Қорқыттың нақыл сөздері. Қазақ әдебиеті, 8 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мектеп:

І Дананың сөзі – ақылдың көзі

Уақыты: мұғалімнің аты-жөні:

Сыныбы: 8 қатысқаны: қатыспағаны:

Сабақтың тақырыбы:

Қорқыттың нақыл сөздері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.3.3.1 шығарманың көркемдік-идеялық құндылығын гуманистік тұрғыдан талдап, әдеби эссе жазу.

Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

  • шығарманың құндылығын гуманизм тұрғысынан талдайды;
  • әдеби эссе жазу жолдарын меңгереді.

Бағалау критерийлері

  • шығарманың көркемдік-идеялық құндылығын гуманистік тұрғыдан талдайды;
  • әдеби эссе жаза алады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар: шығарманың көркемдік-идеялық құндылығын талдап бағалауды үйренеді.

Пән ерекшелігіне сай лексика мен терминология: нақыл сөздер, көркемдік-идеялық құндылық, гуманизм, әдеби эссе т.б.

Диалог пен жазылым үшін қажетті тіркестер: менің ойымша..., гуманизм тұрғысынан келгенде..., шығарманың идеялық құндылығы мынада..., көркемдік құндылығына тоқталсам... т.б.

Құндылықтарды дарыту

Сабақ мазмұны арқылы рухани, адамгершілік құндылықтарымызды бағалау және өзіндік ой-пікірін жеткізе білу дағдылары дамытылады.

Пәнаралық байланыс

Қазақстан тарихымен байланыс. Қорқыт ата кітабының түркі руханиятындағы, ұлттық мәдениеттегі орны.

Сәулет өнері. Қорқыт ата ескерткіші туралы мәлімет.

Алдыңғы білім

Оқушылар осы сабақтың алдында Қорқыт атаның нақыл сөздерінен алынған үзінділерді қайта өңдей отырып креативті жазу тәсілін үйренді.

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

0-2

3-10

1.Сабақ тақырыбы мен мақсаты, бағалау критерийлері таныстырылады.

2. Оқушылардан эссе жайында өздері білетін ақпараттар сұралады, мұғалім тарапынан қосымша мәліметтер беріледі.

1.Эссе түрі қандай? (суреттеу эссе (табиғат, адам), «келісу, келіспеу» эссесі, «артықшылығы мен кемшілігін» талқылау эссесі, «деректендірілген» (аргументативті) эссе, әдеби эссе т.б.)

2. Кіріспе бөлімі 2 ойдан тұра ма? Жалпы пікір – оқырман көңілін аудару мақсатында жазылады және бірнеше сөйлемнен тұруы мүмкін; тезистік пікір – эсседегі талқыланатын негізгі ойлардан тұрады және ол тақырыптық сөйлемге ұқсайды, яғни, оқырманға эссе мазмұны туралы жалпы идеяны береді.

3. Негізгі бөлімде бір немесе бірнеше абзац бар ма? Әр абзацта бөлімдерге бөлінген тақырыпшалар дамытылады, басты ойы талқыланып ашылады. Олардың саны бөлінген тақырыпшаларға байланысты.

4.Қорытынды бөлімі негізгі бөлімде талқыланған мәселелерді қорытып, бір тұжырымға келген сөйлемдерден құралады.

Сонымен қатар эсседе ойдың бірізділігі сақталуы тиіс. Жалғаулық шылаулар мен есімдіктер (сілтеу, жалпылау, т.б.) де орынды қолданылуы қажет.

5.Қорқыт ата ескерткіші туралы бейнематериалды тыңдай отырып эссеге қажетті ақпаратты алу.

МД слайд

Сабақтың ортасы

11-13

14-25

26-27

28-37

3. Жаңа сабақты меңгеру.

Оқушылар Қорқыт атаның нақыл сөздерін қайта оқып, бірін таңдайды. Өздері таңдаған нақылды тарқатып эссеге айналдырып жазады. Мысалы, «Өтірік сөз өрге баспайды», «Менмен, тәкаппар адамды тәңірі сүймейді» т.б.

Эссе тақырыбы: «Қорқыт ата тағылымы»

Кіріспе бөлімі: Адам баласы өз ортасына жақсы мінез-құлқымен ғана қадірлі болмақ. Қадірін кетіретін де қасиеттері бар, соның бірі – өтірік айту. Өтірік - ...

Негізгі бөлімі: Өтіріктің үлкен-кішісі жоқ. Халық даналығы «Өтіріктің құйрығы бір-ақ тұтам» десе, Қорқыт бабамыз ...

Күнделікті өмірде көптеген жағдаяттар кездеседі. Мысалы, ...

Қорытынды бөлім: Өтіріктің ең үлкен «ағайыны» білімсіздік деп білемін...

Қабілеті жоғары оқушылар эссе тақырыбын жан-жақты аша алады, ал қабілеті төмендеу оқушыларға қолдау көрсетіледі.

Дескриптор

  • Қорқыттың нақыл сөздерін шолып оқып шығады;
  • эссе тақырыбын ашатын афоризмін таңдайды;
  • оны эссеге айналдырып жазады;
  • гуманизм тұрғысынан талдайды;
  • эссе құрылымын сақтайды.

4.Оқушылар жазған эсселерін «Автор орындығында» оқиды.

5. Оқушылар мен мұғалім тарапынан кері байланыс беріледі: «Екі жұлдыз, бір тілек».

Қорқыт атаның нақыл сөздері

Қорқыт

күйлерінің бірін

қосып қоюға болады.

Сабақтың аяғы

38-40

6. Рефлексия

«Жолаушының қойын дәптері»

Оқушылар ауызша өз әрекеттерін түсіндіріп, бағалайды.

 Не туралы айттық?

 Не туралы

 жаздық?

 Не түйдік?

 

 

 

 

 

Дифференциация

Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау

Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Денсаулық және техникалық қауіпсіздікті сақтау

Мазмұн бойынша саралау

Кейбір оқушылар бағдарлама бойынша негізгі тақырыппен шектелмей, қосымша ізденіп, бағдарламадан тыс ақпаратқа ұмтылады. Мазмұн бойынша саралау барысында сандық ақпаратқа емес, сапалық мазмұнға көңіл аударып, уақытты тиімді пайдалануға мән берген дұрыс.

«Автор орындығына» шыққан оқушыларға кері байланыс беріліп, олардың жауаптары «Екі жұлдыз, бір тілекпен» бағаланады. Сабақ соңында жинап алынған оқушы жұмыстары критерийлерге сай бағаланады.

Оқушыларға сабақ үстінде смартфон, гаджеттерді рұқсатсыз қолданбау туралы ескертіледі.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу