Абай Құнанбаев. Он екінші қарасөз. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, презентация.
Сабақтың тақырыбы
Абай Құнанбаев. Он екінші қарасөз
Сабақтың мақсаты
А/И.10.2.2.1. Автор бейнесінің шығармадағы көрінісін анықтау
Бағалау критерийі
Автор бейнесінің шығармадағы көрінісін анықтай алады.
Қызығушылықты ояту
Қарасөз деген не?
Абайдың қарасөз жазудағы мақсаты не?
Абайдың қарасөздерінің тақырыптары?
Қарасөздерінің ерекшеліктерін атаңдар.
Абай қарасөздерін қай жылдар аралығында жазған?
Тапсырма
https://www.youtube.com/watch?v=Ai2enf6oLGA Абайдың он екінші қарасөзі
ТЖ «Әдеби үйірме» әдісі бойынша
1- қадам: Оқушылар Абай Құнанбаевтың он екінші қарасөзін тыңдайды.
2- қадам: Оқушыларды 4 топқа бөліп отырғызып, 4 қызмет жазылған бүктелген қағаздарды алдына тастаңыз. Олар қағаздарды алып, ашып, өздерінің қызметімен танысады. Қызмет түрлері:
Зерттеуші қарасөздегі бас кейіпкер ақының көңіл күйін, қарасөз жазуда көздеген мақсатын зерттейді.
Баяндап беруші шығарманың идеясын анықтап, рухани құндылықтары туралы қосымша мәлімет дайындайды.
Сұрақ құрастырушы шығарма бойынша сұрақ құрастырады. Сұрақтар төменгі және жоғары деңгейлі болуы қажет.
Дәнекер – автор көтерген мәселелерді бүгінгі өмірмен байланыстырады.
Дескриптор: Қарасөзді түсінеді;
Ақының көңіл күйін бере алады;
Қарасөз жазуда көздеген мақсатын айтады;
Шығарманың идеясын анықтайды;
Рухани құндылықтары туралы қосымша мәлімет дайындайды;
Жоғары деңгейлі сұрақ құрастыра алады;
Төмен деңгейлі сұрақ құрастыра алады;
Автор көтерген мәселені бүгінгі күнмен байланыстырады.
Сыни хабарлама
Оқырманның рухани дүниесіне шығарма әсері туралы сыни хабарлама жазады. Олар өз ойларын дәлелдеу үшін шығармадан қысқаша дәйексөздер қолданады.
Дескриптор: Сауатты жазады;
Дәйексөздер қолданады;
Ойын жүйелі жеткізеді.
Рефлексия
Қиын болды
Қызық болды
Ұсыныс
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру