Ж. Аймауытов. «Ақбілек» романы. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, презентация.


Ж. Аймауытов. «Ақбілек» романы

Оқу мақсаты

10.3.2.1 - көркем шығармадағы көтерілген мәселелердің жаңашылдығына сыни тұрғыдан баға беру;

Бағалау критерийі:

Көтерілген мәселені анықтайды

• Сыни пікір білдіреді

• Көтерілген мәселенің жаңашылдығына баға береді

«Мен таңқы мұрын бадырақ көз, шұнақ құлақтау, жарқабақтау, кірпі шаш, қарыс маңдай, қара сұр жігітпін. Жасым 35-те. Әкем Тойбазар, өзім Мұқаш болғалы аузым асқа, ауым атқа жарыған емес. Ес біле есікте жүрмін. Қалай Бадығұлдың жылқысын бақтым, солай көзім ашыла бастады. Қашағанды жалғыз ұстаймын. Асауды жалғыз үйретемін. Күзетке жалғыз барамын. Боданда жылқы бағамын. Аязбен, асаумен, қараңғы ұзақ түнмен, ұрымен, қасқырмен, қауіп- қатермен алыспай, адам адам болмайды екен... Жылқы бақтым, кісі болдым»

Кейіпкер өз портретін өзі сипаттағаны туралы қай шығармадан кездестірдіңіз?

Бұлай сипаттау қазақ әдебиетінің жаңашылдығы болып есептеледі ме?

Үзіндіден қандай мәселелерді байқап отырсыз? Атап шығыңыз.

Үзіндіде көтерілген мәселеден қандай жаңашылдықты байқадыңыз?

Тапсырма.

Үзіндіде қандай мәселе көтеріледі?

Мәселеден қандай жаңашылдықты көруге болады.?

Оған өзіңіздің сыни пікіріңізді білдіріңіз

Бұл мәселе және ондағы жаңашылдық қаншалықты маңызды?

1-топ. Адамның жүрегіне бататыны құлынының қиналғанын көре тұра, өз баласын өзінен тепкен ата-ананың қылығын көрген Ақбілектің халі еді. Себебі қорғаным деп жүрген адамнан қолдау көрмеукеудеңдегі жүрекке шоқ басқанмен тең. Бұл дүниеде одан асқан ауыр азап бар ма? Ал Ақбілек өмірдің сондай соқпағына душар болды. Бірақ, ол өзінің бойындағы өр рухты өшірмеді, керісінше өсірген үстіне үстіне өсіре берді.

2-топ. Ағасы Төлегеннің артынан іздеп барып, оқуға түседі. Нағашысы Кәмиләмен кездесіп, өз өмірлері төңірегінде өрбіткен сыр – сұхбаттары, Ақбала,Балташ т.б қатынастары қандай өзгерістерді,жаңашылдықты байқатады?

3-топ «Марқакөлдің шыныдай тынық суы да, көл жиегіндегі иірім-иірім ауыл да, пырылдап, кісінеп, оқыранып, өріске тартып бара жатқан жылқы да, жылқышының қызыл ала тысты тымағы да, анау қозы алып жүрген қайқы төс келіншектің жасыл көйлегі де, аттың жалы да, жеңгесінің басындағы күлдібадам орамалы да батар күннің сарғылтым сәулесіне шомылып, жер-дүние сары көзілдірікпен қарағандай жымыңдап, саңғырап тұрғанда, Ақбілек туып өскен ауылына жетті. Ауылда иттер шуылдайды, қорада қой маңырайды. Аспанда торғай шырылдайды. Қырындап ұшқан құс. Сары ала керенаулап, мыңқылдайды. Енесін іздеп ауылда лақ безілдейді». Қарамен берілген сөздерге назар аударыңыздар. Ол нені білдіреді?

4-топ..«Маңдайы қасқиып, мойны қаздиып, көзі мөлдіреп, ерні үлбіреп, үріп ауызға салғандай жұтынып тұр еді-ау! Тал бойында бір міні жоқ, жаңа шығып келе жатқан сүйріктей еді. Шашбауын сылдыр еткізіп, сып етіп түрегелгені, тізесімен ақ көйлегін серпе тастап, аяңшыл бедеудей кербездене аяқ басқаны, тысқарыда жүріп, жеңгесімен сыбырлап сөйлесіп, дауысы күмістей сыңғырлап тәп-тәтті күлгені, әнтек жымиып келіп, шай жасап, өп-өтірік сызылғансып, үш саусағының ұшымен шыны аяқ ұсынғаны, салалы қою кірпігін салмақпен қағып, анда-санда көз астымен бір қарап қалғаны, мұның шыны аяғына білдірмей бір қант тастап жібергені...» романда Ақбілектің портретін Бекболаттың көзқарасымен береді.

Бағалау критерийі:

Көтерілген мәселені анықтайды

Мәселенің жаңашылдығына сыни пікір білдіреді

Жаңашылдығына баға береді

Топаралық бағалау «Неге? Неге? Неге?» әдісі.

Рефлексия

Оқу мақсатына жету сізге оңай болды ма әлде қиын болды ма?

2. Оқу мақсатына жету үшін қандай іс-әрекеттер жасадыңыз?

3. Сізге нені жетілдіру қажет?

4. Сізгі көмектің қай түрі қажет



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу