Талап Сұлтанбеков «Көшпелі алтын» ғылыми-фантастикалық әңгімесінің идеялық құндылығы. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, презентация. 1 сабақ.


Талап Сұлтанбеков «Көшпелі алтын» ғылыми-фантастикалық әңгімесінің идеялық құндылығы

ОҚУ МАҚСАТТАРЫ

Бағалау және салыстыру

10.3.3.1. Шығарманың идеясын адамгершілік құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу

Сабақ мақсаттары

Шығарманың идеясын құндылықтар жүйесі тұрғысынан талдау;

Шығарма идеясын талқылау арқылы әдеби эссе жазу

Бағалау критерийлері

Шығарманың құндылықтарын анықтайды;

Әдеби эссе жазуда шығарма идеясының құндылығына баға береді

Суреттер сабақтың кілт сөздерін анықтап көр

1-тапсырма. С Шеңбердегі сұрақтар»

1.Парталарын дөңгелетіп орналастыру

2.Таратылған стикерлерге сұрақтар жаз. Бұл жерде сұрақтың деңгейі өте күрделі немесе өте жеңіл болып кетпесін. Мысалы:

Жазушы әңгімесіне арқау болған тақырып не?

Автордың оқиғаны баяндау мәнері.

Автор өзі көтерген мәселені қаншалықты аша білген?

Жоңғаров пен Созақовтың әрекетіне деген көзқарасы.

Жазушы журналистің ғылымға және профессор Созақовқа деген көзқарасын қалай суреттеді?

Автор профессор Созақовқа осындай қадам жасату арқылы ғылымдағы ғаламдық мәселені шешкізе алды ма?

3.Сұрақтарды шеңбердің ортаңғы аймағындағы ыдысқа салыңыз.

4. Кезегімен немесе қалаулары бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.

5.Жазушының «Әңгімелерімнің негізгі тақырыбы – табиғаттың құпия сырын ашу, оны адам санасына бағындырып, адам баласының игілігі үшін қызмет еттіру»,- деген «Көшпелі алтын» кітабына жазған аннотациясына сүйене отырып, ғылыми-фантастикаға негізделген шағын әңгіме құрастырып айт.

2-тапсырма. ЖЖ. Әңгіме кестесі

3-тапсырма. Т. Қиялгер әлемін зерттеу

Әр топ өз елінің ғылымын ілгерілетумен айналысқан тұлғаларды зерттеңіз:

1-топ. Ағжан Машани

2-топ. Жүніс Сахиев

3-топ. Талап Сұлтанбеков.

Аталған тұлғаның өмірі;

Ол өмір сүрген кезең;

Ол ғылымға деген сүйіспеншілігін қалай көрсетті?

 Ж. Эссе тақырыбы:

«Ғылыми-фантастика жанры ғылыми ашылулар қақпасының кілті бола ала ма? »

«Ыстық орындық» арқылы әр оқушы автор өз эссесін оқиды.

Кері байланыс/Рефлексия

Ұнады

Ұнамады

Ұсыныс



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу