Р.Мұқанова «Мәңгілік бала бейне» әңгімесі. Қазақ әдебиеті, 8 сынып, қосымша материал. 20-сабақ.


«Мәңгілік бала бейне» - қасіретке толы шығарма

Талай көрерменнің көңілін босатып, жүрегін жылатқан «Мәңгілік бала бейне» пьесасы бүл күнде театрдан да, кинематография саласынан да орын алды. Жазушы-драматург Роза Мұқанованың жұмбаққа толы шығармасын білмейтіндер кемде-кем шығар. 1996 жылы пьеса алғаш рет Қазақтың Мұхтар Әуезов атындағы академиялық драма театрының сахнасында қойылды. Режиссер Болат Атабаев қойған «Мәңгілік бала бейне» пьесасы әлі күнге дейін үлкен аншлагпен өтеді. Қойылымды бір емес, бірнеше мәрте тамашалаған жанның өзі спектакль соңында көзіне жас ала отырып, тәубесіне келеді. «Мәңгілік бала бейне» - күллі қазақ жұртының ауыр қайғысы мен мұңын жамылған шығарма. Ядролық сынақтардың зардабынан мүгедек болған Ләйлә қыздың өмірі сипатталады. Оның туған жері Қарауылдың ащы болмысы мен әлеуметтік жай-күйі бейнеленеді. Ләйлә атомның әсерінен емес, адам баласының ісінен өз өмірімен қоштасады. Қоғамның лас әрекетіне шыдамаған Ләйләмен бірге оның Қарауылы, рухы, ұлты өледі. Мұңға толы шығарма негізінде қазақ киносының қоржыны тағы бір фильммен толықты. 2002 жылы белгілі режиссер Сатыбалды Нарымбетов экранға «Қызжылаған» фильмін шығарады. Жарыққа шыққан бойда фильм кеңінен танылып, халықаралық байқаулар мен фестивальдердің жүлдегері атанып, үздіктердің қатарынан көрінді. Ләйләнің денесі кем болса да, оның жүрегі кең. Ләйлә - жаны тазы, көкірегі көркемдікке құштар жан. Театрдағы Ләйлә бейнесін Данагүл Темірсұлтанова сомдаса, кинодағы бейнесін Аянат Есмағамбетова сомдаған болатын.

Шығарма авторы Роза Мұқанованың айтуы бойынша, Ләйлә бейнесі өмірден алынған. Ол - Семей полигонының құрбаны болған жан. Бір күні Семей өлкесінде туылып, мүгедек болған жандардың суреттері қойылған фотокөрмені аралап жүреді. Қасірет пен мұңға толы аналар мен балалар бейнесінің арасынан Роза Мұқанованың назары бір кішкентай қыздың суретіне түседі. Шамамен, 5-6 жастағы бүлдіршін қыздың көзінен үлкен қасіретті көруге болатындай. Суретке жақындай бергенде, жазушы «Еңлік. Оның жасы 14-те» деген астындағы жазуды оқиды. Түр-әлпеті жас баладай, ал аяқ-қолы өскен қыз жүзі мәңгілік бала бейнені сақтап қалған. Мүгедек қыздың жанары қатты әсер еткені соншалықты, Роза Мұқанова үлкен шығарманы дүниеге әкелді. Театр сахнасындағы қойылымның да, фильмнің де әлі күнге дейін танымалдылығы жоғары. Өте сәтті әрі табысты шығарма. «Мәңгілік бала бейне» - атом сынақтардан зардап шеккен полигон құрбандарының ғана өмірін емес, күллі адамзаттың қасіретін бейнелейтін шығарма.

Суреттер: writers.kz, kino-teatr.kz



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу