Медеу Сәрсеке «Қаныш Сәтбаев» роман-эссесі. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, дидактикалық материал. 4 сабақ.


«Сібір шамшырағында» бөлімінен үзінді

Медеу Сәрсеке «Қаныш Сәтбаев» роман-эссесі

Содан бір күні профессор В.И. Шумиловтың алдына келген. 

Көңілінде қобалжу бар. Өйт   кені бұл кісінің одағай қылықтары 

жайында  алуан қауе сет тер естіген... Шынында солай болды. Үс -

тінде қазақы күпі киіп, елтірі тымағын қолтығына қысқан, кең 

қоныш саптама етігімен айнадай жылтыр паркетті тосырқағандай 

жасқана басып (емтихан ұстаушының оқшау киімінің өзі-ақ «Мынау жабайы далалыққа мұнда не бар?» дегізгендей күпір ой 

туғызған), алдына имене кірген ашаң өңді, жүдеу жігітке мате-

матика профессоры одырая бір қарап, дереу алгебралық теңдеу 

құрай бастады, екі бел гісізді қарапайым есеп. Қаныш қинал ған 

жоқ, оп-оңай қағып тастады. Профессор «Әй, мынау, түйеден 

түскендей түземдік киргиз қайтеді, ей?» дегендей таңданыспен сы-

нақ тапсырушының күнге күйген қоңырқай жүзіне та ғы бір мәрте 

одырая қарап, алғашқыдан едәуір күр  делі бірнеше есеп жазып, 

алдына қой ды. Күпілі далалық бұларды да шығарды. Тек соңғы 

теңдеудің қитұрқы бүкпесі бар екен, оны шешуге едәуір уақыт 

ойлануға тура кел ді. Бір мезетте оның да кілтипанын тапты.

– Мына есептің бастапқы шарты қате, Василий Иванович, – 

деген-ді ол Шумиловқа батылсыздау үнмен. – Теңдеу емес, тең-

сіздік шығады, міне, қараңыз. Сірә, мына жерде қосу емес, алу 

белгісі тұруға тиіс...

– Оны қайдан білдің?

–Теңелу шарттарын тексеру арқылы... – Бәрекелді, далалық! Өзің тіпті киргиз да ласында қой бақпай, 

үнемі есеп шығарып жүргенге ұқсайсың. Бірталай жан осы 

теңдеуден шатылып еді, ал сен сүрін бей өттің. Жарайсың, жай-

саң киргиз, жа йыңды білдім. Оқи сың біздің храмда, оқисың! 

Әлгінде ғана құрыстанып отырған профессор Шумилов кә-

дімгідей жадырап, аяқастынан масаттанып қал ды. 

Сонымен, Қаныш – технология институтының кен факультеті-

нің студенті. Көптен бергі арманы жүзеге асып, білімнің биік орда-

сына қолы жеткен бақытты жан!..

Қаныштың  көңілін күпті етіп, жүрегін діттей беретін – кеудедегі дерті. 

Бетіндегі қызыл шырай күзде-ақ жоғалған. Қазір жағы сидиып, 

ұрт еті сылынып қалғандай күрт тү сіп кетті. Жүзі де қуарып, 

сүйектенген шөп тей өң-сөлсіз реңге көшкен. Суық аудито рия-

ның зардабы, тамақ та қырдағыдай емес, әлде кітапханада көп 

отырғанның салдары? Ал қыс ортасы ауғалы жөтел қо сылып, 

қорғаншақ көңілін тұқыртып барады. Ақыры төсек тартып жатып қалды. М.А. Усовтың өтінішімен науқасты қараған университет профессоры, терапевт М.Г. Курлов 

шәкірттен сырқатының жай-жапсарын жасырған жоқ.

– Дертіңе шипа бірден-бір амал – тыныштық, таза ауа, күшті 

тамақ, дәру қымыз... Мұнда өткізген әрбір күннің үлкен қатер 

екенін ескертемін, жас жігіт.

Бұлардың бірде-бірі Томда жоқ, ауылда. Ауыл болса аяқ жетпес 

қашықта. Қайтуға көңілі дауаламайды. Қайтпасқа бірақ шарасы 

да жоқ. Мұндай білім ордасы, өнегелі орта, зиялы қауым, Усовтай 

ғұлама ұстаз, ғазиз жандар өзіне қайта кезіге ме? Әлде дерті жеңіп, 

сырылдаған өкпесі мүлдем сөне ме?.. Жо-жоқ! Қайтып оралғың 

келсе, мұрат еткен білім қайнарынан мейірің қанғанша сусындау 

үшін де тезірек кету қажет! 

Жазғытұрымғы көк соқтаға  ұрынбай ауылына жетіп алғаны пайдаға шықты, ке ле-ақ сыралғы дертпен күрес басталды: ерте 

құлындаған бірлі-жарым биелердің сүті де, дәмді ас та науқастың 

аузында; көшу мен қоныс қамы, мал баққан ауылдың тірлік 

қарекеті де Қаныштың жолына байлан ған. Ақыры, екі-үш айдан 

соң науқас жігіттің бетіне қызыл жүгіріп, жүзі нұрлана бастады.

Қорғаншақ болып қалған ба, әлде тезірек сауығуды мұрат көрді 

ме – бұл жолы ол ауылынан ешқайда шықпай, бұрнағы жылдар-

дай әлеумет жұмысына да араласпай, өз отауында жан күйттеп ты-

ныш жатады. Тек жай жатқан жоқ-ты, Томнан ала келген ғылыми 

кітаптарды құныға оқумен шұғылданады. Құштар көңілі бірақ 

соған тояттамайды, алыста қалған жаңа достарын, күн сайын 

табиғат құпиясын ашқан білім ордасын аң сайды. Небәрі алты-ақ 

ай жанасыпты, мардымсыз мерзім. Соның өзінде көрген-білгені 

қаншама! Зер сала қа раса – біраз ілімнің басын шалған, ең бас-

тысы, геология негіздерін танып, өз бетінше ғылыми әдебиеттер 

оқуға жарарлық тағылым алған.

Даниял Ысқақұлы (Абайдың немере інісі) бір топ түтінді Шың ғыс 

сыртына, Бақанас бойындағы шұрайлы жерге көшіріп апарған. 

Қалашық салып, өзеннен су шығаратын арық жырғызыпты, 

сiрә, егiн салуды машық етпек. Бұл – отырықшы жұрт болудың 

алғышарты... 

Қаныш та өз ауылының үлкендерiне сыпыра көшуден тыйы-

луды, шаруаға қолайлы сулы, нулы қоныс тауып, жөндем қыстау 

салып, мектеп ашып, отырықшы ел болуға үгіттеп бағады.

Технология институтының студенті Қа ныш Сәтбаевтың уни-

верситет кітапханасындағы карточкасында қазақ даласы тура-

лы орыс зерттеушілерінің бұрынды-соңғылы жазған ғылыми 

еңбектері молдап тізіле бастады: П. Паллас, В. Радлов, П. Мелио-

ранский, И. Веселовский, Г. Потанин және басқалардың әр жыл-

дары жазған жазбалары, саяхат күнделіктері, түрлі зерттеулері. 

Сірә, сол ізденістің әсері болар, Қаныш Имантайұлы ғұмырбаяндық 

жазбаларында: 

«Сирек қолжазбалар бөлімінен Едіге туралы ескі  аңыздың Шоқан Уәлиханов жазып алған 3 түрлі нұс қасын көріп қызыға таныстымСолардың бірін, әрине, Шоқан нұсқасын 1927 жылы Мәскеудің «Күншығыс» баспасынан жеке кітапша  етіп жарияладым...» – делінген.

Студент жігіттің құмар ісі әр түрлі, соның бірі – жан-дүниеңді 

рухани байытатын меншік кі тапхана жинау. Анығында, бұл әдет 

оған өз  әкесі Имантайдың Шығыс ақындарының асыл мұрала-

рын ұқыптап сандықта ұстаудан бастау алған. Сол әдет 

енді, «Сынықтан басқаның бәрі де жұ 

ғады деген тағылымға сай, Қанышқа да ауысқан. Тек оның көбірек қаузайтыны – 

ғылыми әдебиеттер, әсіресе геология саласындағы кітаптар – 

К.И. Богданович, И.Н. Мушкетов, В.А. Обручев, Г.Г. Семенов-

Тян-Шанский ең бектері, Д.И. Менделеев сынды орыс ғылы мы- 

ның мақтаныштарымен қоса, сол жұрттың «Алтын ғасыр» 

әдебиетін сомдаушылары – Белинский, Писарев, Добролюбов, 

шетел классиктерінен – Вольтер, Анатоль Франс, Шекспир, 

Диккенс, Гейне, Шиллер шығармалары. Философиялық ой 

теңізіне сүңгітетін ғұламалардың да бірталай шығармаларын 

Қаныш Имантайұлы студент кезінен құмарта жинаған. 

http://emirb.org/serseke-m-shifarmalari.html?page=12



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу