстырыңыздар.

Тапсырма. Романға үңілсек, біздің көз алдымыздан біріне-бірі ұқсамайтын, бірін-бірі қайталамайтын әрқайсысы өз қалпымен, кескін-келбетімен, ерекше ішкі сырымен соны, тың туынды болып көрінетін, көптеген әйелдер бейнесі бар. «Ел анасы » атанған Зере баласы Құнанбай алдында неге әлсіз? Көркем шығармада көтерілген мәселе негізінде ғаламдық тақырыппен байланыстыра креативті ой білдіріп, дискуссивті эссе жазыңыз.

Бағалау

-Бөлім тақырыбы мен шығарма үзіндісін үндестіреді;

-Тілдік оралымдарды орынды қолданады;

-Эссе құрылымын сақтайды;

Жазылымнан кейінгі тапсырма. Топ ішінде жұмыстарды оқып, талдап, бағалап, озық жұмысты сыныптың тыңдауына ұсыныңыздар.

Кері байланыс

«PRES» тәсілі бойынша топтық жұмыс.

1-оқушы: Позиция: «Менің ойымша,... немесе «Мен _______ деп санаймын» деген құрылымдарды қолданып, мәселеге қатысты өз пікірін айтып, көзқарасын түсіндіреді.

2-оқушы: Негіздеу: «Өйткені...» деген сөзден басталатын сөйлем құрылымын пайдаланып, өз ойының пайда болу себебін, өз ұстанымның неге негізделетінін түсіндіреді.

3-оқушы: Мысал келтіру: ойын «Мысалы, ...» сөзімен жалғастырып, өз көзқарасын қолдайтын мәліметтер, фактілер мен дәлелдемелер келтіреді.

4-оқушы: Қорытынды: ойын «Сондықтан мен ____________ деп санаймын» сөйлемімен жалғастырып, өз пікірін жинақтап, қалай әрекет жасау керектігі туралы қорытындыға келеді.

Үйге тапсырма: «Абай жолы» шығармасын оқу



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу