Ш. Мұртаза «Бесеудің хаты» драмасы. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, презентация. 3 сабақ.
Сабақтың тақырыбы:
Ш. Мұртаза «Бесеудің хаты» драмасы
Оқу мақсаттары
10.2.3.1 - шығармадағы көркемдегіш құралдардың орыны мен қызметін талдау.
Сабақтың мақсаты
Көркемдегіш құралдардың орыны мен қызметін талдайды.
Бағалау критерийлері
Көркемдегіш құралдардың орнын табады.
Көркемдегіш құралдардың қызметін талдайды.
Қызығушылықты ояту кезеңі
Мұғалім сөзі:
«Шерағаң – бүгінгі қазақ руханиятының тұлғасы»,- деп Әбіш Кекілбай айтқандай, әдебиет жүгін иығымен арқалаған Ш.Мұртазаның «Бесеудің хаты» деп аталатын шығармасымен таныстық.
«Журналистика деген қан базар. Кейбір жазушылар сол қан базардың ортасынан шыға алмай қалады. Ал Шерағаң сол қан базардан шығып, қазақтың классик жазушысына айналған дара тұлға,–деді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Мұхтар Құл-Мұхаммед Шерхан Мұртазаның әдебиетті жанрмен байытқан ерен еңбегіне жоғары баға берген болатын. Замандастары тарапынан осындай марапатқа ие болған Ш.Мұртазаның «Бесеудің хаты» драмасын қорытындылайық.
Тапсырма 1
«Әдеби шеңбер» әдісі
Талқылаушы – мазмұны мен тақырыбын талқылайды.
Белгілеуші – мазмұны бойынша сұрақ дайындайды.
Байланыстырушы – шығарманы тарихи шындықпен байланыстырады.
Топ шешені – көтерілген мәселені тақырыппен үндестіреді.
Қорытындылаушы – шығармадағы тұлғалық болмысты гуманистік тұрғыдан талдап қорытындылайды.
Тапсырма 3.
1-қадам: ЖЖ (жұппен жұмыс) «Соло Таксономия» кестесі арқылы оқушылар өз зерттеулерін ортаға салады.
2-қадам: Оқушылар өз ойларын, пікірлерін «Карусель» әдісі арқылы бір-бірімен алмасады.
3-қадам: ТЖ (топпен жұмыс) 4 топ өз талқылауларын ұсынады.
4-қадам: Топ бір-бірін бағалайды.
Дескриптор:
Өз ойлары мен көзқарастарын білдіреді, мәселелерді логикалық және әсерлі күйде дамытады.
Оқырманға ерекше әсер беру мақсатымен көркем тіл құралдары орынды қолданады.
Тапсырманы орындауға қызықты тәсілді, тиісті ұстанымды қолданады, аудиторияны жандандыра біледі.
Кері байланыс.
Сұрақтарым бар
Есімде қалды
Түсінбедім
Түсіндім
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?