Жүсіпбек Аймауытов «Ақбілек» романы. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, дидактикалық материал. 4 сабақ.
- Ақбілек –білім жолына ұмтылып,азаматтық құқыққа ие болған алғашқы қазақ әйелінің бейнесі.
- Ақбілек тағдыры – ұлт тағдыры
- Ақбілек - құрбыларының алды, теңдікке ұмтылған, азаттықты аңсаған, зорлыққа мойымаған, өмірінен тағылым-ғибрат алған, жан-жүрегі таза, махаббат, мейірімі мол, өжет қыр қызы.
- «Дәуір шындығын бейнелейтін шығарма»
- «Ақбілек әлемі» халқымыздың өткен өмірі мен тарихының, қазақ қызы мен әйелінің тағдыр талайын суреттеген көркем шығарма.
1 топ:
... Патшамен соғыс ашқанда, ел-жұрт, отанымды қорғауға, біз соғысқа бардық. Отанды біз қорғамасақ, орыс күшті жұрт болмаса, осы надан қазақ күн көре алар ма еді? Орыс сияқты жері мол, қолтығы кең жұрттың кол астына қарағанына казақ тәубе қылу керек кой. Анығында қазақ мемлекетке не пайда келтіріп отыр? Түндік басы жылына тӛрт сом алым тӛлегені болмаса, әскерге ылау азық бергені болмаса, бұларда не шығын бар? Тек қымызын ішіп, қарнын сипап, қатынына карап, борбайын тыр-тыр қасығанды біледі. Патша қазақты каражұмысқа алам дегенде, қандай қорқып, абыржып, қиратылып калды. Қазақ солдаттан ӛлгенше қорқады. Баяғыда, қазақ орысқа қарағанда, қатын патша қазақтан солдат алмаймын деп, колхат беріпті-мыс деп, талшық кылалы. Тегінде қазақтың солдат болудан корыққаны бізге теріс те емес. Кім біледі, қолына қару берсе, орыс жұртына жау болып кетпесіне кімнің көзі жетеді? Онда ұлы Ресей кемиді, жері, елі азайып қалады. Қазақтың малы, өлі бұйымы басқа елдің пайдасына кетіп калуы мүмкін. Әйтеуір қазақ өз алдына ел болып жатқан жоқ.Ендеше, орысқа бағынуы керек. Орыстан жақын арқа күзеу қыларлық қазаққа күшті жұрт жоқ. Қазақ орысқа жерімді алды деп ӛкпелейтін шығар. Жер қазынанікі ғой. Орыс өсіп жерге сыймай жатса, бос тұрған жерді алмай қайтеді? Қазақта жер көп. Баяғыша кӛшіп-қонып, кең даланы шарлап жүре берем деп ойлайды. Жер жүзінде жалғыз казақ емес, өзге жұрт та бар ғой, оларға да тіршілік керек. Ендеше, артық жеріңді алғанға өкпелеме. Сен де егін сал, қала бол. Сонда бәрімізге де жер жетеді. Мұны казақ ұқпайды-ау |
2 топ.
Қалай Бадығұлдың жылқысын бақтым, солай көзім ашыла бастады. Қашағанды жалғыз ұстаймын. Асауды жалғыз үйретемін. Күзетке жалғыз барамын. Боранда жылқы үйретемін. Аязбен, асаумсн, қараңғы ұзақ түнмен, ұрымен, қасқырмен, қауіп қатермен алыспай, адам адам болмайды екен. Желдсн жаралған желге мінеді, адамға желік бітеді екен: жылқы бақтым — күлкі бақтым. Алыс-жақын, қатер — ойыншык болды. Жылқы бақтым — кісі болдым. Енді мені әйел де менсінетін болды. Енді менің атым да, киімім де түзелді. Кедей жақтың келіншектеріне ет, май беріп, көңіл қостым. Кейде қасқыр жеді қылып жабағы-тайлақ соғым да беріп жүрдім. Жылқы бағып жүріп, қалың беріп, қатын алдым. Бұралқы жылқы қағыстырып, ен-таңбасын бұзып, пайда-пақыршылық қылудың тәсілін де білдім. Қатын алғанда ораза ашарым да болды. |
3 топ.
Соны ойлаған кезде ақ торғын маңдайынан екі тік сызық көріне қалады. Апасы есіне түседі де, көзінен екі моншақ домалап кетеді... Жан апасы бұл үшін ӛліп кетті-ау! Тым болмаса бір ауыз тіл қатуға да мұршасын келтірмеді-ау! Жан апасынан мәнгілік айрылып, басы каралы, жүзі жаралы болып отырып, нс бетімен бай іздеген? Апасын ӛлтіріп кеткен, өзін тартып әкелген, ауылын шапқан, талаған орыстың тұкымына не ғып өз еркімен көнгені? Ел қайда? Бұл қайда? Әкесі, ауылы не күйде? Ақбілек туралы олар не ойлап жатыр десейші?.. "Сорлы қызымды ӛлтіріп тастады ма, әлдс не қылды?"— деп әкесі не ғып жаны шыдап отыр екен?.. Күйеу келмек еді, түндегі қуған, оққа ұшқан әлде сол емес пе екен? Тірі қалып, құдай жазып, көретін күн болса, күйеуіне не бетімен жолықпақ?.. "Ойпырмай! Мұндай да сорлы, мұндай да масқара болған қазақта әйел бар деймісің? Бұл қорлықты кім көрді дейсің? Осының бәріне шыдап, неғып ӛлмей, тірі отыр?.. Түндегі оқ апасына тигенше, бұған тимегенін қарасайшы... |
4-топ.
Бір күні Ақбілек пен Ұрқия кӛл жиегіне барып, жуынып отыр еді. Сара бар, Күлікен, Ескендір бар, ауылдың өңшең ұсақ балалары суға шомылып, жиекте жүгіріп, жарысып, ойнап жүр еді. Бала бірін-бірі жылатпай жүре ме, кішкене Күлікенді бір бала жүгіріп келе жатып қағып кетіп, жылатып қойды. Ескендір оны кӛре сала жүгіріп барып, жыққан баланы кішкене жұдырығымен қойып-қойып жіберді. Анау бала үлкенірек болса да, сасып қалды. Ұрқиядан қорқып, түк қыла алмады. Ескендірдің мына қылығына Ақбілек сүйсініп: — Ескендір, бері келші, қалқам! Ой, бауыр болғаныңнан айналайын!— деп шақырып алып, бетінен сүйді. — Жеңеше-ау, осының атын Ескендір деп қайдан қойып жүрсің? Орыстар Александр дейді ғой,— деп сұрады. Ұрқия баяғыда түсінде Ескендір дуана балапан ұстап бергенін есіне салып: — Ескендір дуананы ырым ғып атын Ескендір қойып едім,— деді. Соны айтқанда, Ақбілек көзі дӛңгеленіп, аз ойланып қалды да: — Жеңеше-ау! Осы Ескендір мен сияқты емес пе?— деді. Үрқия күліп жіберді. — Сен сияқты болса, сенен туған шығар!— деді. — Рас айтасың ба, жеңеше?— деген соң, Ұрқия шынын айтты. Ішіне үрген қарын тығып, өтірік буаз болғанын, Ақбілектің баласын бауырына салғанын бәрін, сыр қылды. Ақбілек қуанып кетті. — Ескендір, бері келші!— деп тағы шақырып алып:— Құлыным-ау!— деп бауырына қысып, құшырланып тағы сүйді.— өлтіретін бала емес екен-ау! Жақсы қыпсың ғой, жеңеше!— деп Ұрқияны сүйді. Аналық сезім Ақбілектің жүрегін қорғасындай балқытты. — Мен кісі қанын жүктедім бе деп жүруші ем. Жеңешетай-ай! Мен шын бақытты екем ғой! Оқуға жараған соң өзіме бересің ғой?— деді. —Берейін,— деді Үрқия |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру