Ш. Мұртаза «Бесеудің хаты» драмасы. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, дидактикалық материал. 6 сабақ.


Ш. Мұртаза «Бесеудің хаты» драмасы

Оқу мақсаты

10.2.5.1 - қазақ әдебиеті мен әлем әдебиетіндегі ортақ құндылықтарды анықтау

10.3.4.1- ғылыми еңбектерді негізге ала отырып, шығармаға әдеби сын жазу.

Сабақ мақсаты

Ш. Мұртаза «Бесеудің хаты» драмасындағы көрініс пен В.Ф.Тендрякова «Хлеб для собаки» әңгімесіндегі үзіндінің ортақ құндылықтарын анықтау;

Екі шығарманы салыстырып, әдеби сын жазу.

Бағалау критерийлері

Екі шығарманы салыстырады;

Әдеби сында екі шығарманың ортақ құндылықтарын көрсетеді.

Әдеби сында тарихи ақпаратты қолданады.

1-тапсырма.

Мақсаты – шығарма үзінділерінің мазмұнымен танысу.

Үзінділерді оқыңыз.

Асты сызылған сөздердің астарлы мағынасын ашыңыз.

Ш. Мұртаза «Бесеудің хаты» драмасынан үзінді

 Владимир Тендрякова «Хлеб для собаки» әңгімесіндегі үзінді

 «Ақсақ құлан» азынайды. Келесі – ақбоз үй екен. Бір жақсылық бар болса, тек осы үйде ғана сияқты көрінеді. Сол үмітпен Нұрхан барып, ішінен ши қаптаған киіз есікті түріп ашып кеп жібергенде, іштен кілең қара дию, ібілістер биін көріп, шошып шегінеді.

 Нұрхан. Сұбихан алла, Сұбихан алла!

 Мүсірепов (мойнын созып) Ендігі сұмдық – не сұмдық?

 Нұрхан (шаңыраққа қарап). Аһ, жауыздар! Бәсе, түндіктен түскен екен ғой. Құзғын қарғалар. Құзғын тазқаралар.

 Мүсірепов (іргеден туырлықты көтеріп көріп). Данте суреттеген тамұқта мұндай албастылар алапаты жоқ сияқты. Мынау үйде тозақ оты лапылдайды. Қара албастылар ойнақ салады. Қырқадан қырсық шалған сорлы ел! Тазқара тасыраңдаған сұм заман! (Аһ ұрып.) Арамыздан азап арылмаған, төбемізді қырсық жайлап, кеудемізге қорлық қыстаған неткен ел едік?! (Көмекшілерге ақырып.) Тез! Өртеп жібер мынау тозақ толы үйді! Індет таратады.

 Большей частью это раскулаченные мужики из-под Тулы, Воронежа, Курска, Орла, со всей Украины. Они даже внешне не походили на людей.

 Одни из них — скелеты, обтянутые темной, морщинистой, казалось, шуршащей кожей, скелеты с огромными, кротко горящими глазами.

 Другие, наоборот, туго раздуты — вот-вот лопнет посиневшая от натяжения кожа, телеса колышутся, ноги похожи на подушки, пристроченные грязные пальцы прячутся за наплывами белой мякоти.

 И вели они себя сейчас тоже не как люди.

 Кто-то задумчиво грыз кору на березовом стволе и взирал в пространство тлеющими, нечеловечьи широкими глазами.

 Кто-то, лежа в пыли, источая от своего полуистлевшего тряпья кислый смрад, брезгливо вытирал пальцы с такой энергией и упрямством, что, казалось, готов был счистить с них и кожу.

 Кто-то расплылся на земле студнем, не шевелился, а только клекотал и булькал нутром, словно кипящий титан.

 А кто-то уныло запихивал в рот пристанционный мусорок с земли

Дескриптор

Талдауда көркемдеуіш құралдың мағынасын түсіндіреді.

Саралау

Тапсырманы жұпта орындайды;

Сөздікті пайдаланады;

Қалыптастырушы бағалау

Дескриптор бойынша бір-біріне кері байланыс береді.

2-тапсырма.

Мақсаты - Ш. Мұртаза «Бесеудің хаты» драмасындағы көрініс пен В.Ф.Тендрякова «Хлеб для собаки» әңгімесіндегі үзіндінің ортақ құндылықтарын анықтау.

Екі үзіндіні кестеге салып, салыстырыңыз.

Қаралатын аспектілері

 Айырмашылықтары

Ш. Мұртаза «Бесеудің хаты» драмасынан үзінді

Жанры

Оқиғасы

Көркемдеуіш құралдары

Ұқсастықтары

Тақырыбы

Идеясы

Әдеби әдіс

Дескриптор

Талдауда барлық аспектілер бойынша талдауды.

Саралау

Тапсырманы жұпта орындайды;

Сөздікті пайдаланады;

Қалыптастырушы бағалау

Өздерін жауап кілті бойынша тексереді.

3-тапсырма.

Мақсаты - екі шығарманы салыстырып, әдеби сын жазу.

«Әлем әдебиетіндегі аштық мәселесіне арналған шығармалардың тарихи құндылығы» тақырыбында мақала жазыңыз.

Дескриптор

Шығармалардағы тарихи шындықты көрсетеді;

Шығармалардағы көркемдік шешімді талдайды;

Шығармалардың адамзат үшін құндылығын дәлелдейді.

Саралау

Тарихи деректерді пайдаланады;

Сөздікті пайдаланады;

Қалыптастырушы бағалау

«Қарлы кесек» әдісімен дескриптор бойынша бір-біріне кері байланыс береді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу