Р.Мұқанова «Мәңгілік бала бейне» әңгімесі. Қазақ әдебиеті, 8 сынып, қосымша материал. 1-сабақ.
Мұғалімге арналған нұсқаулық
Бұл тапсырма оқушылар арасындағы зорлық-зомбылық мәселесін ашық талдау, алдын алуға бағытталған. Тапсырма көркем шығармамен байланыстыра отырып талдау үшін төмендегі ақпарат ұсынылады:
Мектептегі зорлық-зомбылық болады: мектеп ғимаратында; мектеп аумағында; мектепке/мектептен жолында; мектепте өткізілетін шараларға/шаралар жолында; шаралар барысының өзінде; телефон, интернет арқылы. Ұстаздар сияқты оқушылар кез келген дұшпандық әрекеттерге дереу әрекет етуі тиіс, әкімшілікке, ата-анаға хабарлау және әр ұқсас инциденттің мұқият тергеуіне жету қажет. Оқушылар құрбандар және кінәлылар (ренжітушілер) болуы мүмкін. Құрбан рөлінде шын мәнінде кез келгені болуы мүмкін. Бұл дене шынығуы күшті бала, жақсы оқитын және мұғалімдерге ұнайтын бала болуы мүмкін.
Мектептегі зорлық-зомбылық түрлері: психологиялық, физикалық, сексуалды и гендерлік. Психологиялық зорлық-зомбылық – елемеу, қабылдамау, оқшаулау, қорқытуғаға бағытталған әдейі вербалды және мінез-құлықтық әрекеттер, сонымен бірге оқушы мінезіне және оның өзін сыйлау сезімін, өз мәртебесін жоғалтуы.
Психикалық зорлық-зомбылық белгілері: • оқушыны ұстазы немесе оқушылармен елемеуі; • басқа балалардың көзінше келеке ету, кемсітуі; • ренжітетін лақап аттар қою; • бітпейтін ескертулер; • объективті емес бағалар; • бала кінәлы болмауына қарамастан оны айыптау; • баланың жас ерекшеліктеріне сәйкес талаптар; • тұлғаны басып тастайтын нашар қарым-қатынастың кез келген формасы. • балаға қауіп төндірулер; • ата-ана талқылауы; • өтірік, жәбірлеу.
Физикалық зорлық-зомбылық – дене жарақатына немесе бала өліміне келтіретін күш қолдануымен іс-әрекеттер. Күш көрсету белгілері: • соққыға жығу; • сооқы жасау, шапалақ беру; • желкеге қойып қалу; • бүлдіру және заттарды тартып алу; • есірткі, ішімдік қабылдауға баланы тарту; • басын айналдыратын улағыш заттар немесе медициналық препараттарды балаға беру; • баланы қылғындыру немесе суға батыруға тырысу.
Сексуалды және гендерлік зорлық-зомбылық – сексуалды ойнау немесе сексуалды сипаттағы қысымшылық, порнография көрсету және сексуалды байланыс.
Буллинг – бұл балалар ұжымы тарапынан оқушылардың біреуінің ізіне түсу . Буллинг оған агрессивті мінез-құлық, моральдік және күш көрсету, басым болу және мәжбүрлеу, қорқыту және ақша аталап ету кіреді. Бұл ұжым мүшелерінің біреуі ұжым тарапынан қудалауға ұшыраған кездегі құбылыс. Сондықтан ағылшын тілдегі сөзі "буллинг" (bully-мазақтау, қауіп төндіру, қорқыту) соңғы кездері мектептегі жалпыға бірдей қабылданған зорлықз-омбылықты белгілеу болып табылады.
Соңғы кездері жоғары технологиялар таралуымен және интернет құралдарын, ұялы телефондар, әлеуметтік желілер және т.б.қолдануымен балалар арасында буллингінің жаңа түрі – кибербуллинг пайда болды. Кибербуллинг - интернет құралдарын, ұялы телефондар, әлеуметтік желілер арқылы ізін қуу. Зорлық -зомбылыққа ықпал ететін факторлар: жеке ерекшеліктері, отбасының ықпалы, қоғамдастық және мектеп, құрбыластарының ықпалы.
10. Жаттығу. Карта құрастыру. (Бұл сабақ жасөспірімдерге өмірлік жағдайлар туралы әңгіме бастауға көмектеседі). Оқытушы қатысушыларды 4-5 адамнан топтарға бөледі, бір топтарда тек ұлдарды, ал басқаларында-тек қыздарды қосады. Әр топқа өз мектебі картасын салу ұсынылады. Оқушылар сонымен бірге мектеп ауласын немесе мектеп жанындағы көшелерді салғысы келеді. Сосын оқушылар зорлық-зомбылық болатын жерлерді талқыылап, өз карталарына добелгілеуі тиіс және қысқаша зорлық-зомбылықтың нақты қай түрі айтылғандығын айтып беру қажет. Кейбір оқушылар, осы кезде олар ұшырайтын зорлық-зомбылық туралы айтыуы мүмкін. Оқытушы проблеманы шешу үшін тиісті шаралар қолдануға ерекше назар аудатруы тиіс. Оқушыларға карталарды топтар келуі және оларға қарау үшін қабырғаға ілу ұсынылады.
Оқушыларға топтарда талқылауға тапсырма беріледі:
• караталар несімен ұқсас? Немен ажыратылады?
• ұлдар мен қыздар зорлық-зомбылықтың бірдей немесе әртүрлі жерлер және типтерді белгіледі?
• Белгіленген зорлық-зомбылықты болдырмаудың әдістері қандай?
Мұғалім үлкен қағаз парағында оқушылармен бірге жұмыс қорытындыларын жазады: зорлық-зомбылықтың негізгі типтері; ол жасалатын жерлер; оны болдырмау
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?