Абай шығармашылығы. Он жетінші қарасөз, отыз екінші қарасөз, отыз үшінші қарасөз. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, сабақ жоспары. 3 сабақ.


САБАҚ:

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім тақырыбы

Өлең – сөздің патшасы. Абай шығармашылығы.

Он жетінші қарасөз, отыз екінші қарасөз, отыз үшінші қарасөз,

Сабақтың тақырыбы

Абай шығармашылығы.

Он жетінші қарасөз, отыз екінші қарасөз, отыз үшінші қарасөз,

Сабақтың түрі

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

10.3.4.1 - шығарманы идеялық жағынан мазмұндас

туындылармен салыстыра отырып, әдеби сын жазу.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар

  • Қара сөздерді түсініп оқиды

Көптеген оқушылар

  • Шығармадан өзекті мәселелерді анықтайды

Кейбір оқушылар

  • Үзінділерді ғаламдық тақырыптағы өзекті мәселелермен байланыстырады

Бағалау критерийі

Қара сөздерді түсініп оқиды

Шығармадағы өзекті мәселелерді анықтайды

Ғаламдық тақырыптағы өзекті мәселелермен байланыстырады

Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология: қайрат, кәмелетке жету, ғибадат қылу, күнәкарлық, көрсеқызар, дененің патшасы, мал жұтайды, өнер жұтамайды,

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер

Пәнаралық байланыс

Тарих

Мектеп құндылықтары

Академиялық адалдық: өзге адамдардың пікірі мен идеяларына деген құрмет, академиялық адалдық ұстанымдарын сақтау

Осыған дейін меңгерілген білім

Алдыңғы біліммен байланыстыру:

ЖЖ.«Түрлі –түсті хатқалта» арқылы мұғалім алдыңғы біліммен байланыс жасай алады.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

Ұйымдастыру:

-оқушылардың сабаққа қатысын тексеру;

-сабақ мақсатымен таныстыру;

«Шығыс базары» әдісі

Оқушылар сұрағы мен жауабы жазылған парақшаларды қораптан суырады. Сұрағы мен жауабын сәйкестендіру арқылы жұптасады. Үш қара сөзге сәйкес келетін сұрағы бар оқушылар топтасады.

Оқылым алды тапсырмасы:

1-жұп «Үлкеннен ұят сақтап, кішіге рақым қылдыратұғын – мен»,-кімнің сөзі? (жүрек)

2-жұп Табанының топырағы көзге сүртерлік қасиетті адам қандай болу керек?(қайратты, ақылды, жүрегі жұмсақ)

3-жұп Қайрат, ақыл, жүрек үшеуінің дауын шешетін кім? (ғылым)

4-жұп Уайымсыз салғырттық туралы Абайдың нешінші қарасөзінде айтылады? (отыз екінші қарасөзі)

5-жұп Әуелі - құдайдың, екінші - халықтың, үшінші - дәулеттің, төртінші - ғибраттың, бесінші - ақылдың, ардың -бәрінің дұшпаны не? (уайымсыз салғырттық)

6-жұп «Білім-ғылымды көбейтуге екі қару бар адамның ішінде»-дейді Абай. Ол қандай қару туралы айтады? (бірі - мұлахаза қылу (ойлау, талдау), екіншісі - берік мұхафаза қылу (сақтау).

7-жұп Мал жұтайды, өнер жұтамайды. Абайдың қай қарасөзінен алынған үзінді? (отыз үшінші қара сөз)

8-жұп Құдай тағала қолына аз-маз өнер берген қазақтардың кеселдері болады. Абай айтқан кеселдердің бірі (еріншектік, салғырттық, кербездікке салыну)

9-жұп Егер де мал керек болса... жалғасын табыңыз (қолөнер үйренбек керек)

Бағалау критерийі

Дескриптор

Шығарманы идеялық жағынан мазмұндас туындылармен салыстыра отырып, әдеби сын жазу.

Абайдың қарасөзі мен Шәкәрімнің өлеңін оқиды

Туындыларды салыстырады

Туындыларды салыстыра отырып, әдеби сын жазады

Келесі қысқартуларды қолданыңыз:

МН =Мұғалімге арналған нұсқаулық

МЖ = Мұғалім жасаған

ӨД = өзге дерек көздері

Сабақтың

ортасы

Оқылым тапсырмасы:

Оқушыларға Абай Құнанбайұлының он жетінші қарасөзі мен Шәкәрім Құдайбердіұлының «Ақыл деген өлшеусіз бір жарық нұр...» өлеңдері оқуға беріледі.

Оқылымнан кейінгі тапсырма:

Т Кестені топпен ақылдаса отырып толтырады

Абай Құнанбайұлының

Он жетінші қарасөзі

Шәкәрім Құдайбердіұлының «Ақыл деген өлшеусіз бір жарық нұр...» өлеңі

Екі шығарманың ұқсастығы

Екі шығарманың айырмашылығы

Оқушылар бір-бірін бағалайды.

Бағалау критерийі

Дескриптор

Ұпай саны

Шығарманы идеялық жағынан мазмұндас туындылармен салыстыру

Абайдың қарасөзін оқып мағынасын түсінген

Шәкәрімнің өлеңін оқып, мағынасын түсінген

Екі шығарманың кем дегенде 3 ұқсастығын табады

Екі шығарманың кем дегенде 3 айырмашылығын табады

С

«Шәкәрім Абайдан соңғы ең танымал есім, ең көрнекті тұлға. Сондықтан да қос алыптың шалқар дүниетанымы, нұрлы жаны, талантты тебіренісі, өзгеше бітімі, биік мақсұты, ақыл-ой тереңдігі қазақ халқының арымайтын рухани биігі болып қала бермек»,-дейді АЛДАБЕРГЕНОВА А.Қ.

Екі алып тұлғаның шығармашылығындағы сабақтастық пен өзіндік ерекшелікті сипаттап, әдеби сын жазу.

Бағалау критерийі

  • Екі тұлғаның шығармаларындағы ортақ идеяны анықтайды;
  • Абай мен Шәкәрімнің шығармаларындағы өзіндік ерекшелікті сипаттайды;
  • Ой жүйелілігін сақтайды;
  • Таза, сауатты жазады.

Кері байланыс: Тапсырманың бұл түрі сіздерге ұнады ма? Тапсырма қаншалықты қиын болды? Бұл тапсырманы орындау арқылы біз неге қол жеткіздік, неден ұтылдық?

С = барлық сынып

Т = топтық жұмыс

ЖЖ = жұптық жұмыс

Ж = жеке жұмыс

Тәж = оқушы тәжірибесі

К = мұғалімнің көрсетуі

Ф = формативті бағалау

Суреттер ғаламтор желісінен алынды.

Сабақтың соңы

2-3 минут

Рефлексия: оқушы өзінің жасаған жұмысы бойынша рефлексия жасайды.

«Рефлексивті нысана». Тақтадағы нысана арқылы өзінің, сыныптастарының, мұғалімнің іс-әрекетін бағалайды.

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу