Медеу Сәрсеке «Қаныш Сәтбаев» роман-эссесі. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, презентация. 4 сабақ.


«Ол кім?»

Қазақтың тұңғыш академигі

1923 жылы қазақ даласында тұңғыш рет «Алгебра» оқулығын жазды

Қазақ фольклоры мен этнографиясын зерттеушілердің бірі

Қазақ геология ғылымының негізін тұңғыш салушы

Қазақ Ұлттық ғылым академиясының құрушысы

Қазақ ұлттық Ғылым академиясының тұңғыш академигі

Оның құрметіне аспан әлемінде жұлдыз есімі берілген.

Медеу Сәрсеке «Қаныш Сәтбаев» роман-эссесі

Оқу мақсаттары

Түсіну және жауап беру

10.1.2.1.- әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау арқылы идеялық мазмұнын түсіну

Сабақ мақсаттары

Әдеби шығармаға сюжеттік талдау жасау, мағыналық-идеялық желісін түсіну, анықтау

Бағалау критерийлері

Әдеби шығарманың сюжетін түсінеді;

Идеялық желісіне талдау жасай алады.

1-тапсырма. ТЖ Сюжеттік кесте

Тақтаға сюжеттік кесте ілінеді. Әр топ өз үзіндісіндегі сюжеттің тезисін жазып жапсырма арқылы кестеге салады, топтағы бір оқушы айтып кетеді. Осылайша көлемді мәтіннің мазмұнын жылдам түсінуге мүмкіндік жасалады.

Дескрипторлар

Шығарманы түсінеді;

Кестені талабына сай толтыра алады;

Топпен ынтымақтастықта бірлесе жұмыс істейді.

Бағалау: мұғалім топтарды комментарий арқылы бағалайды

2-тапсырма. «Диалогтік билет» ТЖ

Топтарға кеспе қағаздарға өз тобына берілген үзіндідегі тура/жанама идеялардың барлығын жазып шығу тапсырылады. Кеспе қағаздар жиналып алынып, араластырылып, қайта таратылады. Топ оқушылары өздеріндегі идеялар тізбегімен танысып шығады. Барлық мәтіннің идеясы ауызша айтылады.

Бағалау: «3-2-1» 3 маңызды ақпарат

2 қызықты аспект

1 ұсыныс

топтар бір-бірінің тапқан идеялар тізбегіне баға береді.

Кері байланыс/Рефлексия

«2 жұлдыз, 1 тілек»

Сабақтағы 2 қажетті дерек

Сабаққа айтар 1 ұсыныс  

Үйге тапсырма:

Медеу Сәрсеке «Қаныш Сәтбаев» роман-эссесімен толық оқып танысу



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу