Абай шығармашылығы. Он жетінші қарасөз, отыз екінші қарасөз, отыз үшінші қарасөз. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, презентация. 3 сабақ.


1-жұп «Үлкеннен ұят сақтап, кішіге рақым қылдыратұғын – мен»,-кімнің сөзі? (жүрек)

2-жұп Табанының топырағы көзге сүртерлік қасиетті адам қандай болу керек?(қайратты, ақылды, жүрегі жұмсақ)

3-жұп Қайрат, ақыл, жүрек үшеуінің дауын шешетін кім? (ғылым)

4-жұп Уайымсыз салғырттық туралы Абайдың нешінші қарасөзінде айтылады? (отыз екінші қарасөзі)

5-жұп Әуелі - құдайдың, екінші - халықтың, үшінші - дәулеттің, төртінші - ғибраттың, бесінші - ақылдың, ардың -бәрінің дұшпаны не? (уайымсыз салғырттық)

6-жұп «Білім-ғылымды көбейтуге екі қару бар адамның ішінде»-дейді Абай. Ол қандай қару туралы айтады? (бірі - мұлахаза қылу (ойлау, талдау), екіншісі - берік мұхафаза қылу (сақтау).

7-жұп Мал жұтайды, өнер жұтамайды. Абайдың қай қарасөзінен алынған үзінді? (отыз үшінші қара сөз)

8-жұп Құдай тағала қолына аз-маз өнер берген қазақтардың кеселдері болады. Абай айтқан кеселдердің бірі (еріншектік, салғырттық, кербездікке салыну)

9-жұп Егер де мал керек болса... жалғасын табыңыз (қолөнер үйренбек керек)

Т Кестені топпен ақылдаса отырып толтырады

С «Шәкәрім Абайдан соңғы ең танымал есім, ең көрнекті тұлға. Сондықтан да қос алыптың шалқар дүниетанымы, нұрлы жаны, талантты тебіренісі, өзгеше бітімі, биік мақсұты, ақыл-ой тереңдігі қазақ халқының арымайтын рухани биігі болып қала бермек»,-дейді АЛДАБЕРГЕНОВА А.Қ.

Екі алып тұлғаның шығармашылығындағы сабақтастық пен өзіндік ерекшелікті сипаттап, әдеби сын жазу.

Бағалау критерийі

Екі тұлғаның шығармаларындағы ортақ идеяны анықтайды;

Абай мен Шәкәрімнің шығармаларындағы өзіндік ерекшелікті сипаттайды;

Ой жүйелілігін сақтайды;

Таза, сауатты жазады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу