Талап Сұлтанбеков «Көшпелі алтын» ғылыми-фантастикалық әңгімесінің идеялық құндылығы. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, сабақ жоспары. 1 сабақ.


Қысқа мерзімді жоспар

Келісілді

«Қазақ тілі мен әдебиеті» ӘБ жетекшісі ___________________________________

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Парасат пайымы

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Талап Сұлтанбеков «Көшпелі алтын» ғылыми-фантастикалық әңгімесінің идеялық құндылығы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Бағалау және салыстыру

10.3.3.1. Шығарманың идеясын адамгершілік құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу

 Сабақ мақсаттары

Шығарманың идеясын құндылықтар жүйесі тұрғысынан талдау;

Шығарма идеясын талқылау арқылы әдеби эссе жазу

Бағалау критерийлері

Шығарманың құндылықтарын анықтайды;

Әдеби эссе жазуда шығарма идеясының құндылығына баға береді

 Тілдік мақсаттар

Күн системасындағы планеталар арасындағы байланыстың маңыздылығы.

Таулар мен ондағы өсімдіктер әлемінің сипаты

 Құндылықтарды дарыту

 

- Қазақстандық патриотизм және әлемдік азаматтық;

- жаңашылдық;

- ғылыми ілгерілеушілікке қызығу;

- ұлттық рухани жаңғыру

 Пәнаралық байланыстар

робототехника, астрономия

 АКТ қолдану дағдылары

Аудио, видео құрылғылар

Бастапқы білім

Талап Сұлтанбеков шығармасымен алғаш танысып отыр

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 минут

Ұйымдастыру кезеңі:

Қызығушылықты ояту/Тақырыпты болжату

Осы суреттер сабақтың кілт сөздерін анықтай алады. ОМ, сабақ мақсаты, бағалау критерийлері таныстырылады.

Слайд 1

Сабақтың ортасы

10 минут

5 минут

5 минут

15 минут

1-тапсырма. С Шеңбердегі сұрақтар»

1.Оқушылардың парталарын дөңгелетіп орналастыру

2.Оқушыларға тақырыптың мазмұны бойынша сұрақтар жазуға арналған ұсақ қағаз қиықтарын таратып беру

3.Оқушылар қағаздарына сұрақтар жазады, бұл жерде сұрақтың деңгейінің өте күрделі немесе өте жеңіл болып кетпеуін ескертеді.Мысалы:

  • Жазушы әңгімесіне арқау болған тақырып не?
  • Автордың оқиғаны баяндау мәнері.
  • Автор өзі көтерген мәселені қаншалықты аша білген?
  • Жоңғаров пен Созақовтың әрекетіне деген көзқарасы.
  • Жазушы журналистің ғылымға және профессор Созақовқа деген көзқарасын қалай суреттеді?
  • Автор профессор Созақовқа осындай қадам жасату арқылы ғылымдағы ғаламдық мәселені шешкізе алды ма?

4.Сұрақтарды шеңбердің ортаңғы аймағына лақтырады.

5.Барлығы орындарынан тұрып ортада жатқан сұрақтарды алады.Кезегімен немесе қалаулары бойынша сұрақтарға жауап береді.

6.Жазушының «Әңгімелерімнің негізгі тақырыбы – табиғаттың құпия сырын ашу, оны адам санасына бағындырып, адам баласының игілігі үшін қызмет еттіру»,- деген «Көшпелі алтын» кітабына жазған аннотациясына сүйене отырып, ғылыми-фантастикаға негізделген шағын әңгіме құрастырып айтады.

Топтық бағалау Блоб ағашы әдісі бойынша ауызша комментарийлер беру арқылы жүзеге асады.

Дескрипторлар

  • Шығарманың үзінділерімен жұмыс жүргізеді;
  • Сұрақ-жауапта еркін ой алмасады;
  • Зерттеу сұрақтарын құрастырып, топта талқылай алады;
  • Әңгіме құрастыра алады.

2тапсырма. ЖЖ. Әңгіме кестесі

Әңгіме тақырыбы

Көшпелі алтын

Әңгімедегі құндылықтар

Тақырыпқа қандай сай ғылыми тұжырымдар келтіре аласыз?

Адамзаттың жеткен жетістіктері

Өз көзқарасыңыз. Әңгімеден қандай қорытынды шығаруға болады?

Жұптық бағалау.

Дескрипторлар

  • Шығарманың құндылықтарын анықтайды;
  • Мәтіннен дәлелдемелер келтіреді;
  • Өз қорытындыларын ұсынады.

3-тапсырма. Т. Қиялгер әлемін зерттеу

Мұғалім сыныпты 3 топқа бөледі. Әр топ өз елінің ғылымын ілгерілетумен айналысқан тұлғаларды зерттейді: Ағжан Машани, Жүніс Сахиев, Талап Сұлтанбеков.

  • Аталған тұлғаның өмірі;
  • Ол өмір сүрген кезең;
  • Ол ғылымға деген сүйіспеншілігін қалай көрсетті?

Ж.

Эссе тақырыбы:

«Ғылыми-фантастика жанры ғылыми ашылулар қақпасының кілті бола ала ма? »

«Ыстық орындық» арқылы әр оқушы автор өз эссесін оқиды.

http://kitap.kz/audiobook/2386-bot_kowpeli/2386-bot_kowpeli

Т.Сұлтанбеков «Көшпелі алтын»

Слайд 2

Слайд 3

Слайд 4

Слайд 5

Слайд 6

Сабақтың соңы

2 минут

Кері байланыс/Рефлексия

Ұнады

Ұнамады

Ұсыныс

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу