Талап Сұлтанбеков «Көшпелі алтын» ғылыми-фантастикалық әңгіме. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, презентация.


Оқу мақсаты:

Сабақ мақсаты:

Талап Сұлтанбеков «Көшпелі алтын» ғылыми-фантастикалық әңгіме

10.1.4.1 - көркем шығармалардан алған үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолдану;

10.3.2.1 - көркем шығармадағы көтерілген мәселелердің жаңашылдығына баға беру.

Көркем шығармадан алынған үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолдану; көтерілген мәселелердің жаңашылдығына баға беру..

Автор туралы дерек

Талап Сұлтанбеков — 1930 жылы АлматыАлматы облысының Ақсу ауданында мұғалімдер отбасында дүниеге келген қазақтың жазушысы. Алғашқы шығармаларын спортСпорт тақырыбына арнаған. Талап Сұлтанбеков - тұңғыш рет қазақ тілінде "ДойбыДойбы деген не?", "Дойбы, шахматШахмат, тоғызқұмалақ" атты көмекші кітап жазған спортшы, қазақ әдебиетінің тарихында ғылыми фантастика жанрына тұңғыш қалам тартқан жазушыЖазушы. Ғылыми қиял (фантастика) жанрына қалам тартып жүрген жазушы шығармаларының тақырыбы сан алуан. Жасөспірімдерге арналған "Көшпелі алтын", "Жүрек тулайды", "Жұлдыз ат", Лұқпан Хакім", "Тізгін", "Темір еліне саяхат" әңгімелері оқушыны қиялға, арманға жетелейді. Ол өз оқырманын ғылымның табиғи сырына үңілуге, адам миы арқылы оның құдірет күшін танып білуге, тіпті оны тізгіндеп бағындыруға да болатынын айғақтайды.

1-тапсырма. Ж.

Берілген сілтеме бойынша кіріп, 17.38-30.17 уақыт аралығында «Көшпелі алтын» шығармасының аудио нұсқасын тыңдап, берілген кестені толтырыңыз.

https://kitap.kz/books/bot_kowpeli

«Түсінемін» бөліміне оқушы не түсінгенін, «Анықтаймын» бөліміне нені түсінбегенін, яғни талқылауды, толықтыруды қажет ететін өзі үшін жаңа мәліметті жазады, «Байланыстырамын» бөлімінде өмірден мысал келтіреді, «Ықпал етемін» бөлімінде көтерілген мәселені не жақтайды, не даттайды, «Сенемін» бөлімінде көтерілген мәселенің артықшылығын, келешектегі жайы туралы болжайды.

2-тапсырма. ТЖ

«Кейіпкерге хат» әдісі бойынша шығармадағы кейіпкер профессор Созақовқа немесе журналист Жоңғаровқа хат жазыңыз.

1-қадам: Мағынаны тану кезеңінде сіз мәтінмен жұмыс жасадыңыз.

2-қадам: Мәтіннен басты кейіпкерлерді таңдаңыз.

3-қадам: Берілген кейіпкерлерге олардың іс-әрекеті туралы сұрақтарды топтастырып, хат жазу керек.

4-қадам: Бұл сұрақтар жоғары деңгейде құрылуы тиіс.

Егер ... , не болар еді? Неге...? Неліктен ...?

4-қадам: Осы сұрақтарға өздеріңіз мүмкіндігінше балама жауап ұсыныңыз. Мүмкін,... ... болған шығар?

5-қадам: Хат соңында кейіпкерге ұсыныс жазыңыз.

Рефлексия.

«Мен түйген ой»



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу