Өлең – сөздің патшасы. Абай шығармашылығы. Он жетінші қарасөз, отыз екінші қарасөз, отыз үшінші қарасөз. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, сабақ жоспары. 1 сабақ.


САБАҚ:

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім тақырыбы

Өлең – сөздің патшасы. Абай шығармашылығы.

Он жетінші қарасөз, отыз екінші қарасөз, отыз үшінші қарасөз,

Сабақтың түрі

Жаңа сабақ

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

10.1.4.1 - көркем шығармалардан алған үзінділерді ғаламдық тақырыптағы өзекті мәселелермен байланыстыру;

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар

  • Қара сөздерді түсініп оқиды

Көптеген оқушылар

  • Шығармадан өзекті мәселелерді анықтайды

Кейбір оқушылар

  • Үзінділерді ғаламдық тақырыптағы өзекті мәселелермен байланыстырады

Бағалау критерийі

Қара сөздерді түсініп оқиды

Шығармадағы өзекті мәселелерді анықтайды

Ғаламдық тақырыптағы өзекті мәселелермен байланыстырады

Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология: қайрат, кәмелетке жету, ғибадат қылу, күнәкарлық, көрсеқызар, дененің патшасы, мал жұтайды, өнер жұтамайды,

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер: менің пікірімше, мен сені дұрыс түсінсем..., біріншіден, екіншіден, ойымды жинақтай келе, сенің пікіріңмен келісемін (келіспеймін)

Пәнаралық байланыс

Тарих

Мектеп құндылықтары

Академиялық адалдық: өзге адамдардың пікірі мен идеяларына деген құрмет, академиялық адалдық ұстанымдарын сақтау

Осыған дейін меңгерілген білім

Алдыңғы біліммен байланыстыру:

ЖЖ.«Түрлі –түсті хатқалта» арқылы мұғалім алдыңғы біліммен байланыс жасай алады.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

Ұйымдастыру:

-оқушылардың сабаққа қатысын тексеру;

-сабақ мақсатымен таныстыру;

Оқылым алды тапсырмасы:

Оқушыларды сөйлем бөліктері арқылы топқа бөлу.

С

1-топ. «Мен – адамның денесінің патшасымын, қан менен тарайды, жан менде мекен қылады, менсіз тірлік жоқ.

2-топ. Адамның көңілі шын мейірленсе, білім-ғылымның өзі де адамға мейірленіп, тезірек қолға түседі.

3-топ. Егерде мал керек болса, қолөнер үйренбек керек. Мал жұтайды, өнер жұтамайды

Топқа біріккен оқушылар үзіндіні талқылайды, өзіндік пікірін білдіреді.

Келесі қысқартуларды қолданыңыз:

МН =Мұғалімге арналған нұсқаулық

МЖ = Мұғалім жасаған

ӨД = өзге дерек көздері

Сабақтың

ортасы

Оқылым тапсырмасы:

Т Топтарға үш түрлі қарасөз беріледі.

1-топ Он жетінші қарасөз

2-топ Отыз екінші қарасөз

3-топ Отыз үшінші қарасөз

Кері байланыс: Қарасөз мазмұнын түсіндіңіздер ме? Шығарма мазмұнында мағынасы таныс емес сөздер бар ма? Шығарма мазмұны бойынша қандай сұрақтарыңыз бар?

Оқылымнан кейінгі тапсырма:

Т «Әдеби шеңбер» әдісі

Бір топтағы оқушылар рольдерін бөліп алады.

1. Талқы себепшісі – шығарма мазмұны бойынша сұрақ құрастырады (кем дегенде 3 сұрақ) (тақырыбы, идеясы, кейіпкерлері, сюжеті, т.б. бойынша.)

2. Белгілеуші – шығарманың қай бөлімі ең маңызды екенін белгілейді.

3. Байланыстырушы – тақырыпты өмірмен байланыстырады, дәлелдейді.

4. Қорытындылаушы – автор позициясы мен көтерген мәселесін қорытындылайды.

5. Суреттеуші – мәтін желісі бойынша сурет салады

Топ жұмысын бағалау парағы

Топ жұмысы

Бағалаушының пікірі

Шығарма мазмұны бойынша сұрақ құрастырды.

Шығарманың ең маңызды бөлігін анықтады

Шығарманың тақырыбын өмірмен байланыстырды, дәлелдер келтірді

Автор позициясы мен көтерілген мәселені анықтап, өз ойымен қорытынды жасады

Мәтін желісі бойынша сурет салды

С «Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар: олар - надандық еріншектік, залымдық»,-дейді Абай Құнанбаев. Дәйексөз негізінде оқушыларға «5 проблемалық сұрақ немесе 5 неліктен» әдісі ұсынылады.

Оқушылар тапсырманы ауызша орындайды.

С = барлық сынып

Т = топтық жұмыс

ЖЖ = жұптық жұмыс

Ж = жеке жұмыс

Тәж = оқушы тәжірибесі

К = мұғалімнің көрсетуі

Ф = формативті бағалау

Суреттер ғаламтор желісінен алынды.

Сабақтың соңы

2-3 минут

Рефлексия: оқушы өзінің жасаған жұмысы бойынша рефлексия жасайды.

Маған сабақ ұнады, себебі…

Маған сабақ қиын болды,себебі…

Маған сабақ ұнаған жоқ, себебі...

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу