Ш. Мұртаза «Бесеудің хаты» драмасы. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, дидактикалық материал. 1 сабақ.


Ш. Мұртаза «Бесеудің хаты» драмасы

1-тапсырма.

Мақсаты - Эпилогтың жанрлық табиғатын анықтау;

Кестені толтырыңыз.

Сұрақ

Жауап

1.

Эпилог деген сөз қандай мағынаны білдіреді?

Грек тілінен аударған соңғы сөз деген мағынаны білдіреді.

2.

Эпилогтың қызметі қандай?

Көркем шығарманы қорытындылайтын компонент. Шығарманың басты кейіпкерлерінің кейінгі іс-әрекеттері жайында қысқаша мәлімет беріп, соңы немен аяқталғанын көрсетеді. Негізгі оқиға желісінен бөлек тұрса да, авторлық идеяны толықтырады.

Дескриптор:

  • Эпилог сөзінің мағынасын түсіндіреді;
  • Эпилогтың қызметін ашады.

5-тапсырма.

Мақсаты - Эпилогқа сюжеттік-композициялық талдау жасау; Драманың жанрлық табиғатын көрсету.

Кестені толтырыңыз.

Сұрақ

Жауап

Дәлел

1

Эпилогтың идеясы қандай?

Қазақ халқына қарсы геноцид ұйымдастырған қылмыскерлердің Ақиқат алдында жазаланатынын жеткізу.

Үзіндіде Алаш зиялылары жұмақта, геноцидті ұйымдастырушылар тозақта бейнеленген.

2

Шығарма қандай әдеби жанрда жазылған?

Драма

Сюжет екі кейіпкердің диалогымен ашылады. Оқиға әділдіктің орнауымен аяқталады.

3

Идеяны автор қандай әдеби тәсілдермен жеткізеді?

Автор идеяны жеткізу үшін салыстыру, астарлау тәсілдерін қолданады.

Мансапқорлар да нашақорлар сияқты. Нерон Сталиннің қолына су құюға жарамайды.

4

Эпилогтағы уақыт пен кеңістік қандай?

Уақыт пен кеңістіктік бір – адамзат тарих.

Уақыт - мұнда минут, сағат, күн санау жоқ. Кеңістік – мифологиялық орын, яғни тозақ.

5

Эпилогтың фабуласы қандай?

Мүсрепов пен Рұсқұловтың диалогындағы суреттеу.

Бүкіл оқиға осы екі кейіпкердің баяндауы бойынша ашылады.

6

Эпилогтағы композициялық құрылым қандай?

Голощекин Цербер жазасынан мәңгілік қашуда, елін сатқан мансапқорлардың мәңгілік отта жануы, ал Сталин тамұқта адам санасы жетпейтін жазасын күтуде.

Композициясында әр кейіпкердің оқиғасы тізбектеліп, жазалар жинағы түрінде берілген.

Дескриптор:

Сұраққа дұрыс жауап береді;

Өз жауабын мысалдармен дәлелдейді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу