Қорқыттың нақыл сөздері. Қазақ әдебиеті, 8 сынып, сабақ жоспары. 5-сабақ.
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Сабақ: №5 | Мектеп: | |||||
Пән: қазақ әдебиеті | ||||||
Күні : | Мұғалім: | |||||
Сынып: 8 Т1 | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | ||||
Сабақтың тақырыбы: | Қорқыттың нақыл сөздері | |||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: | А/И4. Шығармашылық жұмыс Шығармадан алған үзінділерді қайта өңдеп, креативті жазады. | |||||
Сабақ мақсаты: | Шығармадан алған үзінділерді қайта өңдейді; Креативті жазба жұмысын орындайды. | |||||
Құндылықтарды игерту: | «Мәңгілік ел» жалпықоғамдық құндылығы:
НЗМ құндылығы:
Аталған құндылықтар сабақ тақырыбы арқылы оқушылардың топтаса және жеке отырып жұмыс жасаулары, сын тұрғысынан ойлай білу, ақпаратты өңдей білу, өзіндік көзқарасын дәлелдей алу дағдылары негізінде жүзеге асады. | |||||
Пәнаралық байланыс: | Ұлттық дүниетаным, әдебиет теориясынан алған білімдерін еркін қолданады. | |||||
АКТ-ны қолдану дағдылары: | презентация | |||||
Бағалау критерийі: |
| |||||
Тілдік мақсаттар | Пән лексикасы және терминология: шығармадан үзінді,креативті жазу, нақыл сөздер, түркі руханияты, құбылыс т.б. Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер: Менің ойымша, үзіндіде көтерілген мәселе... деп ойлаймын; пікіріме мынадай дәлелдер келтіремін; оның мынадай себептері бар; себебін былай түсіндіремін. | |||||
Жоспар | ||||||
Жоспарланатын уақыт | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Дереккөздер | ||||
Сабақтың басы 2 мин | Қызығушылықты ояту Оқушыларhttps://yandex.kz/video/search?filmId=6196766573635498194&text=%D2%9B%D0%BE%D1%80%D2%9B%D1%8B%D1%82%20%D0%B0%D1%82%D0%B0%20bilimland.kz&noreask=1&path=wizardсайтынан (8.15- 9.17) Қорқыттың нақыл сөздері туралы бейнематериал көріп, өзара пікір алмасады. | |||||
Сабақтың ортасы 1 мин 7 мин 8 мин
13 мин 6 мин
| Мағынаны тану Оқушылар сабақтың оқу мақсаты, бағалау критерийі, дескрипторлармен танысады. 1-тапсырма ЖЖ.
Басы – үзіндіде көтерілген мәселе; Үстіңгі сүйектер – негізгі түсініктері; Астыңғы сүйектер – себептері; Құйрығы – мәселенің шешімі.
1-топ. Қорқыт атаның тұрмыстық қажеттіліктерге байланысты нақыл сөздері:
2-топ. Қорқыт атаның ана туралы нақыл сөздері:
3-топ. Тәлім-тәрбиеге байланысты қанатты сөздері:
Ұл жарылқап ас бермес-әке үлгісін көрмесе.
4-топ. Туған жер, елге арналған қанатты сөздері:
Малдың барар жерін ну білер. 2-тапсырма ТЖ. Оқушыларға ғалымдар зерттеулерінен үзінділер беріледі. Оқушылар үзінділерді топта талқылайды, ментальді картаға түйінді ойларды топтастырады. 1-топ. Қорқыт (VIII-IX ғғ.) – оғыз-қыпшақ тайпаларының ұлы ойшылы, батагөй абызы, дәулескер күйшісі, келер күнді болжайтын көріпкел данасы. Қорқыт – оғыз бен қыпшаққа бірдей басалқылық жасаған кемеңгер. «Қорқыт батыр емес, абыз (патриарх), халық даналығын бас болып паш етуші және сақтаушы, оның парасатына дүйім жұрт ден қояды», – дейді В.В. Бартольд. Бұл тұжырымды Қорқыттан жетті дейтін мынандай нақыл сөздер орнықтыра түседі: «Қара есектің басына жүген таққанмен, тұлпар болмас, күңге сары пай шапан жапқанмен, бәйбіше болмас», «Анадан өнеге көрмеген қыз жаман, атадан өнеге алмаған ұл жаман», «Ата даңқын шығарып өзінің тегін қуған балаға ешкім жетпейді», «Өтірік сөз өрге баспайды» (профессор Ә.Қоңыратбаевтың аудармасы). Қорқыт туралы бірден-бір жазба дерек болып табылатын «Қорқыт ата кітабы» былай басталады: «Баят руында Қорқыт ата дейтін білікті, сәуегей адам болыпты. Тәңір зердесіне салған соң оның барлық болжамдары қатесіз болған...оғыз тайпаларында Қорқыт ата ең қиын деген мәселелерді шешкен. Қандай ғана қиын іс болмасын, Қорқыттың кеңесін алмай, ел ешбір жұмысқа қол ұрмаған. Ел оның барлық өсиетін (билігін) бұлжытпай орындаған». Яғни, Қорқыт ата – оғыз-қыпшақ ортасындағы саяси-әлеуметтік мәселелерді шешуде жол көрсетуші бас тұлға. Ол ел ішіндегі жөн-жоралғыны, салт-дәстүрді реттеуші батагөй дана. Халықтың сыртқы жаудан, ішкі даудан аман болуын қадағалаушы ақылгөй. Дүйім жұрттың көш-қонын, мекен тұрағын, ен-таңбасын, ұран-ұжымын белгілеп отыратын білгір. М. Жолдасбекұлы, Қ. Салғарұлы, А. Сейдімбек. 2-топ. http://asyl-bilim.kz/load/p_nder/aza_debieti/or_yt_ata_9/10-1-0-199 Қорқыттың нақыл сөздері Кітаптың кіріспесінде: "Баят руынан Қорқыт ата дейтін білікті, сәуегей адам болыпты... Ел оның барлық өсиетін бұлжытпай орындаған дей келіп, Қорқыт дананың ел аузында қалған нақыл сөздерін келтіреді. Бір таңғаларлығы, осы нақыл сөздер түгелімен қазақ мақал-мәтелдерінде бүгінге дейін айтылады. Мысалы, "Құмды қанша үйгенмен төбе болмас, Қара есектің басына жүген таққанымен, тұлпар болмас". "Күңге сарыпай шапан жапқанмен, бәйбіше болмас". Бұл нақыл сөздер қазақта: "Күл жиылып тас болмас, күң жиылып бас болмас", деп айтылады. Қорқыттағы: "Тозған мақта боз болмас, ежелгі жау ел болмас", қазақ мақалында сол қалпымен жүр. Он сегізінші ғасырда өмір сүрген Махамбет бір өлеңінде Қорқыт атаның ізімен: "Ежелгі жау ел болмас, етектен кесіп жең болмас", - дегені мәлім. Қорқытта: "Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада". Сондай - ақ "Ұлдың кімнен туғанын ана білер, иесінің иісін ат білер". "Сырын білмеген аттың сыртынан жүрме". "Ұл атадан көрмейінше, үгіт алмас, қыз анадан көрмейінше, үлгі алмас" - Қазақ мақалы: "Ата көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер" немесе "Ұяда не көрсе, ұшқанда соны алады", "Көп қорқытады, терең батырады", - ешбір өзгеріссіз айтылады. Бұл киелі сөздер қазақ ұғымына етене жақын, күні кеше ғана шығарылғандай әсер береді. Қорқыттың нақыл сөздері Берлин кітапханасында сақтаулы. "Қорқыт ата кітабы" арқылы аталарымыздың ежелден отбасындағы ананың рөліне ерекше мән бергендігін көреміз. Әйелдердің орта ғасырлық идеалы уақыт сынынан өтіп, бүгінгі күнге де үлгі бола алатындығы қызықты. Кітаптағы ең сүйкімді әйел - отбасының құты (тірегі) болған әйел. "Даладан қонақ келсе, ерінің жоғын білдірмей, сусын беріп, сыйлап аттандырады. Ондай әйелдер мыңдап өссе де, аз". Алма Қыраубаева 3-топ. Қорқыт (Дада Қорқыт) және оның нақыл сөздері Атақты жырау ұлы күйші оғыз – қыпшақ елінің данышпаны ақылгөйі Қорқыт ата өзінің жырлары арқылы ұрпақтарын алауыздықтан аулақ болуға, еңбекті құрметтеуге, ерліктің қадірін біліп, батырлыққа бейімдейді. "Қорқыт ата кітабында” және "Қорқыт жырларында” Қорқыт айтқан афористік қорытындылар да бар. Мысалы: "Атасыз ұл ақылға жарымас, анасыз қыз жасауға жарымас”, "Ақын тілді, ат тұяқты келеді”, "Ескі темір біз болмас, ескі мақта бөз болмас, ежелгі жау ел болмас, өткен өмір оралмас, өлген кісі тірілмес”, "есекті жүгендегенімен жылқы болмас,”, "қорқаққа қылыш жұмсаудың қажеті жоқ” т.б. Қорқыт ата өз ел-жұртының аянышты ауыр халін көріп, одан елді құтқаруды, мәңгі бақи өлмейтін бақытты өмірді аңсайды, төңіректің төрт бұрышын кезеді. Бірақ көктемде жапырағы жайқалып шешек атқан шөптердің қүз келісімен сарғайып солғанын, бір заманда аспанмен тілдескен асқар таулармен мыжырайып шөгіп бара жатқанын, мәуелі ормандардың жапырағы төгіліп, қайғымен қамығып бас шайқағанын көреді; адамзат, жан-жануардың мұң-зарын естиді. Ол қайда барса да көр қазып жатқандарға жолығады, ең ақырында: дүниеде өзгермейтін еш нәрсе жоқ, "сынбас темір жоқ, өлмес өмір жоқ” деген қорытындыға келеді де, өлмейтін өмірді халықтан іздейді. Қорқыт жырының қорытындысы: "өмір барда өлім бар, өзгеру бар, өлмес өмір жоқ, сынбас темір жоқ, бәрі де өледі, өзгереді, ұмыт болады, тек мәңгі-бақи өлмейтін, ұмтылмайтын нәрсе адамның өмірінде істеген игілікті ісінің нәтижесі” дегенді аңғартады. Қорқыт атадан қалған бір сөз мынадай: ”Тәңірге сиынбаған адамның тілегі қабыл болмайды. Тәңірісі құрамаса, ешкімнің бәрі екеу болмайды. Тәңірі пендесінің маңдайына не жазса, сол болады. Оның жазуынсыз адам жамандық көрмейді, ажал келіп, өлмейді. Өлген тірілмейді, кеудеңнен жаның кетсе, ол қайтып келмейді. Жігіт тірісінде қаратаудай қылып, бір күн тыным көрмей дүние жияды, байды. Бірақ соның ішінен ол өзіне тиісті үлесін ғана жейді. Су тарам-тарам болып қаншама тасып аққанымен, теңіздерді толтыра алмайды. Менмен, тәкаппар адамды тәңірі сүймейді. Басқалардан өзін жоғары ұстаған адамға тәңірі бақ бермейді. Баланы балғын шағынан бастап оқытып, жақсылап тәрбиелеу, яғни кішкентайынан тіл алғызу, үлкендерді сыйлауға, ата-ананы қастерлеуге үйретуді көздейді. Қорқыт атаның асыл сөздерінің көбінде тәлімдік идеялар ұшырасады. Өскелең ұрпаққа ақыл-ой, адамгершілік тәрбиесін беруге ерекше көңіл бөледі.
4-топ. https://egemen.kz/article/159640-qorqyt-ata-tulghasy Қорқыт Ата тұлғасы туралы Ұлт тарихындағы кемеңгер, мүбәрәк тұлға Қорқыт мұрасы, ой қазынасы халқымыздың шығармашылық даналығын, философиялық дүниетанымын, таңғажайып күйшілік қабілетін терең танытады. «Қорқыт Ата кітабы» – ұлт тарихы мен мәдениетінің Бас кітабы. Ә.Науаи «Бетіне нұр жауғыр Қорқыт ата еді, түркі ұлысы арасында одан даңқты, одан асқан кісі жоқ еді. Оның даңқы ешкімге жеткізбейтін еді. Өзгешелігі, данышпандық атының көп шығуы, неше жыл өзінен бұрынғыны білуі, неше жыл өзінен соңғыны, келешекті айтып беруі, оның таңқаларлық нақыл сөздері осы күнге дейін бар» дейді. Расында, осынау ұлы шығармада Қорқыт заманында жасаған 366 алып, 24 би, 32 білгір, ел басқарушы туралы нақыл сөздер бар. Солардың кейбіреулерін келтірейік: «Қаратаудай мал жиса да, кісі көзі оған тоймас», «Кекірейгенді тәңір сүймес, көкірегін көтергенге бақ қонбас», «Жас өседі, жарлы байиды», «Өшкен келмейді, өлген тірілмейді», «Қыз анадан көрмейінше үлгі алмас, ұл атадан көрмейінше үгіт алмас», т.с.с. Адам баласының сан ғасырлық тәжірибесінің қорытындысы, ақыл-ой сүзгісінен шыққан ғибратты, мағыналы асыл сөздер ғой. Естінің жан-жүйесін, ой-сезім дүниесін дүр сілкіндіретін күйлі-қуатты ұлы тілектер де мол. Мәселен, Үйірлі Қаратауың жығылмасын, Зәулім бәйтерегің кесілмесін. Тулап аққан мөлдір суың сарқылмасын. Қанаттарыңның ұшы қырқылмасын. Шабар болсаң, ақбоз атың арымасын. Шапқаныңда қара болат қылышың кетілмесін. Шаншарыңда ала найзаң мұқалмасын. Ақ жаулықты анаңның тұрағы пейіш болсын, Ақсақалды бабаңнаң тұрағы жұмақ болсын. Хақ жандырған шырағың сөнбесін, Қадір Тәңірі сені арамызға мұқтаж етпесін! Қорқыт мұрасында жер-су, мал атаулары, әскери өнердің басты ұғымдары жөнінде ел тарихы мен тіл төркіні деректер жеткілікті. Қорқыт Ата – түркі руханияты дүниесіндегі таңғажайып бір құбылыс. Оның тұлғасы мен мұрасы, өнері мен өрендігі – адамзатқа ортақ игілік. Серік Негимов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері 3-тапсырма Ж. Бейнематериал, нақыл сөздер, зерттеу еңбектерден алған үзінділерді қайта өңдеп, «Қорқыт Ата – түркі руханияты дүниесіндегі таңғажайып құбылыс» екенін дәлелдеп, креативті жазба жұмысын жазады. 4-тапсырма ТЖ.,Ж. «Автор орындығы» Оқушылар бір-бірінің жазбаларын оқып танысады. Ең үздігін (әр топтан бір оқушы) сынып алдында оқиды. Қалыптастырушы бағалау. | А парағы, маркерлер, үлестірме парақшалар, слайд http://asyl-bilim.kz/load/p_nder/aza_debieti/or_yt_ata_9/10-1-0-199 | ||||
Сабақтың соңы 3 мин | Рефлексия Үйге тапсырма: https://yandex.kz/video/search?filmId=8905941902708206793&text=%D0%90%D0%BB%D0%BF%D0%B0%D0%BC%D1%8B%D1%81%20%D0%B1%D0%B0%D1%82%D1%8B%D1%80%20%D0%B6%D1%8B%D1%80%D1%8B%20%D1%82%D0%B5%D0%BA%D1%81%D1%82&noreask=1&path=wizardсайтынан «Алпамыс батыр» жырының бейнебаянын тыңдап, сюжеттік жоспарын жазып келеді. | |||||
Қосымша ақпарат | ||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | ||||
Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады. Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады. | Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз. | Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе? Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме? Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма? Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар? | ||||
Оқушылар ғалымдар зерттеуімен жұмыс жасай отырып, өздерінің зертеушілік қабілеттерін дамыта алады. Креативті жазылымдағы ең үздік жұмысты анықтау арқылы оқушылардың сыни ойлау қабілеттері дамиды. | Креативті жазылымдағы ең үздік жұмысты анықтау арқылы өзін, басқаларды әділ бағалауды үйренеді. | Берілген тапсырмалардың ешқайсысы оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндірмейді. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?