Талап Сұлтанбеков «Көшпелі алтын» ғылыми-фантастикалық әңгіме. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Келісілді

«Қазақ тілі мен әдебиеті» ӘБ жетекшісі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Парасат пайымы

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Талап Сұлтанбеков «Көшпелі алтын» ғылыми-фантастикалық әңгіме

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.1.4.1 - көркем шығармалардан алған үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолдану;

10.3.2.1 - көркем шығармадағы көтерілген мәселелердің жаңашылдығына баға беру;

 Сабақ мақсаттары

Көркем шығармадан алынған үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолдану; көтерілген мәселелердің жаңашылдығына баға беру.

 Бағалау критерийлері

  • Әңгімеден алынған үзіндіні шығармашылық жұмыстарда қолданады;
  • Әңгімеде көтерілген мәселелердің жаңашылдығына баға береді.

 Құндылықтарды дарыту

 

Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік, еңбек және шығармашылық

 Пәнаралық байланыстар

Тарих

 АКТ қолдану дағдылары

Аудио, видео құрылғылар

Бастапқы білім

А.Кемелбаева «Шашты» әңгімесі

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

2 минут

Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлемдесу;

Оқушылардың назарын сабаққа аударту;

Саналу арқылы 4 топқа бөлінеді;

Сабақ тақырыбы, ОМ, сабақ мақсаты, бағалау критерийлері таныстырылады.

Сабақтың ортасы

5 минут

15 минут

10 минут

5 минут

Автор туралы дерек

Талап Сұлтанбеков — 1930 жылы Алматы облысының Ақсу ауданында мұғалімдер отбасында дүниеге келген қазақтың жазушысы. Алғашқы шығармаларын спорт тақырыбына арнаған. Талап Сұлтанбеков - тұңғыш рет қазақ тілінде "Дойбы деген не?", "Дойбы, шахмат, тоғызқұмалақ" атты көмекші кітап жазған спортшы, қазақ әдебиетінің тарихында ғылыми фантастика жанрына тұңғыш қалам тартқан жазушы. Ғылыми қиял (фантастика) жанрына қалам тартып жүрген жазушы шығармаларының тақырыбы сан алуан. Жасөспірімдерге арналған "Көшпелі алтын", "Жүрек тулайды", "Жұлдыз ат", Лұқпан Хакім", "Тізгін", "Темір еліне саяхат" әңгімелері оқушыны қиялға, арманға жетелейді. Ол өз оқырманын ғылымның табиғи сырына үңілуге, адам миы арқылы оның құдірет күшін танып білуге, тіпті оны тізгіндеп бағындыруға да болатынын айғақтайды.

1-тапсырма. Ж.

Берілген сілтеме бойынша кіріп, 17.38-30.17 уақыт аралығында «Көшпелі алтын» шығармасының аудио нұсқасын тыңдап, берілген кестені толтырыңыз.

 Түсінемін

 

Анықтаймын

Байланысты-рамын

 Ықпал етемін

 Сенемін

 

 

 

 

 

 

 

 

 «Түсінемін» бөліміне оқушы не түсінгенін, «Анықтаймын» бөліміне нені түсінбегенін, яғни талқылауды, толықтыруды қажет ететін өзі үшін жаңа мәліметті жазады, «Байланыстырамын» бөлімінде өмірден мысал келтіреді, «Ықпал етемін» бөлімінде көтерілген мәселені не жақтайды, не даттайды, «Сенемін» бөлімінде көтерілген мәселенің артықшылығын, келешектегі жайы туралы болжайды.

2-тапсырма. ТЖ

«Кейіпкерге хат» әдісі бойынша шығармадағы кейіпкер профессор Созақовқа немесе журналист Жоңғаровқа хат жазыңыз.

1-қадам: Мағынаны тану кезеңінде сіз мәтінмен жұмыс жасадыңыз.

2-қадам: Мәтіннен басты кейіпкерлерді таңдаңыз.

3-қадам: Берілген кейіпкерлерге олардың іс-әрекеті туралы сұрақтарды топтастырып, хат жазу керек.

4-қадам: Бұл сұрақтар жоғары деңгейде құрылуы тиіс.

Егер ... , не болар еді? Неге...? Неліктен ...?

4-қадам: Осы сұрақтарға өздеріңіз мүмкіндігінше балама жауап ұсыныңыз. Мүмкін,... ... болған шығар?

5-қадам: Хат соңында кейіпкерге ұсыныс жазыңыз.

Өзара бағалау:

«Мадақтау сэндвичі» әдісі арқылы оқушылар бір-бірін ауызша бағалайды.

  • Позитивті комментарий;
  • Сындарлы сын;
  • Келешекке ұсыныс.

Мұғалімнің бағалауы:

Мұғалім оқушыларды дескрипторлар бойынша бағалайды, сәтті шыққан тұстары және дамытатын тұстары бойынша кері байланыс береді.

https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A2%D0%B0%D0%BB%D0%B0%D0%BF_%D0%A1%D2%B1%D0%BB%D1%82%D0%B0%D0%BD%D0%B1%D0%B5%D0%BA%D0%BE%D0%B2

https://kitap.kz/books/bot_kowpeli

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың соңы

3 минут

Рефлексия

«Мен түйген ой»

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

 Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ бойынша рефлексия

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 🙌 ҚАРЫЗ ҚАЙТАРУМЕН ҒАНИБЕТ
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
Пікір жазу